
- •5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет
- •5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет мақсаты
- •Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер
- •Құнсызданудан болған залалдарды тану және реверсивті жазбалар
- •Сату жоспарындағы өзгерістер
- •Ақпаратты қосымша ашып көрсету
- •Сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту
5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет
5 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет мақсаты
1 Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт:
(а) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және
(b) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2 Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген өлшеуге қойылатын талаптар 5-параграфта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес өлшенуге тиісті активтерді қоспағанда, барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына (4-параграфта көрсетілген) қолданылады.
3 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS (2003 жылғы редакциясы) Халықаралық стандартына сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Кәсіпорын әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс.
4 Кейде кәсіпорын активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан 5-параграфпен алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді өлшеу жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-параграфтарда баяндалған.
5 Осы Стандарттың өлшеу бойынша ережелері жекелеген активтерге сияқты да емес, шығаруға арналған топтың бір бөлігіне сияқты да емес, аталған стандарттармен реттелетін мынадай активтерге қолданылмайды:
(а) кейінге қалдырылған салықтық активтер (12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS);
(b) қызметкерлерге сыйақылар нәтижесінде пайда болған активтер (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS);
(с) 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» IAS қолданылу аясына кіретін қаржы активтері;
(d) 40-«Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» IAS ұсынылған әділ құн бойынша есепке алу моделіне сәйкес есепке алынатын ұзақ мерзімді активтер;
(e) 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS сәйкес болжанып отырған сату шығыстарын шегергендегі әділ құн бойынша өлшенетін ұзақ мерзімді активтер;
(f) 4-«Сақтандыру шарттары» IFRS айқындалған сақтандыру шарттарына байланысты құқықтар.
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ (НЕМЕСЕ ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ТОПТАРДЫ) САТУҒА АРНАЛҒАН РЕТІНДЕ ЖІКТЕУ
6 Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.
7 Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.
8 Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.
9 Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады.
10 Айырбастаудың 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады.
11 Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) 8-параграфпен көзделген кезеңді бір жылмен шектеу бойынша талап орындалса ғана (9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда), сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де 7 және 8-параграфтардағы осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа критерийдің сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін.
12 Егер 7 және 8-параграфтарда көрсетілген критерийлер есепті күннен кейін қанағаттандырылса, онда кәсіпорын шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл критерийлер есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін қанағаттандырылған болса, онда кәсіпорын бұл ақпаратты 41(а), (b) және (d) параграфтарда көрсетілгендей, ескертулерде ашып көрсетуі тиіс.