Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23-ХБЕС Қарыздар бойынша шығындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
65.02 Кб
Скачать

Капиталдандыруды тоқтата тұру

23. Қаражат қарыздары бойынша шығындарды капиталдандыру объектіні түрлендіру жөніндегі белсенді жұмыста үзіліс болатын ұзақ кезеңдер ішінде уақытша тоқтатыла тұруға тиіс.

24. Қарыздар бойынша шығындар активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметте үзіліс болатын ұзақ кезең ішінде жұмсалуы мүмкін. Ондай шығындарға аяқталмаған объектілерді ұстауға жұмсалатын шығындар жатады. Мұндай шығындар капиталдандыруға жатпайды. Алайда қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру әдетте елеулі техникалық және әкімшілік жұмыстар жүзеге асырылатын кезең ішінде уақытша тоқтатыла тұрмайды. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру сондай-ақ уақытша кідіріс активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үрдісінің қажетті бөлігі болып табылатын кезде де уақытша тоқтатыла тұрмайды. Мысалы, капиталдандыру қорларды қажетті кондицияға жеткізу үшін қажетті ұзақ кезең ішінде, немесе судың жоғары деңгейі көпір салынуын кешеуілдететін ұзақ кезең ішінде, судың жоғары деңгейі сол географиялық аймақ үшін құрылыс салу кезеңі ішінде әдетті болса, капиталдандыру жалғастырылатын болады.

Капиталдандыруды тоқтату

25. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру белгілі бір талаптарға сай келетін активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

26. Объектінің нақты құрылысы аяқталған кезде, күнделікті әкімшілік жұмыстарының одан әрі жалғастырыла беруі мүмкін екеніне қарамастан, ол әдетте мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайын деп саналады. Егер объектіні сатып алушының немесе пайдаланушының талаптарына сәйкес ресімдеу секілді кішігірім жұмыста ғана қалса, оның өзі жұмыстардың іс жүзінде толық аяқталғанын білдіреді.

27. Белгілі бір талаптарға сай келетін актив құрылысының бөліктері аяқталып, әрбір бөлікті басқа бөліктердің құрылысы жалғасып жатқан кезде пайдалануға болатын болса, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру активтің сол бөлігін мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

28. Әрқайсысы жеке пайдалануға жарамды бірнеше ғимараттардан тұратын бизнес-орталығы - басқа құрамдас бөліктер құрылысы одан әрі жалғастырылып жатқан кезде әрбір бөлікті пайдалануға болатын белгілі бір талаптарға сай келетін активтің мысалы. Өзінің кез келген құрамдас бөлігі пайдаланылардан бұрын толық аяқталуға тиіс белгілі бір талаптарға сай келетін актив мысалы компанияның бір алаңда орналасқан түрлі цехтарында рет-ретімен жүзеге асырылатын бірнеша өндірістік үдерістерді біріктіретін өнеркәсіп компаниясы, болат илектеу өндірісі болып табылады.

Ақпаратты ашып көрсету

29. Қаржы есептілігінде мыналар ашып көрсетілуге тиіс:

(а) қарыздар бойынша шығындар үшін қабылданған есеп саясаты;

(b) қарыздар бойынша шығындардың кезең ішінде капиталдандырылған сомасы; және

(с) қарыздар бойынша капиталдандыру жарамды шығындар мөлшерін анықтау үшін пайдаланылған капиталдандыру ставкасы.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ

30. Осы стандарттың қабылдануы есеп саясатының өзгеруіне себеп болса, ұйымның өз қаржы есептілігіне 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателіктер» IAS стандартына сәйкес түзету енгізуі ұсынылады. Және керісінше, осы Стандарт күшіне енгеннен кейін туындаған қарыздар бойынша капиталдандыру өлшемдеріне сай келетін шығындарды ғана капиталдандыруға тиіс.

КҮШІНЕ ЕНЕТІН КҮН

31. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1995 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.