Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gylymi_zhumys.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.82 Кб
Скачать

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің сипаттамасы және оның қазіргі жағдайы

2.1. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

1993 жылы 23 шілдесінде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылы кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді.

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі - ақша белгісін тұрақтандыру.

1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді.

1992 жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы“ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшке сауданы жүзеге асырушы және халық арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.

Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді. Сонымен

Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген "жұмсақ" несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы - 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 жылы Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.

1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерді біраз қысқартты. Сонымен қатар, өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататынын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер-министр былай деген: "Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады, Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды...

Қазақстанның төңірегіндегі елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде - ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Ресейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.

Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда...

Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек".

Сонымен, Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]