
- •5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет
- •5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет мақсаты
- •Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер
- •Құнсызданудан болған залалдарды тану және реверсивті жазбалар
- •Сату жоспарындағы өзгерістер
- •Ақпаратты қосымша ашып көрсету
- •Сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту
Сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту
В1 Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақылай алмайтын оқиғалар мен жағдайлар болып табылса және кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату бойынша жоспарды орындамақ екендігі жеткілікті расталса, 9-параграфта көрсетілгендей, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту сатуға арналған ретіндегі активті (немесе шығаруға арналған топты) жіктеуге кедергі келтірмейді. Ендеше, 8-параграфта келтірілген кезеңді бір жылмен шектеу туралы талаптан алып тастау мынадай оқиғалар немесе жағдайлар туындайтын мына төмендегі жағдайларға қолданылуы тиіс:
(а) кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарын орындауға міндеттенген күні, ол негізді түрде басқа тараптар (сатып алушы емес) активті (немесе шығаруға арналған топты) беру шарттарын белгілейді деп күтеді, бұл сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайтуға әкеледі, және:
(і) осы шарттарға жауап беру үшін қажет іс-әркеттерді қатаң сатып алу міндеттемесін алғанға дейін бастауға болмайды; және
(іі) қатаң сатып алу міндеттемесінің ықтималдығы бір жыл бойы жоғары;
(b) кәсіпорын қатаң сатып алу міндеттемесін алады, нәтижесінде сатып алушы немесе басқа тарап ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген активті (немесе шығаруға арналған топты) беруге күтпеген жерден шарт қояды, бұл сатуды аяқтауға қажет кезеңді ұлғайтады, және:
(і) бұл талаптарды орындауға қажет іс-әрекеттер уақытында қабылданды, және
(іі) кешеуілдететін факторларды қолайлы шешу күтіледі;
(с) бастапқы бір жыл кезең ішінде ілгеріде мүмкін емес деп саналған жағдайлар туындады; нәтижесінде, ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген актив (немесе шығаруға арналған топ) осы кезеңнің аяғына дейін сатылмады, және:
(і) бастапқы бір жыл кезең ішінде кәсіпорын жағдайлардағы өзгерістерге жауап беру үшін қажет іс-әрекеттер жасайды; және
(іі) жағдайлардағы өзгерістерді ескере отырып, активті (немесе шығаруға арналған топты) негізделген бағамен сату бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі;
(ііі) 7 және 8-параграфтардың критерийлері қанағаттандырылады.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.
Өтімділікке негізделген ұсынуға сәйкес жіктелген активтер үшін есепті күннен кейін он екі айдан асатын кезең ішінде өтеуі күтілетін сомалар кіретін активтер ұзақ мерзімді активтер болып табылады. 3-параграф осындай активтерді жіктеу үшін қолданылады.
Алайда, егер активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақша қаражаты ағындарының пайда болуы, негізінен пайдалануды жалғастырудан емес, сатудан күтілсе, онда олар басқа активтерден түсетін ақша қаражаты ағындарынан мейлінше аз тәуелді болады да, ақша қаражатын құрайтын бірліктің бір бөлігі болып табылатын шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын жеке бірлікке айналады.
Қарастырылатын активтерді қолданылатын басқа ХҚЕС-на сәйкес өлшеуді талап ететін 18 және 19-параграфтар қосылмайды.
Егер ұзақ мерзімді актив ақша қаражатын құрайтын бірліктің бөлігі болып табылса, онда оның өтелетін сомасы 36-ХҚЕС-ына (IАS) сәйкес ақша қаражатын құрайтын бірліктің құнсыздануынан болған кез келген шығын бөлінгеннен кейін танылған баланстық құн болып табылады.
Егер тек актив негізгі құрал немесе 16-ХҚЕС-ына (IАS) немесе 38-ХҚЕС-ына (IАS) сәйкес ол сатуға арналған ретінде жіктелгенге дейін қайта бағаланған материалдық актив болып табылмаса, онда түзету бұл жағдайда қайта бағалау құнының артуы немесе кемуі ретінде есептелуі керек.