Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту

В29 Кейбір шарттар бойынша сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі оларды қолданудың басында, олар бойынша сақтандыру тәуекелі кешірек берілсе де, өткізіледі. Мысалы, белгілі бір инвестициялық кіріс көзделетін және полис ұстаушы үшін инвестиялардан түсімдерді оны өтеу мерзімі басталған кезде сақтандырушы басқа жаңа аннуитенттерге ұсынатын және осы мүмкіндікті полис ұстаушы пайдаланған сәтте қолданылатын аннуитент бойынша ағымдағы ставкалар бойынша өмірлік зейнетақыны сатып алу үшін пайдалану мүмкіндігі енгізілген шартты қарастырамыз. Шарт бойынша сақтандыру тәуекелі осындай мүмкіндік пайдаланылған сәтке дейін сақтандырушыға өткізілмейді, себебі сақтандырушыда осы сәтте сақтандырушыға өткізілетін сақтандыру тәуекелін көрсететін негізде аннуитентті бағалау кезінде таңдау еркі қалады. Дегенмен, егер шартта аннуитент бойынша ставкалар (немесе аннуитент бойынша ставкаларды белгілеу үшін қолданылатын негіз) келісілсе, онда ол бойынша сақтандыру тәуекелі сақтандырушыға осындай шартты қолданудың басында өткізіледі.

В30 Сақтандыру шартының анықтамасына енгізілетін шарт барлық құқықтар мен міндеттемелер орындалғанша немесе мерзімі өткенше осындай болып қалады.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 Тиісті сақтандыру міндеттемелері – бұл сақтандырушының есеп саясаты 16-параграфтағы ең төменгі талаптарды қанағаттандыратын баламалықты тексеруді талап етпейтін сақтандыру міндеттемелері (сондай-ақ сатып алу және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындар)

 Осы мақсат үшін, бір мезгілде бір тараппен жасалған шарттар (немесе қандай да болмасын өзгеше түрде өзара қатысты болып табылатын шарттар) бір шарт ретінде қаралады.