Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1) кедергі каротаж формуласы?

2) кай электрод жер бетінде орналасады?

Сабақ 32

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.25

Тақырыбы: ИЭМ-36 ұңғымалық инклинометрі

Жоспар:

1) ИЭМ-36 инклинометрі

Цилиндрлік модуль түрінде магнитті емес металдық материалдан жасалған, сыртқы диаметрі 36мм. Аспаптың үстіңгі бөлігінде дәл осы материалдан НК-36 типті кабельдік тұйықтаушыға қосуға арналған головка орнатылған. Аспаптың төменгі бөлігінде магнитті емес материалдан жасалған ұзартқышқа қосылуға арналған кескіш байланыстырушы қарастырылған. Аспаптың ортаңғы бөлігінде өлшеуіш түйіндер мен электрондық сызбалар орналасқан.

ИЭМ-36 аспабы нүктелік тәртіпте ұңғымалық инклинометрия жүргізуге арналған. Ұңғымалық аспаптың қоректенуі, оның жұмысын басқару және өлшенген бұрыш шамаларын көрсету арнайы жер бетілік пульт арқылы жүзеге асады, оған аспап каротажды кабельдің желілері арқылы қосылады. Аспап 0-ден 45 градусқа дейін зенитті еңкею бұрышын және 0-ден 360 градусқа дейін еңкею бұрышының азимутын өлшеуге арналған. Аспап градуировканы қажет етпейді. Аспапты тексеру мен келтіру арнайы тексеру үстелі арқылы жүзеге асады. Параметрлерді тексеру мен келтіру реті толығымен техникалық құжаттарда көрсетілген.

Осы құрал инклинометрияны тек нүктелік режимде өткізуге арналған және олар автономды құрылғылар болып табылады, яғни ұңғымалық аспаптан басқа жер бетілік пульпен жабдықталған, олар өлшемді азимутты және зенитті бұрышты алумен бірге өткізуге мүмкіндік береді.

ИЭМ ұңғымалық приборды басқару пульті

(4 сурет)

ИЭМ ұңғымалық приборды қосу схемасы келесідей тәртіппен өткізіледі, өзара тексерілген желілер (ЦЖК) (ОК) клемаларына қосылады, үшінші желі КИТ схемасы кабельіне қосылады.

ИЭМ – ға арналған схема

пульт

ЦЖК

ОК

ЦЖК

ОК

ЦЖК – центральная жила

кабеля

ОК – общий корпус

Прибордың жазба нүктесі буссол бойынша анықталады. Прибордағы өлшегіш механизімін орналасу нүктесі.

И ЭМ - нің жазба нүктесі

(5 сурет)

Бақылау сұрақтары:

  1. инклинометрдің зениті еңкею бұрышы неше градусқа дейін өлшей алады?

  2. ИЭМ – ға арналған схема айт?

  3. Прибордың жазба нүктесі не бойынша анықталады?

Сабақ 33

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.26

Тақырыбы: спэк - тоқты каротаж аспабы

СПЭК құбырлық электрозондтың негізгі техникалық сипаттамалары (Тоқты каротаж аспабы)

Жоспары:

1) СПЭК тоқты каротаж аспабы.

2) Техникалық сипаттамасы.

СПЭК құбырлық электрозонды А, В және М қорғасын электродтары орналасқан диэлектрикалық материалдан жасалған сыртқы диаметрі 38 мм болатын цилиндрлі модуль түрінде жасалған.Түсіру барысында қолайлы масштабты таңдай аламыз(1:500 1:200) Құралдың ұзындығы мен салмағын КС каротажының электрозондының өлшемдеріне

байланысты түрлендіріледі (1м өлшемді электрозонд пен М1,0А0,1В, А0,1В1,0М түрінде орналасқан элетродтар нұсқасы немесе 0,5м өлшемді электрозонд пен М0,5А0,05В, А0,05В0,5М түрінде орналасқан элетродтар нұсқасы болуы мүмкін). Құралдың жоғары бөлігінде НК-36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан; төменгі бөлігінде – тоттанбайтын болаттан жасалған алмалы-салмалы емес заглушка орналасқан. Құбырлық құралды тоқпен қамтамасыз ету КС каротаж өткізуде жиілігі 12,5 Гц, 5 – 250 мА ауыспалы белгілі тоқты, пульсті БСК – 041-мен жүргізіледі. Құрал 0-ден 1000 Омм-ге дейінгі деңгейдегі тау жынысының көрінерлік кедергісін және -500-ден +500 мВ-қа дейінгі деңгейдегі өздігінен поляризацияланған потенциалдарды өлшеуге, сонымен қатар шегендеуде КС каротажын өткізуге және тоқты каротажды өткізуге арналған. Құрал градуировкалау мен қалпына келтіруді қажет етпейді. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру электродтар арасындағы оқшауланудың кедергісін анықтау үшін әрбір каротаж алдында мегаомметр көмегімен жүргізіледі. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.

Бақылау сұрақтары:

1) СПЭК құбырлық электрозондтың негізгі техникалық сипаттамалары ?

