
- •0704000 – «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың
- •Базалық (тірек) конспектісі
- •3 Тақырыптық жоспар
- •Мазмұны.
- •Бақылау сұрақтары .
- •2 Сурет консоль-2 блогы
- •3 Сурет перфопанель блогы
- •4 Сурет исток блогы
- •5 Сурет Үздіксіз қоректену блогы
- •Сабақ 6
- •Сабақ 16
- •Сабақ 19
- •2) Жұмырсымның механикалық сипаттамасы
- •Сабақ 22
- •Сабақ 24
- •Бүйір каротаждық зондылау.
- •Пайда болған полярлану потенциалдарының каротажы.
- •Токтық резистивиметрия.
- •Бүйір каротаж
- •Бүйір микрокаротаж
- •Индукциялық каротаж
- •Жоғары жиілікті индукциялық каротаждық изоөлшемдік зондылау.
- •Сөну бойынша электромагниттік каротаж
- •Диэлектрлік каротаж
- •5.1 Сурет – Электрлік каротаждың әр түрлі зондтары: а, в – қоректендіруші электродтар,
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: спэк - тоқты каротаж аспабы
- •5.4 Сурет - бк-3 зондының сұлбасы
- •Сабақ 38
- •Сабақ 39
- •Аспапты –програмалы викиз кешенінің сипаттамасы :
- •Зонтардың сипаттамасы :
- •5.8 Сурет – өп мәліметтерін жартылай автоматтандырылған тіркеу сұлбасы
- •5.9 Сурет – Құмтасты-сазды қималар үшін өп потенциал қисықтары
- •Сабақ 42-43
- •Интегралдық гамма-каротаж
- •Спектрометриялық гамма-каротаж
- •Нейтронды каротаж
- •Импульстық нейтронды каротаж
- •Импульстік спектрометриялық нейтронды гамма-каротаж
- •Гамма-гамма тығыздылық және литотығыздылық каротаж
- •5.10 Сурет – гк қисық сызығы. А – тау жыныстардың құрамында радиоактивті элементтері бар диаграмма; б – гк дұрыс диаграммасы.
- •5.11 Сурет – ггк ұңғымалық аспабының блок сұлбасы. 1-экран; 2-сәуле көзі; 3- детектор; 4-электронды блок; 5-кабель; 6,7-шағылған гамма кванттар; 8-қысатын қондырғы
- •5.15 Сурет – басты толқындардмен акустикалық каротаж жүргізу сұлбасы.
- •6.6 Сурет – Екі қабылдағыштағы толқындық суретіне (волновых картин) талдау және олардың түрлері
- •Сабақ 51-52
- •Сабақ 53
- •1) Магнитті каротаж
- •Сабақ 57
- •Бөлім 6. Игерілетін (Қолданыстағы) мұнай мен газ ұңғымаларын геофизикалық зерттеудің аппаратурасы мен жабдықтары.
- •Акустикалық каротаж аспабы акц-48
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Қосымша
Бүйір каротаждық зондылау.
БКЗ стандартты технологиясы жүйелі градиент-зондылардың - A0,4M0,1N; А0,1М0,1N; A2,0M0,5N; A4,0M0,5N; A8,0M1,0N бес көрсеткішінің бір көтеру-түсіру операциясын, - бір бағытталған градиент-зондыны (әдетте M0,5N2,0A), - бір потенциал-зонды (әдетте N6,0М0,5А немесе N11,0М0,5А), сондай-ақ ПС пен тоқ резистивиметриясын тіркеуді қарастырады.
Градиент-зондылардың ұзындықтары дара А электродынан М және N қос электродтары арасындағы орташа нүктеге дейінгі арақашықтық ретінде анықталады, соңғысы градиент-зондының жазу нүктесі болып табылады. Потенциал-зондының ұзындығы –жақындатылған дара электродтар арасындағы қашықтық, жазба нүктесі олардың арасындағы орташа нүктеге сәйкес келеді.
Басқа өлшемдер мен типтегі (мысалы, шама-зондылармен) фокусталмаған зондылармен, егер бұндай технология үшін п. 14.1.6. талаптарын қанағаттандыратын метрологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету болған жағдайда БКЗ іске асыруға рұқсат беріледі.
БКЗ модулі кез-келген басқа да модульдермен кешенделе алады. Кешендеу үшін техникалық шектеу болып өлшеу электродтары бар «өрімді» қамтитын ұңғыма аспабының ұзындығы болып табылады.
БКЗ ұңғыма аспабына қойылатын талаптар:
өлшеу диапазоны - 0,2-5000 Ом·м;
УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген негізгі олқылықтардың шегі - ±[2,5+0,004(в/-1)] % жоғары емес, онда в – өлшеу диапазонының жоғарғы мәні, - УЭС өлшенген мәні.
