Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Сақтандыру шарттарының мысалдары

В18 Төменде өткізілетін сақтандыру тәуекелі едәуір болуы шартымен сақтандыру шарттары болып табылатын шарттардың мысалдары келтірілген:

(а) мүліктің ұрлануы немесе залал келтіру жағдайына сақтандыру;

  1. тауар өндірушілердің жауапкершілігін, кәсіби жауапкершілігін, азаматтық жауапкершілігін сақтандыру немесе сот шығыстарын сақтандыру;

  2. өмірді сақтандыру және жерлеу бойынша шығыстардың сақтандыру жоспарлары (қайтыс болу белгісіз болса да, қайтыс болған немесе өмірді сақтандырудың кейбір түрлері үшін сақтандырумен қамтылған кезең ішінде қайтыс болған сәт белгісіз болып табылады);

  3. өмірлік зейнетақылар және зейнетақылар (яғни, олар бойынша туындауы белгісіз болашақ оқиғаға (аннуитенттің немесе зейнеткердің өмірі) қатысты өтем аннуитентке немесе зейнеткерге керісінше жағдайда оның өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін белгілі бір өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін қамтамасыз етілетін шарттар);

  4. мүгедектікті сақтандыру және медициналық сақтандыру;

  5. кепілдік бондтары, алаяқтық, басшылық пен қызметкерлер тарапынан талан-тараж тәуекелдерін сақтандыру, міндеттемені табысты орындауды сақтандыру, оферттерді орындауды сақтандыру (яғни олар бойынша өтем ұсынылатын, егер басқа тарап шарттық міндеттемелерді орындай алмаса, мысалы, үй салу міндеттемесін);

  6. белгілі бір борышкер борыштық құралдың бастапқы немесе өзгерген мерзімдердің басталуы кезінде төлемдерді жүзеге асырмауына байланысты келтірілген шығынның иесіне өтем үшін белгілі бір төлемдер көзделетін кредиттік сақтандыру. Осындай шарттардың кредиттер бойынша міндеттемелерін немесе сақтандыру шарттарын орындамауға қатысты әр түрлі қаржылық кепілдік беру, аккредитив, туынды құралдар сияқты заңдық нысандары болуы мүмкін. Сөйіп, мұндай шарттар сақтандыру шартының анықтамасына жауап бергенмен, олар сондай-ақ 39 IAS-та қаржылық кепілдік шартының анықтамасына сай келеді және осы Стандарттың емес, 32 IAS пен 39 IAS қолданысына түседі (4(d)-параграфқа қараңыз). Дегенмен де, егер қаржылық кепілдік шартының эмитенті мұндай шарттарды сақтандыру шарттары деп санайтынын мәлімдесе және сақтандыру шартына қатысы есеп рәсімдерін пайдаланса, ол мұндай қаржы кепілдігінің шарттарына 32 IAS пен 39 IAS немесе осы Стандартты қолдануды таңдай алады.

  7. өнімге кепілдік беру. Өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы сатқан тауарларға басқа тарапқа ұсынылған өнімге кепілдіктер осы Стандартты қолдану аясына кіреді. Дегенмен тікелей өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы ұсынған өнімге кепілдіктер оның қолданылу аясына кірмейді, себебі олар 18-«Түсім» IАS және 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS қолдану аясына кіреді;

  8. меншік иесі мәртебесін сақтандыру (яғни, жерге меншік иесі мәртебесінің кемшіліктерін анықтау жағдайына сақтандыру, олардың болуы сақтандыру шартын жасау сәтінде айқын болмаған). Осы жағдайда сақтандыру оқиғасы ақаудың өзін емес, меншік иесі мәртебесінің ақауын анықтау болып табылады;

  9. саяхаттау уақытына сақтандыру (яғни, полис ұстаушыларына олардың саяхаттау уақыты ішінде келтірілген залалды ақша қаражатымен немесе заттай нысанда өтеу). В6 және В7-параграфтарында осындай түрдегі шарттар қарастырылады;

  10. егер белгілі бір оқиғалар облигациялардың эмитентіне жағымсыз әсер етсе, негізгі соманың, пайыздардың сомаларын немесе қандай да болмасын басқа сомалардың төлемдерін азайту көзделетін апаттар бойынша облигациялар (келісілген оқиға едәуір сақтандыру тәуекелін жасамаса, мысалы, егер осындай оқиға пайыздық ставканы немесе валютаның айырбас бағамын өзгерту болып табылса);

  11. негізінде төлемдердің мөлшері климаттық, геологиялық немесе шарт тараптарының біріне жатқызылатын басқа физикалық айнымалыларға негізделетін сақтандыру своптары және басқа шарттар;

  12. қайта сақтандыру шарттары.