2) Техникалық сипаттамасы?

Сабақ 34

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.27

Тақырыбы: РЕЗИСТИВИМЕТРИЯ

Жоспары:

1) резистивиметрия

2) жұмыс істеу принципі

Резистивиметрия әдісі ұңғымадағы бұрғылау сұйықтығының немесе судың кедергісін анықтаумен түсіндіріледі. Изолятордан жасалған түтікшеге салынған ұзындығы аз зондтар мен резистивиметрия жұмысы жүргізіледі. Ұңғыма бойымен зондтты жылжытқанда түтікше ішіне ұңғыманы толтырып тұрған сұйықтық оңай кіреді, қоршаған жыныстар кедергілерін түтікше қабырғалары қорғайды. Тіркеу КК әдістеріндей болады. Резистивиметр коэффициентінің кедергісі, белгілі сұйықтық ішінде эталондау бойынша анықталады.

сурет – МКЗ қондырғысының зондылық сұлбасы.

Ұңғымадағы бұрғылау сұйықтығының немесе судың кедергілері жайлы мәліметтерді, минерализациясы әртүрлі жер асты суларының ағынының орынын және каротаж диаграммаларын өңдеу үшін қолданады. Бұдан басқа резистивиметрия әдісі, жер асты суларын фильтрациялау жылдамдығын анықтау үшінде қолданылады. Қалыпты жағдайда (жұмыс жасайтын қабат жоқ болғанда) тереңдіктің азаюымен жуу сұйықтығының кедергісі аздап жоғарлайды. Сазды ерітіндінің меншікті кедергісі 1700 м тереңдікте, тығыздығы 1.10 - 1.20 г/см3 кезінде 2.5 Ом*м, ал 2500 м тереңдікте - 1.5 Ом*м жуық.

  • Ұңғымадағы флюидтың құрамын анықтайды.

  • гидрофильді ортада судың келуін анықтайды, ұңғыма оқпанындағы судың минерализациясын анықтау.

  • құбырдың бұзылымдарын анықтау.

  • гидрофильді және гидрофобты су-мұнайлы эмульсия типін ажырату.

Резистивиметрдін жұмыс істеу принціпі

.

Бақылау сұрақтары:

1) резистивиметрия

2) жұмыс істеу принципі

3) МКЗ қондырғысының зондылық сұлбасы сал?

Сабақ 35

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.28

Тақырыбы: Бүйірлік каротажды зондылау

Жоспар:

1) Бүйірлік каротажды зондылау

2) БКЗ мәліметтерін талдау

Қабаттың нақты (истинное) меншікті кедергісі, негізінен, бүйірлік каротаждық зондылау (БКЗ) әдісімен анықталады. Бұл әдісті қолдану барысында ерітінді фильтратының ұңғыма қабырғасына сіңу белдемі де анықталады.

БКЗ әдісінде градиент-зондтардың төмендегі түрлері пайдаланы­лады: табандық – А0,4М0,1N; А1М0,1N; А2М0,5N; А4М0,5N; A8M1N немесе жабындық- N0,1M0,4A; N0,1M1А және т.б. БКЗ диаграммаларын өңдеу нәтижесінде қабаттар дараланып, зондылау қисық сызығы pк=(AO) тұрғызылады.

Қалың және жоғары кедергілі қабаттар үшін зондылау қисық сызығын тұрғызу барысында МК параметрінің орташа мәндері пайдаланылған жөн. Ал, орташа қалыңдықты және жоғары кедергілі қабаттар үшін (6< h<20 м) МК-нің орташа және ең жоғары мәндерін пайдалану керек. Жоғары кедергілі жұқа қабаттар үшін (h<6 м), әдетте, экстремалды зондылау қисық сызықтары тұрғызылады.

БКЗ-нің мәліметтерін талдау (интерпретациялау) барысында тұрғызылған зондылау қисық сызықтары теориялық қисық сызықтары салыстырылып, олардың арасындағы сәйкес келетінінің параметрлері (меншікті кедергі, фильтраттың сіңу белдемі) алынады.

Алынған БКЗ зондылау қисық сызығы алдымен екі қабатты палеткадағы қисық сызықтармен (БКЗ-1) салыстырылады. Егер тәжірибелік БКЗ қисық сызығы палеткадағы ешбір қисық сызықпен сәйкес келмесе, бұл ұңғыма қабырғасына фильтраттың енгенін білдіреді.

БКЗ нәтижелерін мұндай әдіспен талдаудың қарапайымдылығына қарамастан, кемшіліктері де бар.

  1. Тек қана әдеттегі зондтар нәтижелері пайдаланылады. Басқа зондтармен алынған мәліметтерді пайдалануға болмайды.

  2. Өңдеу процесін автоматтандыру мүмкін емес. Сондықтан ұңғыма ашқан жыныстардың меншікті кедергісін анықтау үшін каротаждың басқа түрлері пайдаланылады.

