Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Бүйір каротаж

БК өткізу үшін бір- немесе көпзондылық аспаптарды, сондай-ақ БК зондылары мен басқа да ЭК және ЭМК әдістерін қамтитын кешенді аспаптарды қолданады. Кешендеудің техникалық шектеулері ұңғымалық аспаптардың ұзындығы болып саналады. Бірыңғай оқшаулау «өрімін» қолдана отырып БК-ды БКЗ-мен кешендеу аса тиімді.

БК аспаптарында үш немесе көпэлектродты (бес-, алты-, тоғызэлектродты) өлшеу зондыларын колданады.

БК зондыларын жазу нүктесі ретінде орталық электродтың ортасы алынады.

БК көпзондылық аспаптарында радиальды бағыттағы жыныстардың электрлік кедергісін бөлуді меңгеру үшін зерттеудің әртүрлі радиустарымен үш- және бес, жеті- және тоғызэлектродты өлшеу зондыларының комбинацияларын пайдаланады.

БК өлшеу зондыларындағы тоқты бағыттауды зонд электродтары потенциалдарын тікелей аппараттық реттеу арқылы немесе зондтың негізгі немесе экранды электродтары арқылы тоқтардан өрістерді құраушыларды өлшеу нәтижелері бойынша есептеу (бағдарламалық) жолымен жүзеге асырады.

БК ұңғымалық аспабына (модуліне) қойылатын талаптар:

  • УЭС өлшеу диапазоны - 0,2-ден 10000 Ом·м дейін;

  • УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген негізгі олқылықтардың шегі ±5 % көп емес;

  • Ұңғымадағы темпиратураның өзгеруінен пайда болған УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген қосымша олқылықтары стандартты мәнімен салыстырғанда әрбір 10 °С негізгі олқылықтан 0,1 аспау керек.

Калибрлеудің негізгі құралдары болып өлшеудің динамикалық диапазонында УЭС -тің имитациясын қамтамасыз ететін кедергілер жинағы түріндегі УЭС ұқсатқыштары болып табылады. Калибрлеуді өткізу үшін кедергілер жинағынан басқа, кедергілердің реостатын, сандық вольтметрді, рулетка мен штангенциркульді (аспап элементтерінің геометриялық көлемдерін бақылауға арналған), үздіксіз тоқ көпірін (УЭС ұқсатқыштарын бақылауға арналған) қолданады.

Далалық калибраторлардың болуы кезінде немесе аспапқа стандартты сигналдар көздері жасалған кезде, далалық калибрлеудің нәтижелері нуль- мен стандарт-сигналдардың мәні және олардың бастапқы және соңғы мерзімді калибрлеу кезінде аспаптың берілген түріне бекітілген мәндердің сәйкес келуі болып табылады.

Бүйір микрокаротаж

БМК аспаптарында түтік тәрізді немесе радиальді-сфералық тоқтың бағытталуымен бүйір микрозондыларын қолданады.

Тоқтың түтік тәрізді бағытталуымен екі- және үшэлектродты микрозондылар кеңінен таралды. Екі электродты бүйір микрозонд кебістің жоғары бетінде Ао орталық электроды мен оны қамтитын және бір мезгілде М өлшеу электроды болып табылатын Аэ экрандық электродынан тұрады. Үшэлектродты зондта Ао мен Аэ электродтары арасында орналасатын қосымша бақылау, өлшеудің М электроды болады. Кері тоқтық В электроды мен N өлшеу электроды ретінде қысу қондырғысының корпусы қызмет атқарады.

БМК зондысының жазу нүктесі ретінде Ао орталық электродының ортасын қабылдайды.

Бүйір микрокаротаждың модулі ҰҒЗ басқа әдістерінің модулімен еш шектеусіз кешенделеді. Зерттеулерді жеке көтеру-түсіру операциясымен, қисық БМК, МК және микрокаверномер аспаптарын көтеруді бір мезгілде тіркей отырып орындайды.

БМК аспаптарының бір және бірнеше зондылық нұсқалары болады. БМК көп зондылық аспаптарында электрлік кедергінің радиалдық бағытта бөлінуін меңгеру үшін зерттеудің әртүрлі радиусты зондыларды немесе азимуттық жазықтықта электрлік кедергінің бөлінуін меңгеру үшін зерттеудің бірдей радиустық зондыларын қолданады.

БМК электродтарын орналастыру үшін оқшаулағыш кебістің МК арналған: диаметрі 190мм ұңғымалар үшін ауданы 100x200 мм және үстінгі қабат қисықтығының радиусы 100 мм, диаметрі одан кем ұңғымалар үшін - 70x190 мм және соған сәйкес -75 мм өлшемдерді қолданады.

БМК ұңғыма аспаптарына қойылатын талаптар:

  • УЭС өлшеу диапазоны - 0,2-ден 10000 Ом·м дейін;

  • УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген негізгі олқылықтардың шегі ±5 %;

  • Ұңғымадағы темпиратураның өзгеруінен пайда болған УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген қосымша олқылықтары 20 °С тең стандартты мәнімен салыстырғанда әрбір 10 °С негізгі олқылықтан ±0,5 % аспау керек.

Міндетті бақыланатын өлшемдер мен көрсеткіштер келесілерді қамтиды:

  • электродтардың оқшаулануының өзара және зонд корпусымен кедергісі, ол 2Мом кем болмау керек;

  • БМК зондыларының салыстырмалы коэффициенттері;

  • әрбір зондты өлшеудің динамикалық диапазонында ықтимал кедергіні өлшеу кезінде негізгі салыстырмалы кемшілік;

  • тұрақтылық стандарт- және и нуль-сигналдар.

Калибрлеудің негізгі құралдары болып УЭС стандартты үлгілері мен ұқсатқыштары болып табылады. Стандартты үлгі ретінде өлшемдері 1x1x2 м кем емес металл бактарға орналастырылған (с = 1-20 Ом·м) аз минералданған су ерітіндісі; ал ұқсатқыш –өлшеудің динамикалық диапазонында УЭС-тің имитациясын қамтамасыз ететін кедергілер жинағы болып табылады.

Калибрлеуді өткізу үшін сонымен қатар өлшеудің үлгілік құралдарын қолданады: мегаомметр (зондылық қондырғының оқшаулануының кедергісін тексеруге арналған); рулетка және штангенциркуль (ұңғыма аспаптары элементтерінің геометриялық өлшемдерін бақылауға арналған); резистивиметр (УЭС стандартты үлгісін анықтауға арналған); үздіксіз тоқ көпірі (УЭС ұқсатқыштарын бақылауға арналған).

Егер бүйір микрозондының коэффициенті қалыпты мәндерден ±5 %-дан жоғары емес айырмашылығы болған жағдайда, ал өлшеудің салыстырмалы кемшіліктерінің сәйкес мәні және стандарт пен нуль-сигналдар қондырғыларының кемшіліктері аспаптың эксплуатациялық құжаттамасында көрсетілген рұқсатнамада болған жағдайда аспап дұрыс деп саналады.