Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Сабақ 38

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.31

Тақырыбы: Микробүйірлік каротаж (МБК)

Жоспар:

1) Микробүйірлік каротаж (МБК)

2) Әдістің физикалық негізі

МБК барлық іздеу мен барлау ұңғымаларының ашық оқпанында, нақты (детальный) зерттеу интервалдарында БКЗ кешенімен бірге жүргізілетін негізгі зерттеулердің бірі. МБК және МКВ (микрокавернометрия) келесі мәселелерді шешеді:

  • қалыңдығы 10-15мм аз, сазды қабыршақтың және қабаттың жақын (шайылған аймақ) аймағының МЭК анықтайды ;

  • ұңғыма оқпанының диаметрін анықтайды;

МБК және МКВ келесідей геологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • сазсыз теригенді коллекторлардың шайылған аймағының МЭК бойынша Кп жайлы мәлімет алуға;

  • МКВ бойынша (сазды қабыршақтың болуын немесе болмауын) коллекторларды бөлудегі сапалық белгілерін анықтауға;

  • коллекторлар ішінен қатты, өткізгіш емес қабатшаларды бөлуге;

  • коллекторлар қатарына кірмейтін немесе сазды аймақтар, коллекторлық қасиеттері нашар аймақтарды бөлуде;

  • шайылғанаймақтың МЭК бойынша, қалдық мұнай қанықтылық коэффициентін алуды (тасбағанды зертханалық талдау бойынша бекітілген).

Әдістің физикалық негізі

МБК ұңғыма айналасындағы қабаттың меншікті кедергісін үш электродты қондырғы көмегімен анықтайды. Үш электродты зонд (БК-3) ұзынша пішінді үш электродтан тұрады (5.5 сурет). Орталық (негізгі) электрод А0 және оған симметриялы түрде орналасқан екі экранды А1 және А2 электродтардан тұрады. А1 және А2 электродтары бірдей потенциалға ие (UА1=UА0=UА2 ), осының арқасында А0 элетродынан тоқ ұңғыма оқпанына перпендикуляр бағытта тарайды.

сурет – МБК қондырғысының сұлбасы

Мұндай конструкциялы зонд бұрғылау сұйықтығының және сазды қабыршақтың әсерін азайтып, басқа микроәдістерге қарағанда шайылған аймақтың кедергісін нақты анықтайды. Қалыңдығы 1,5см кіші сазды қабыршақтар, өлшеу нәтижелеріне кедергі келтірмейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. МБК қандаи тапсырмаларды шешеді?

  2. МБК қондырғысының сұлбасы түсіндір?

Сабақ 39

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.32

Тақырыбы: ВИКИЗ әдісі

Жоспар:

1) ВИКИЗ әдісі

2) Аспапты –програмалы ВИКИЗ кешенінің сипаттамасы

Аспапты –програмалы викиз кешенінің сипаттамасы :

Өлшеу дипазоны УЭС, Ом • м

Негізгі ......................................................................................1 ÷ 40

Көлемді ...................................................................... 0,55 ÷ 100

Қосымша ................................................................ 0,45 ÷ 200

Ауытқу қателігі , %, кем деген де

Негізгі диапазонда........................................................................ 5

Көлемді ... диапазонда............................................................................. 10

Қосымша... диапазонда.......................................................................... 15

Зеріттелу тереңдігі м ...................................................... до 3

Тігінен шешу қаблеттілігі, м

Негізгі қуаттылықты анықтағанда ........................................... 0,1

Интерпретация үшін ............................................................................ 1

Жуу сұйықтығы минимальдыУЭС, Ом • м........................ 0,1

Ұңғыма диаметр с, м .......................................................... 0,12 ч÷0,3