Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Сөну бойынша электромагниттік каротаж

СЭМК стандартты технологиясы жазу нүктесі араласқан 400 кГц жиілігінде (ұзындығы 5,8м үлкен зонд) және 2500 кГц (ұзындығы 2,3м орташа теңдіктегі зонд) кем дегенде екі әртүрлі тереңдіктегі зондтармен өлшеулерді жүргізуді қарастырады

Ұңғымалық аспаптар мен жерүсті панельдерге қойылатын талаптар келесілерді анықтайды:

  • реттелетін метрологиялық сипаттама ретінде электромагниттік өрістің өлшенетін сөнуімен байланысты ықтимал меншікті электрлік кедергі (ықтимал меншікті өткізгіштік) болып табылады;

  • ықтимал меншікті кедергіні анықтау диапазоны - 0,5-200 Ом·м;

  • өлшеулерінің рұқсат етілген негізгі олқылықтардың шегі — ±[5+0,05(/н - 1)] %, мұндағы  - есептелген кедергі, н –электромагнитті өрістің сөнуін өлшеудің берілген диапазоны үшін анықталатын УЭС төменгі мәні;

  • Ұңғымадағы темпиратураның 20 °С тең салыстырмалы стандарттық мәніне әрбір 10 °С өзгеруінен пайда болған рұқсат етілген кемшілік – ± (2+3/в) % тең, мұндағы в — сөнуді өлшеудің берілген диапазоны үшін УЭС анықтаудың жоғарғы мәні.

Әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптар ЭМКЗ мен УЭС бүйір каратажының мәліметтері бойынша қабаттар мен ену зонасының болуын анықтауға мүмкіндік беретін интерпретациялық тәуелділіктің болуын қамтиды.

Мерзімді калибрлеуді тексеру столының есебінен тркелетін өлшемдердің белгілі мәндері бар нүктеде көмекші генераторлық катушканың орналасуы кезінде орындайды.

Далалық калибрлеуді жыныстардың 1 и 200 Ом·м тең меншікті электрлік кедергілердің мәндеріне сәйкес келетін екі стандарт-сигналдар бойынша жүзеге асырады.

Диэлектрлік каротаж

ДК аспабы - жақындатылған екі генераторлық немесе бір қабылдау катушкасынан тұратын немесе керісінше, генераторлық және жақындатылған екі қабылдау катушкасынан тұратын, және олар арқылы  (немесе cos, sin/2) фазалардың әртүрлілігін, магниттік өрістің кернеулігін, магнитті өрістің кернеулік амплитудаларын (HZ1 и HZ2), амплитудалардан пайда болатын – амплитудалардың әртүрлілігі немесе қатынасын өлшейтін үшэлементті өлшеу зондысын құрайды. Зондтың ұзындығы – генераторлық және қабылдағыш катушкалар арасындағы қашықтық; зондтың өлшеу базасы – қос генераторлық немесе қабылдағыш қатушкалар арасындағы қашықтық.

Фазалардың әртүрлілігін немесе магнитті өрістің кернеулігін тіркеу кезіндегі жазу нүктесін базаның ортасына жатқызады.

Салыстырмалы фазалық (, cos, sin/2) және салыстырмалы амплитудалық HZ1/HZ2 сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік беретін аспаптарды қолдану ұсынылады, бұл өңдеудің дербестігі мен өлшеулердің (ұңғымаларды, сыйымдылық жыныстарын) геологиялық-технологиялық жағдайлардың ықпалын әлсіретуге; радиалды зерттеулерді қамтамасыз ету үшін зондылардың екі ұзындығынан немесе екі жиілігінен кем емес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қолданылатын жиіліктердің диапазоны 15-60 МГц.

Зерттеулердің түрі тәжірибелік-әдістемелік қолдану кезеңінен шыққан жоқ, сондықтан да аспапты ҰҒЗ басқа модульдерімен кешендеу міндеттері аса маңызды емес.

Қосымша талаптар келесілерді қамтиды:

Бастапқы және мерзімді калибрлеуді фазалардың әртүрлілігінің тәуелділігін және «су-ауа» шекарасынан жою кезінде HZ1/HZ2 амплитудаларының қатынасын алу үшін сумен толтырылған көлемі 4x4x4 м кем емес ыдыста орындайды. Алынған тәуелділіктерді есептелген теориялықпен салыстырады.

Далалық калибрлеуді әуеде , ұңғыма аспабының жерден 1,7м биіктікте және металл заттардан 2м кем емес қашықтықта орналасу кезінде, ортаның ықшам имитаторларының көмегімен жүзеге асырады. Ұқсатқыш мәндер  и HZ1/HZ2 мәтін паспортында көрсетілген.

Зерттеулер басталар алдында және аяқталғаннан кейін ұңғымаларда нуль- және ұңғыма аспабынан немесе сигналдардың орнатылған жерүсті генераторларынан берілетін стандарт-сигналдардың мәнін жазады.

Бақылау сұрақтары .

  1. Электрлік және электромагниттік каротаждың қандай негізгі әдістерін білесіз?

  2. Электрлік каротаждың стандартты зонды дегеніміз не?

  3. БКЗ және ВИКИЗ зондыларының айырмашылығы неде?

  4. БК әдісінде фокусталған зондтарды не үшін қолданады?

Сабақ 30

Тәжірибелік жұмыс № 2.1.23

Тақырыбы: Көрінерлік кедергі әдісі (КК)

Жоспар:

1) Кедергі каротаж әдістерімен жұмыс жасаитын зондтар.

2) зонд коэфициентін анықтау формуласы.

Тау жыныстарын меншікті электрлік кедергілері бойынша бөліп шығуға негізделген электрлік каротаж әдістерін-көрінерлік кедергі әдістері деп аталады. Оларды өлшеу қондырғылары-зондтар көмегімен іске асырылады.

КК әдістерімен жұмыс жасайтын зондтар

Бұрғылау сұйықтығынан және ұңғыманы қоршаған жыныстардан өтетін тоқтың күшін өлшейтін зонд қарапайым, ол бір электродты зонд болып табылады. Бұл зерттеулер тоқты каротаж деп аталады, бір электрод ұңғыма сағасына орналастырып, ал екіншісі кабельге жалғанып (5.1 сурет) ұңғыма бойымен жылжып тоқ күшінің өзгеріс қисығын тіркейді.