БКЗ әдісін пайдаланудың қолайсыз жағдайлары: қиманың әртектілігі (кедергілері әр түрлі қабатшалардың алмасуы), аса жоғары немесе төмен кедергілі тау жыныстары, ұңғыма жуатын ерітіндінің кедергісінің аз болуы (тұзды ерітінділер). Бұл жағдайларда каротаждың басқа түpлepi пайдаланылады.

ЭК-М электрикалық каротаж аспабы

Ол диаметрі 100мм электрөткізгіш сұйықтықпен толтырылған мұнайлы және

газды ұңғымаларда электрокаротаж жүргізуге арналған.

ЭК-М аспабын басқа әдістермен кешендей беруге болады. МЕГА аспаптар кешенімен бірге және 3 желілі брондалған 6000м лік каротажды кабель арқылы жұмыс істейді.

Аспап Ұзындығы,м Диаметрі, мм Макс. температурасы, °C Макс қысым, МПа Каротаж,жылд м/ч Салмағ,кг

ЭК-М 25 73 120 80 2000 110

ЭК-МТ 25 90 175 80 2000 130

ЭК-М каротаж аспабы

Бақылау сұрақтары:

1) БКЗ қалай жүргізіледі?

2) БКЗ мәліметтерін талдау реттілігі?

3) ЭК-М каротаж аспабы неше бөліктен тұрады?

Сабақ 36

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.29

Тақырыбы: Микрозондылау (МКЗ)

Жоспар:

1) Микрозондылау (МКЗ) әдісі

2) Әдістің физмкалық негізі

МКЗ ашық оқпанда, нақтылау (детальный) интервалын зерттеу кезінде БКЗ кешенімен бірге іздеу мен барлау ұңғымаларында жүргізілетін негізгі әдістер қатарына кіреді.

МКЗ келесі мәселелерді шешеді:

  • БКЗ кешенін талдау кезінде, алынған мәліметтерді растау үшін жуу сұйықтығының МЭК анықтау;

  • сазды қабыршақ және кедергінің радиалды градиенті бар кезінде МКЗ диаграммаларының оңға қарай өсуі байқалады;

  • коллекторлар арасынан қатты өткізбейтін қабатшаларды бөлу;

  • біршама каверна (ойық) беретін шайылатын саздарды бөлу;

  • тасбағанды тереңдікке теңестіру кезінде МКЗ мәліметтері қолданылады;

  • МКЗ мәліметтерін литостротиграфиялық бөлу мен басқа геологиялық құрылымдарын және объектінің басқа қасиеттерін анықтау кезінде қосымша материал ретінде қолданады.

Әдістің физикалық негізі

МЭК негізі ұңғыма айналасындағы қиманы нақтылауда (детальный), меншікті кедергілерді ұзындығы өте аз зондтармен зерттеу болып табылады. Бір-бірінен 2,5 см ара-қашықтықта орналасқан, үш нүктелік электродты зондылау қондырғысы ретінде резенкелі «табан» алынады. Олар екі зондтан тұрады: микро градиент- зонд (МГЗ) A0.025M0.025N және микро потенциал зонд A0,05M.

МГЗ зерттеу радиусы 3-5см жуық, ал МПЗ зерттеу радиусы одан 2-2,5 есе үлкен, яғни 10-12см құрайды. МПЗ қарағанда МГЗ өлшеу радиусы аз болғандықтан оның көрсеткіші сазды қабыршақ және жуу сұйықтығы, ал МПЗ көрсеткішіне ұңғыманың шайылған аймағы әсер етеді. Біздің жағдайымызда сазды қабыршақ кедергісі шайылған аймақтың меншікті кедергісінен үлкен, коллекторларға қарсы МПЗ көрсеткіші МГЗ көрсеткішінен үлкен. Осылай МКЗ бағалау кезінде сапалы материал болып, МГЗ көрсеткішінен МПЗ көрсеткішінің жоғары болуын айтады.

Микрозондтың конструкциясы (а) және КС микропотенциал мен микроградиент зондтарының бір уақытта жазылған диаграма сұлбасы

Бақылау сұрақтары:

1) МКЗ арқылы қандаи тапсырмаларды шешуге боладвы?

2) Әдістің физикалық негізін атаңдар

Сабақ 37

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.30

Тақырыбы: Бүйірлік каротаж

Жоспар:

1) Бүйірлік каротаж

2) жұмыс принцибі

Меншікті кедергілері өте жоғары немесе өте төмен қабаттарда зерттеу жүргізу кезінде, БКЗ кешенін тіркеудегі негізгі кемшілік болып, қимадағы жоғары және төмен кедергілі қабаттардың жиі алмасып келуінен алынған мәліметтерді өңдеу үшін көп деген түзетулерді енгізуді талап етеді. Мұндай жағдай БКЗ тіркеу кезінде қоректендіруші электродтардан тоқ сызықтары жан-жаққа тарайды және олардың қозғалу бағытын бақылау мүмкін емес. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тау жыныстарының кедергілерін өлшеуде фокусталған зондтар қолданады. Фокусталған зондтар қисық сызығын тіркеу-бүйірлік каротаж (БК) деп аталады (сурет 5.4).