Ұңғымадағы темпиратураның өзгеруінен пайда болған УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген қосымша олқылықтары 20 °С тең стандартты мәнімен салыстырғанда әрбір 10 °С негізгі олқылықтан 0,1 аспау керек.
Бастапқы, мерзімді және далалық калибрлеуді, сондай-ақ ұңғымаларды зерттеуді жалпы талаптарға сәйкес жүргізеді.
МК аспабы әдетте төзімді электро оқшауланған кебісте орналасатын градиент-микрозонл А0,025M0,025N және шама-микрозонд A0,05M, тұрады. Аспаптың корпусы екі зонды үшін екінші (кері) тоқты электрод (В) ретінде және шама-микрозонд үшін өлшеу электроды ретінде қызмет атқарады. Микро әдістердің кешенді ұңғыма аспаптарында бүйір микрокаратаждың өлшеу зондысы орналасатын екінші оқшаулау кебісі болады. Кебістер арасындағы қашықтық микрокаверномердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Градиент-микрозондының ұзындығы – дара А электродынан М және N қос электродтары арасындағы орташа нүктеге дейінгі қашықтық, соңғысы жазба нүктесі болып табылады. Шама-микрозондысының ұзындығы – дара электродтар арасындағы қашықтық; жазба нүктесі ретінде тоқтық және өлшеу электродтары арасындағы ортаны қабылдайды. МК зондыларының қолданыстағы өлшемдері үшін жазба нүктелерін сәйкес келуші деп санайды.
МК модулі ҰҒЗ басқа әдістерінің модульдерімен еш шектеусіз кешенделеді.
Микро әдістер арқылы зерттеулерді жеке түсіру-көтеру операциялары арқылы, қисық МК, БМК және микрокаверномер аспаптарын көтеру кезінде бір мезгілде тіркей отыра орындайды.
Диаметрі 190мм жоғары ұңғымалар үшін микрозондылардың кебісінің өлшемдері 100x200 мм және жоғарғы бетінің қисықтық радиусы 100мм, ал диаметрі аз ұңғымалар үшін 70x190 мм және 75 мм сәйкес болып келеді.
Ұңғыма аспабына қойылатын талаптар:
Микрозондтар үшін УЭС өлшемдерінің көлемі 0,05-тен 40 Ом·м дейін болу керек;
УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген негізгі олқылықтардың шегі - ±[4+0,1(в/-1)] %, онда в – өлшеу диапазонының жоғарғы мәні, - УЭС өлшенген мәні.
Ұңғымадағы темпиратураның өзгеруінен пайда болған УЭС өлшеулерінің рұқсат етілген қосымша олқылықтары 20 °С тең стандартты мәнімен салыстырғанда әрбір 10 °С негізгі олқылықтан 0,1 аспау керек.
Бастапқы, мерзімді және далалық калибрлеуді, сондай-ақ ұңғымаларды зерттеуді 6 Бөлімнің жалпы талаптарына сәйкес жүргізеді. Қосымша талаптар:
Міндетті бақыланатын өлшемдер мен көрсеткіштер келесілерді қамтиды:
электродтардың оқшаулануының өзара және зонд корпусымен кедергісі, ол 2Мом кем болмау керек;
каналдардың түзілу коэффициенттері;
МК зондыларының салыстырмалы коэффициенттері;
әрбір зондты өлшеудің динамикалық диапазонында ықтимал кедергіні өлшеу кезінде негізгі салыстырмалы кемшілік;
тұрақтылық стандарт- және и нуль-сигналдар.
Калибрлеудің негізгі құралдары болып УЭС стандартты үлгілері мен ұқсатқыштары болып табылады. УЭС стандартты үлгісі өлшемдері 1x1x2 м кем емес металл бактарға орналастырылған натрий хлоридінің (с = 1-20 Ом·м) аз минералданған су ерітіндісі; ал ұқсатқыш –өлшеудің динамикалық диапазонында УЭС-тің имитациясын қамтамасыз ететін кедергілер жинағы болып табылады.
Калибрлеуді өткізу үшін сонымен қатар өлшеудің үлгілік құралдарын қолданады: мегаомметр (зондылық қондырғының оқшаулануының кедергісін тексеруге арналған); рулетка және штангенциркуль (ұңғыма аспаптары элементтерінің геометриялық өлшемдерін бақылауға арналған); резистивиметр (УЭС стандартты үлгісін анықтауға арналған); үздіксіз тоқ көпірі (УЭС ұқсатқыштарын бақылауға арналған).
Егер зондтар коэффициенті нақтылардан ±5 %-дан жоғары емес айырмашылығы болған жағдайда, ал өлшеудің салыстырмалы кемшіліктерінің сәйкес мәні және стандарт пен нуль-сигналдар қондырғыларының кемшіліктері аспаптың эксплуатациялық құжаттамасында көрсетілген рұқсатнамада болған жағдайда аспап дұрыс деп саналады.