Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23-ХБЕС Қарыздар бойынша шығындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
65.02 Кб
Скачать

23 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Қарыздар бойынша шығындар

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

23 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Қарыздар бойынша шығындар

МАҚСАТЫ

Осы Стандарттың мақсаты - қарыздар бойынша шығындарды бухгалтерлік көрсету әдісін анықтау. Осы Стандарт, негізінен, қарыздар бойынша шығындарды шығыстар ретінде дереу мойындауды талап етеді. Алайда Стандартта баламалы әдіс ретінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыруға жол береді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1. Осы Стандарт қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс.

2. Осы Стандарт 1983 жылы бекітілген 23-«Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру» ІАS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.

3. Осы Стандарт міндеттемелер ретінде қаралмайтын акционерлік капитал (соның ішінде артықшылықты акциялар) жөніндегі нақты немесе болжалды шығындарға қатысты емес.

АНЫҚТАМАЛАР

4. Төмендегі терминдар осы Стандартта аталған мәндерде пайдаланылады:

Қарыздар бойынша шығындар - компания қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық және басқа шығыстар.

Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін әзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.

5. Қарыздар бойынша шығындар:

(а) банк овердрафттары мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайызды;

(b) несиелерге байланысты жеңілдіктер немесе сыйақылар өтелімін;

(с) несие алудың ұйымдастырылуына байланысты жеңілдіктерді немесе сыйақылар өтелімін;

(d) қаржы лизингі жөніндегі, 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандартына сәйкес есептілікте көрсетілген төлемдерді; және

(е) шетелдік валютадағы қарыздар нәтижесінде пайыздар төлеу жөніндегі шығындар түзетуі деп саналатын дәрежеде пайда болатын бағамдық айырмашылықтарды қамтуы мүмкін.

6. Белгілі бір талаптарға сай келетін активтердің мысалдары - тауарлы күйге жеткізуге елеулі уақытты қажет ететін қорлар, өндірістік компаниялар, электр стансалары және инвестициялық меншік. Өзге инвестициялар және қайталанатын негізде және қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде күн сайын көп мөлшерде өндірілетін қорлар белгілі бір талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға әзір активтер де белгілі бір талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.

ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР - ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ

Мойындау

7. Қарыздар бойынша шығындар олар жасалған кезеңдегі шығыстар ретінде мойындалуға тиіс.

8. Есепке алудың негізгі тәртібіне сәйкес қарыздар бойынша шығындар, олар жасалған кезеңдегі шығыстар ретінде несие алу шарттарына қарамастан, мойындалуға тиіс.

Ақпаратты ашып көрсету

9. Қаржы есептілігі қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін қабылданған есепке алу саясатын ашып көрсетуге тиіс.

ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР - ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛАТЫН БАЛАМАЛЫ ТӘРТІБІ

Мойындау

10. Қарыздар бойынша шығындар, олардың 11-параграфқа сәйкес капитал-дандырылатын бөлігінен басқасы, олар жұмсалған кезеңнің шығысы ретінде мойындалуға тиіс.

11. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Қарыздар бойынша шығындардың капиталдандыру үшін рұқсат етілген мөлшері осы Стандартқа сәйкес анықталуға тиіс. (1)

12. Жол беруге болатын баламалы әдіске сәйкес белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар сол активтің бастапқы құнына қосылады. Қарыздар бойынша ондай шығындар, компанияның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін және шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Қарыздар бойынша өзге шығындар олар пайда болған кезеңдегі шығыстар ретінде мойындалады.

__________________________________

(1) Сондай-ақ қараңыз: 2 SIC «Тізбектілік-қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру».