Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Нейтронды каротаж

НК өлшеу зондысы нейтрондардың ампулдық көздерінен және бір немесе екі (және одан да жоғары) нейтрондар детекторынан немесе гамма-сәулеленуден тұрады. Жазу нүктесі – бір зондылық аспаптар үшін көздер мен детекторлар арасындағы қашықтықтың ортасы және құрама (екізондылық) аспаптар үшін екі детектор арасындағы орталық.

НК модулі басқа модульдермен еш шектеусіз кешенделеді.

НК өлшеу қондырғыларына қойылатын талаптар:

- реттеуші метрологиялық сипаттама ретінде импульстар есебінің өлшенген жылдамдықтары бойынша есептейтін, сумен қамтылған тау жыныстарының кеуектілігі қызмет етеді;

- сумен қамтылған кеуектілікті анықтаудың диапазоны — 1-40 %;

- негізгі салыстырмалы олқылықты анықтаудың рұқсат етілген шегі іріктеу уақытында - 10000 импульс -±[4,2+2,3(40/kn - 1)] % жоғары емес;

- негізгі салыстырмалы олқылықтың рұқсат етілген шегін анықтау үшін зерттеу режимі (жылдамдық 400 м/ч, қабат жуандығы 1м) 10с уақыты ішінде -±[6,3+2,3(40/kn - 1)] % көп емес;

- Ұңғымадағы темпиратураның өзгеруінен пайда болған өлшеулердің рұқсат етілген қосымша олқылықтары 20 °С тең стандартты мәнімен салыстырғанда әрбір 10 °С негізгі олқылықтан 0,1 аспау керек;

- қоректену кернеулігінің ±10 %-ға өзгеруінен пайда болған анықтаудың қосымша олқылықтары – негізгі олқылық мәнінен 0,2 жоғары емес.

Бастапқы және мерзімді калибрлеудің негізгі үлгілік құралы – кеуек қабаттың үш имитаторынан (ИПП) тұратын УП-НК сынау құрылғысы және тұщы су бар ыдыс болып табылады.

Импульстық нейтронды каротаж

Өлшеу зондысы (ИНК) жылдам (14 МэВ) нейтрондардың сәулелендіргіштеріннен, жылу нейтрондарының бір немесе екі детекторынан немесе гамма-сәулеленуден тұрады. Жазу нүктесі –сәулелендіргіш пен детектор арасындағы қашықтықтың ортасы, екі зондылық аспаптар үшін – детекторлар арасындағы қашықтық ортасы.

ИНК модулі әдетте ГК және ЛМ модульдерімен кешенделеді.

ИНК өлшеу зондыларына қойылатын талаптар:

  • реттеуші метрологиялық сипаттама болып, импульс санының өлшенген жылдамдықтары бойынша есептейтін жылу нейтрондарын (а) және суға қаныққан кеуектіліктің коэффициентін (kn) ұстаудың макроқимасы болып табылады;

  • анықтау диапазоны а и kn - 7,4-22,2 е.з. и 1-40 % сәйкес;

а анықтаудың ортаквадраттық кездейсоқ олқылықтары ±2,5 % жоғары емес, kn - ±2,0 % (абс.) жоғары емес;

  • а анықтаудың жүйелі олқылықтары ±2,5 % жоғары емес, kn - ± 1,5% (абс.) жоғары емес;

  • сәулеленудің нейтронды шығуының, қоршаған орта темпиратурасы мен қоректену кернеулігінің өзгеруімен пайда болған ұстаудың макроқимасын анықтаудың қосымша олқылықтары - әрбір өзгеретін көлем үшін ±2 % жоғары емес;

  • сол көлемдердің өзгеруі кезіндегі кеуектілікті анықтаудың қосымша олқылықтары - ±1 % (абс.) жоғары емес.

Мерзімді калибрлеуді аспапты жөндеуден кейін қолданудың әрбір 3 ай сайын жүргізеді, жөндеу жұмыстары өлшеу диапазонында ұстаудың және суға қаныққан кеуектіліктің микроскопиялық мәнін жүзеге асыратын үш стандартты үлгілерді қолданумен жылдам нейтрондар мен детекторларының сәулеленуін алмастыруды қамтиды.

Стандартты үлгінің бірі ретінде тұщы (минералдануы 0,5 г/л кем) суы бар ыдысты қолданады, оның өлшемі одан тыс қоршаған орта әсеріне ұшырамайды және 1,5м кем емес диаметрде және биіктігі бойынша 2м құрайды.

Далалық калибрлеуді тұщы сумен толтырылған ыдыста, ұңғымаға шығар алдында және ұңғымадан қайтқаннан кейін орындайды.