Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
105.47 Кб
Скачать

Ақпаратты қосымша ашып көрсету

41 Кәсіпорын ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:

(а) ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;

(b) сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;

(с) 20-22-параграфтарға сәйкес танылған басқа да пайда немесе залалды, егер пайда және залал туралы есептің өзінде бұл жеке көрсетілмесе, онда осы пайда немесе залал кіретін пайда және залал туралы есептің бабын;

(d) егер қолданылса, онда ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) 14-«Сараланымдық есептілік» IAS Халықаралық стандартына сәйкес көрсетілген сегментті ашып көрсетуге тиіс.

42 Егер 26 немесе 29-параграф қолданылса, онда кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданған кезеңде осы шешімге әкелген фактілер мен жағдайлардың сипатын және бұл шешімнің осы кезең және осының алдында көрсетілген кезеңдер қызметінің нәтижелеріне тигізетін әсерін ашып көрсетуге тиіс.

ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

43 Осы Стандарт күшіне енген күннен кейін болашақта осы Стандарт сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын қызметке қолданылуға тиіс. Егер бағалар және осы Стандартты қолдануға қажетті басқа да ақпарат бұл критерийлер бастапқыда қанағаттандырылған уақытта алынған болса, кәсіпорынның осы Стандарт талаптарын осы Стандарт күшіне енген күнге дейінгі кез келген күннен кейін сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын барлық ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын қызметке қолдануына болады.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

44 Кәсіпорын осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер кәсіпорын осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын кезең үшін пайдаланса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.

35 IAS КҮШІН ЖОЮ

45 Осы Стандарт 35-«Тоқтатылатын қызмет» IAS Халықаралық стандартының орнын ауыстырады.

Қосымша А: Терминдердің анықтамасы

Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

ақша қаражатын құрайтын бірлік

Басқа активтерден немесе активтер тобынан түскен ақша қаражатының ағындарынан едәуір деңгейде тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын құрайтын ең аз сәйкестендірілетін активтер тобы.

кәсіпорын компоненті

Операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның қалған бөлігінен айқын оңашалауға болатын ақша қаражатының қызметі және ағыны.

сату шығындары

Қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды және пайдаға салынатын салық бойынша шығыстарды қоспағанда, активтің (немесе шығаруға арналған топтың) шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

қысқа мерзімді актив

Мына критерийлердің біріне жауап беретін актив:

(а) сатылады деп болжанады не ол сатуға немесе кәсіпорынның қалыпты операциялық айналымы барысында пайдалануға арналған;

(b) ол негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталады;

(c) ол есепті күннен кейін он екі ай ішінде сатылады деп болжанады;

(d) егер тек есепті күннен кейін кем дегенде он екі ай ішінде міндеттемелерді өтеу үшін оны ауыстыруға немесе пайдалануға шек қойылмаған болса, ақша қаражаты немесе ақша қаражатына балама актив болып табылады.

тоқтатылған қызмет

Не шығарылған, не сатуға арналған ретінде жіктелген кәсіпорын компоненті,

(а) және жеке маңызды қызмет түрін немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданын білдіреді;

(b) жеке маңызды қызмет түрінің немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданының үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады немесе

(c) тек қана кейіннен қайта сату мақсатымен сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.

шығаруға арналған топ

Осы операцияда берілетін осы активтермен тікелей байланысты бір операцияның немесе міндеттеменің нәтижесінде сату арқылы немесе өзгеше жолмен қосылып топ ретінде шығаруға жататын активтер тобы. Егерде топ 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартының 80-87-параграфтарының талаптарына сәйкес (2004 ж. редакциясында) іскерлік бедел бөлінген ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе егерде бұл ақша қаражатын құрайтын осы бірлік ішіндегі қызмет болып табылса, бизнес біріктірілген кезде сатып алынған іскерлік бедел топқа кіреді.

әділ құн

Мәміле жасауды қалайтын, жақсы хабары бар тәуелсіз тараптар арасында осындай мәміле жасалған кезде активті айырбастауға немесе міндеттемені орындауға болатын сома.

қатаң сатып алу міндеттемесі

Байланыспаған тараппен жасалған, екі тарапты да міндеттейтін және әдетте заңдық жағынан бекітілген, (а) операцияның бағасын және уақытын қоса алғанда барлық маңызды шарттарды айқындайтын, (b) және орындамауға жеткізетін амалды тосқауылдайтын, міндеттемені орындауды барынша ықтимал етуге айтарлықтай жеткілікті келісім.

ықтималдығы жоғары

Жай ғана ықтимал емес, ықтималдығы мейлінше жоғары.

ұзақ мерзімді актив

Қысқа мерзімді активтің анықтамасына жауап бермейтін актив.

ықтимал

Мүмкін емеске қарағанда, мейлінше мүмкінірек.

өтелетін сома

Екі шаманың: сату шығындарын шегергендегі әділ құнның және пайдалану құнының үлкенірегі.

пайдалану құны

Активті пайдалануды жалғастырудан және тиімді пайдалану мерзімінің соңында оның шығарылуынан күтілетін ақша қаражатының есептелетін болашақ ағындарының келтірілген құны.

қосымша В: Қолдану жөніндегі нұсқау

Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.