Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gylymi_zhumys.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.82 Кб
Скачать

1. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

1.1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің мынандай типтері кездеседі:

  • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

  • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • Қатар жүретін валюта жүйесі - онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген;

  • Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды;

  • Асқақ валюта жүйесі - онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен, 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан, биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл (не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар, айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен, күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп, Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

Алғашқыда, алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 ж. және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

– алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

– алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тыйым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне, тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдерден алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944 ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құймаларын долларға сатуды ұйғарды, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері.

Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол Американың Америка болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.

Ақша бірлігі - барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Сонымен қатар, ақша бірлігі – бұл ұлттық валюта атауын білдіретін және мемлекетпен белгіленген ақша белгісі болып саналады.

Ақша бірлігінің атауы – теңге, доллар, рубль, марка, фунт, стерлинг, сом және тағы басқалары тарихи қалыптасқан. Мысалы, «рубль» сөзі «рубить» деген сөзден шыққан, себебі ол күміс слитоктан кесіліп алынған және өзінің белгіленген салмағы «гривна» деп аталатын бөлікті білдіреді. Ал «доллар» - «талер» деп аталатын неміс тиынының атауынан шыққан, ал ол «иоахимсталер» деп аталатын Габсбургтер кезеңіндегі австро-венгриялық тиынның атауынан пайда болған, ал ол өз кезегінде Чехия еліндегі күміс өндіретін жердің атауынан алынған.

Монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңда төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері. Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады. Теңге алтын немесе басқа құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.

Ресейде ХVIII-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күмісқұймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, аты да өзгерген жоқ.

Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қарашада шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.

Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда банкноталар мен монеталар Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тетігі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:

а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;

б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп кассалық орталықтары - РКЦ).

Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағынын тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен тұратын (1, 3, 5, сомдық). Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттері қиқым-сиқымға айналып барады.

Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т.с.с.

Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі. Яғни, Ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 сәуірінен бастап осы режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]