Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Маңызды сақтандыру тәуекелі

В22 Шарт, егер ол бойынша маңызды сақтандыру тәуекелі өткізілген жағдайда ғана сақтандыру шарты болып табылады. В8-В21-параграфтарында сақтандыру тәуекелі қарастырылады. Келесі параграфтарда сақтандыру тәуекелі маңызды болып табылатыны не табылмайтыны қаралады.

В23 Сақтандыру тәуекелі, егер сақтандырған оқиға нәтижесінде сақтандырушыға коммерциялық маңызы жоқ жағдайларды қоспағанда, кез келген негізде маңызды қосымша сыйақы төлеуге тура келген жағдайда ғана маңызды болады. Егер маңызды қосымша сыйақылар коммерциялық мазмұны бар жағдайларда төлеуге жатса, онда алдыңғы сөйлемдегі талап, тіпті егер шартты ақша ағындарының межелі (яғни, ықтималдылық негізінде өлшенген) келтірілген құны шарт бойынша қалған ақша қаражаты ағындарының межелі келтірілген құнымен салыстырғанда шамалы болып табылса да, орындалуы мүмкін.

В24 В23-параграфында келтірілген қосымша сыйақылар, егер сақтандыру оқиғасы болмаса, төлеуге жататын сомалардан артық сомаларға жатқызылады (коммерциялық мазмұны бар жағдайларды қоспағанда). Осы қосымша сомаларға шағымдарды қарау және оларды бағалау шығындары кіреді, бірақ мыналар қосылмайды:

(а) полис ұстаушыдан болашақ қызмет көрсетулер үшін ақы алу мүмкіндігінің шығыны. Мысалы, инвестицияға байланысты сақтандыру шарты бойынша, полис ұстаушының қайтыс болуы сақтандырушының бұдан әрі инвестициялауды басқару жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынбайтынын және ол үшін ақы алмайтынын білдіреді. Дегенмен, өзара қормен болған, оның басқарушысы клиенттің қайтыс болуы мүмкіндігіне қатысты сақтандыру тәуекелін қабылдаған жағдайдағыдай сақтандырушының экономикалық шығыны сақтандыру тәуекелін көрсетпейді. Сондықтан инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақылар шығындарының әлуеттік мүмкіндігі шарт бойынша сақтандыру тәуекелі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болып табылмайды.

  1. қайтыс болған жағдайда шарт тоқтатылған немесе одан бас тартқан жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту. Осы шығыстар шарттың нәтижесінде туындағандықтан, онда осы шығыстардан бас тарту полис ұстаушыға болған тәуекел үшін өтем жасамайды. Сондақтан олар шарт бойынша сақтандыру тәуекелі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болмайды;

  2. туындаған кезде шартты ұстаушы маңызды шығындар көтермейтін оқиғаға қатысты төлем. Мысалы, егер нәтижесінде полис ұстаушы бір ақша бірлігіне тең шамалы экономикалық шығын көтеруі нәтижесінде активке нақты шығын келсе, сақтандырушы бір миллион ақша бірлігін төлеуі тиіс шарт бар. Осы шарт бойынша полис ұстаушы сақтандырушыға бір ақша бірлігінің шамалы шығын тәуекелін өткізеді. Сол уақытта шарт, егер белгілі бір оқиға болса, эмитент 999 999 ақша бірлігін төлеуі тиіс сақтандыру емес тәуекелін жасайды. Эмитент полис ұстаушыдан маңызды сақтандыру тәуекелін қабылдайтындықтан, осы шарт сақтандыру шарты болып табылады;

  3. қайта сақтандыру шарты бойынша алынған шығындарды өтеу мүмкіндігі. Сақтандырушы оларды бөлек есепке алуы тиіс.

В25 Сақтандырушы шарттар бойынша сақтандыру тәуекелінің маңыздылығын қаржылық есептілік негізінде олардың маңыздылығы негізінде емес, жеке негізде бағалауы тиіс. Осылайша, сақтандыру тәуекелі, тіпті, барлық есепке алынған шарттар бойынша маңызды шығындардың ең төменгі ықтималдылығы болған жағдайда да маңызды болуы мүмкін. Шарттардың жеке негізде осылай бағалануы шарттарды сақтандыру шарттары ретінде жіктеуді жеңілдетуге көмектеседі. Дегенмен, егер шағын шарттардың біртекті тобы сақтандыру тәуекелдері өткізілетін шарттардан тұратыны белгілі болса, онда сақтандырушының шамалы сақтандыру тәуекелі өткізілетін туынды емес құралдар болып табылатын бірнеше шарттарды анықтау үшін осы топтың әрбір шартын жеке талдауы үшін талап етілмейді.

В26 В23-В25-параграфтардан, егер осы шарт бойынша қайтыс болу жағдайы бойынша өмір сүру кезінде төленетін сомадан асатын өтем төленсе, онда осы шарт қайтыс болу жағдайы бойынша қосымша төлемдер шамалы болған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты болып табылатынын (бұл шарттардың барлық тобына емес, шарттың өзіне қатысты бағаланады) айтуға болады. В24(b)-параграфта аталып өткендей, қайтыс болған жағдайда шарт тоқтатылған немесе одан бас тартылған жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту, егер осы бас тарту нәтижесінде полисті ұстаушыға болып отырған тәуекел өтелмесе, осындай бағалауға кірмейді. Осылайша полисі ұстаушының өмірінің қалған кезеңі ішінде жүйелі төлемдер жүргізілетін зейнетақы шарты қалған өмір сүру кезеңіне қатысты жиынтық төлемдер шамалы болып табылатын жағдайларды қоспағанда сақтандыру шарты болып табылады.

В27 В23-параграф қосымша сыйақыларға жатқызылады. Осы қосымша сыйақыларға, егер сақтандырылған оқиға ерте болса және төлем ақшаның уақытша құнын ескере отырып түзетілмесе, сыйқыларды мерзімінен бұрын төлеу жөніндегі талап кіруі мүмкін. Белгіленген сомаға өмірлік сақтандыру осының мысалы болып табылады (басқаша айтқанда, қайтыс болған жағдайда белгіленген төлемдер жүргізілетін және өтеудің аяқталу мерзімі жоқ сақтандыру). Полис ұстаушы қайтыс болуы анықталды, бірақ қайтыс болу күні анықталмаған болып қалады. Сақтандырушы, тіпті егер тұтастай алғанда шарттар тобы бойынша шығын болмаса да, ұстушылары қайтыс болған жекелеген шарттар бойынша шығынды көтереді.

В28 Егер сақтандыру шарты депозиттік және сақтандыру құрамдарына бөлінсе, онда өткізілетін сақтандыру тәуекелінің маңыздылығы сақтандыру құрамы негізінде бағаланады. Қондырылған туынды құрал бойынша өткізілетін сақтандыру тәуекелінің маңыздылығы қондырылған туынды құрал негізінде бағаланады.