В19 Төменде сақтандыру шарттары болып табылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:

(а) сақтандыру шартының заңды нысаны бар, бірақ сақтандырушыны сақтандыру тәуекеліне ұшыратпайтын инвестициялық шарттар, мысалы, негізінде сақтандырушы қайтыс болудың едәуір тәуекеліне ұшырамайтын өмірді сақтандыру шарттары (осы шарттар сақтандырылмайтын қаржы құралдары немесе қызмет көрсету ұсынылатын шарттар болып табылады, В20 және В21-параграфтарын қараңыз);

  1. сақтандырудың заңды нысаны бар, бірақ барлық маңызды сақтандыру тәуекелін полис ұстаушыға заңдық күші бар және жоюға жатпайтын, полис ұстаушы жүзеге асыратын, сақтандырылған шығындарға тікелей қатысты болашақ төлемдерді түзететін механизм арқылы кері өткізілетін шарттар, мысалы, кейбір қаржылық қайта сақтандыру шарттары немесе кейбір топтық шарттар (осындай шарттар әдетте сақтандыру емес қаржылық құралдар немесе қызмет көрсету шарттары болып табылады, А20 және В21-параграфтарды қараңыз):

  2. өзін-өзі сақтандыру, басқаша айтқанда сақтандырумен өтелуі мүмкін тәуекелді өткізбеу (сақтандыру шарты болып табылмайды, себебі басқа тараппен келісім жоқ);

  3. егер туындауы белгісіз, бірақ полис ұстаушыға жағымсыз әсер ететін оқиғаның болуы төлем үшін міндетті шарт талабы ретінде болуы талап етілмейтін келісілген оқиға болса, өтем бөлу талап етілетін шарттар (құмар полистер сияқты). Дегенмен бұл қайтыс болу немесе жазатайым жағдай сияқты келісілген оқиға келтірген шығынды сандық бағалауды көрсететін өтемнің мөлшерін алдын ала белгілеуге кедергі жасамайды (В13-параграфты қараңыз);

  4. тараптардың бірін сақтандыру емес, қаржылық тәуекелге ұшырататын туынды құралдары, себебі олар бойынша тараптардың бірі бір немесе бірнеше айналмалылардың: белгілі бір пайыздық ставканың, қаржы құралы бағасының, тауардың бағасын белгілеудің, валютаның айырбас бағамының, кредиттік бағалардың немесе ставкалар индексінің, кредиттік рейтингтің немесе кредиттік индекстің немесе басқа айналымалының өзгерісіне негізделген төлемдерді қаржылық емес айнымалы жағдайында ол шарттық бойынша тараптарға жатқызылмау шартымен жүзеге асыруы талап етіледі (39 IАS қараңыз);

  5. қаржылық кепілдік беру шарты (немесе аккредитив, кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалмауына қатысты туынды құрал немесе кредиттік сақтандыру шарты), ол бойынша, тіпті егер ұстаушы борышкердің уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауы салдарынан шығын келтірмесе де, өтем төлеу талап етіледі (39 IАS қараңыз);

  6. төлем шарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға (әдетте метеорологиялық туынды құралдар деп аталатын) негізделетін шарттар;

  7. негізгі соманың, пайыздар сомасының немесе шарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға негізделген қандай да болмасын соманың төлемдерін азайту көзделген апаттық облигациялар.

В20 Егер В19-параграфта жазылған шарттар қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді құраса, онда олар 39 IАS қолдану аясына кіреді. Бұл басқаша алғанда шарт бойынша тараптардың кейде депозиттік есепке алу деп аталатын есепке алуды пайдаланады, онда:

(а) тараптардың бірі алынған өтемді түсім ретінде емес, қаржылық міндеттеме ретінде таниды;

(b) ал басқа тарап төленген өтемді шығыс ретінде емес, қаржылық актив ретінде таниды.

В21 Егер В19-параграфта жазылған келісім-шарттар қаржылық активті немесе міндеттемелерді құрамаса, онда 18 IАS қолданылады. Егер операцияның нәтижесі сенімді түрде бағаланса, 18 IАS сәйкес қызмет көрсету болжанған операция бойынша түсім, операцияның аяқталу сатысы негізінде танылады.