Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
105.47 Кб
Скачать

Сату жоспарындағы өзгерістер

26 Егер кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктесе, бірақ 7-9-параграфтарда көрсетілген критерийлер бұдан былай қанағаттандырылмаса, онда кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатуға тиіс.

27 Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған (немесе бұдан былай сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кірмейтін) ұзақ мерзімді активті:

(а) актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелгенге дейінгі, егер де актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелмеген болса, танылар еді деген амортизациялау немесе қайта бағалау сомасына түзетілген баланстық құнының және

(b) оның бұдан кейінгі сатпау туралы шешім күні өтелетін сомасының ең азымен өлшеуге тиіс.

28 Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған ұзақ мерзімді активтің баланстық құнының кез келген талап етілетін түзетулерін 7-9-параграфтардағы критерийлер бұдан былай қанағаттандырылмайтын кезеңде жалғастырылып отырған қызметтің пайдасына кіргізуі тиіс. Кәсіпорын мұндай түзетуді, пайда және залал туралы есептің, егер 37-параграфқа сәйкес мұндайлар бар болса, пайда немесе залал көрсетілген сол бабында көрсетуі тиіс.

29 Егер кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтан жеке бір активті немесе міндеттемені алса, онда шығаруға арналған топтың сатылатын қалған активтері немесе міндеттемелері бұдан былай да тек, егер бұл топ 7-9-параграфтардың критерийлеріне жауап берген жағдайда ғана топ ретінде өлшенуге тиіс. Өзге жағдайларда топтың жеке алғанда сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне сай келетін қалған ұзақ мерзімді активтері баланстық және сату шығындарын шегергендегі сол күнгі әділ құнының ең азымен жеке-жеке өлшенуі тиіс. Критерийлерге сай келмейтін ұзақ мерзімді актив бұдан былай 26-параграфқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелмеуге тиіс.

АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ АШЫП КӨРСЕТУ

30 Кәсіпорын қаржы есептілігінің пайдаланушыларына ұзақ мерзімді активтердің (шығаруға арналған топтардың) тоқтатылған қызметінен және шығарылуынан болған қаржы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынуға және ашып көрсетуге тиіс.

Тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну

31 Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс.

32 Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және

(а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады;

(b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады;

(с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.

33 Кәсіпорын мыналарды:

(а) пайда және залал туралы есептің өзінде бір соманы ашып көрсетуге тиіс, ол мыналардан:

(і) тоқтатылған қызметтен салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан;

(іі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан тұрады;

(b) (а) тармағында көрсетілген соманы мыналардан:

(і) тоқтатылған қызметтен салықтарға дейін түсімнен, шығыстардан және пайдадан немесе залалдан;

(іі) 12 IAS Халықаралық стандартының 81(һ)-параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан;

(ііі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған пайдадан немесе залалдан; және

(iv) 12 IAS Халықаралық стандартының 81(һ)-параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан құрайтындарды ашып көрсетуі тиіс.

Құрамдастар жөніндегі талдауды ескертулерде немесе пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетуге болады. Егер ол пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетілген болса, онда тоқтатылған қызметке жатқызылған болып сәйкестендірілген бөлігінде, яғни жалғастырылып отырған қызметтен бөлек көрсетілуге тиіс. Еншілес кәсіпорындар таяуда ғана сатып алған, сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап берген шығаруға арналған топтарды талдаудың қажеті жоқ (11-параграфты қараңыз).

(с) операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру бойынша қызметке жатқызылатын ақша қаражатының таза ағындарын ашып көрсетуі тиіс. Осылайша ашып көрсету сатып алған кезде сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне жауап беретін еншілес кәсіпорындар таяуда сатып алған шығаруға арналған топтар үшін талап етілмейді (11-параграфты қараңыз).

34 Кәсіпорын 33-параграфта талап етілетін, қаржы есептілігінде ұсынылған өткен кезеңдерге қатысты ашып көрсетулерді осылар ең соңғы ұсынылған кезеңдегі есепті күні тоқтатылған бүкіл қызметке қатысты болатындай етіп қайта ұсынуға тиіс.

35 Ағымдағы кезеңде ілгеріде тоқтатылған қызмет құрамында ұсынылған, өткен кезеңде тоқтатылған қызметтің шығарылуына қатысты сомаларға жасалған түзетулер тоқтатылған қызмет құрамында бөлек жіктелуге тиіс. Мұндай түзетулердің сипаты мен сомасы ашып көрсетілуге тиіс. Осындай түзетулер туындауы мүмкін жағдайлардың мысалдарына мыналар жатады:

(а) шығару операциясының шарттары нәтижесінде туындайтын белгісіздікті жою, мысалы, сатып алушымен сатып алу бағасын түзетуді және өтемақы мәселелерін реттеу;

(b) салдары ретінде туындайтын және компоненттің ол шығарылғанға дейінгі қызметіне тікелей қатысты белгісіздікті жою, мысалы, қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер және сатушыда сақталатын өнімдер бойынша кепілдік міндеттемелер;

(с) шығару операциясына тікелей қатысы бар екендігін ескере отырып, зейнетақы жоспарының міндеттемелерін өтеу.

36 Егер кәсіпорын компонентін сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатса, компонент қызметінің ілгеріде 33-35-параграфтарға сәйкес тоқтатылған қызметтің бір бөлігі болып ұсынылған нәтижелері қайта жіктелуге және барлық ұсынылған кезеңдер үшін жалғастырылып отырған қызметтен түскен пайдаға кіргізілуі тиіс. Алдыңғы кезеңдер үшін сомаларға қатысты олардың ұсынылуының өзгергені көрсетілуге тиіс.

Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал

37 Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта өлшеуден болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуға тиіс.

Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету

38 Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін баланста басқа активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері баланста басқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не баланстың өзінде, не 39-параграфпен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Кәсіпорын тікелей меншікті капиталда танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс.

39 Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген критерийлерді қанағаттандыратын еншілес кәсіпорын таяу арада сатып алған болып табылса (11-параграфты қараңыз), онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді.

40 Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс.