- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сақтандыру шарттары
- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
- •Күшіне ену күні және осы стандартқа өту
- •Қаржы активтерін қайта жіктеу
- •Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар
- •Заттай нысандағы төлемдер
- •Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден айырмашылығы
- •Сақтандыру шарттарының мысалдары
- •Маңызды сақтандыру тәуекелі
- •Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту
Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден айырмашылығы
В8 Сақтандыру шартының анықтамасында осы Стандарт шартты ұстаушыдан эмитентке өтетін қаржы тәуекелінен өзгеше тәуекел ретінде айқындайтын сақтандыру тәуекеліне сілтеме бар. Эмитентті қаржы тәуекеліне ұшырататын, біршама сақтандыру тәуекелі жоқ шарт сақтандыру шарты болып табылады.
В9 А қосымшадағы қаржы тәуекелінің анықтамасына қаржылық және қаржылық емес айнымалылар тізбесі кіреді. Осы тізбеге шарт бойынша тараптарға жатқызылмаған, белгілі бір аймақтағы зілзаладан шығындардың индексі немесе белгілі бір қаладағы температуралар индексі ретіндегі қаржылық емес айнымалылар кіреді. Тізбеге шарт бойынша тараптарға жататын шарт бойынша тарапқа тиесілі активті бүлдіретін немесе бұзатын өрттің туындауы немесе туындамауы сияқты қаржылық емес айнымалылар кірмейді. Сонымен бірге қаржылық емес активтің әділ құнының өзгеру тәуекелі, егер әділ құн осындай активтердің (қаржылық айнымалы) нарықтық бағаларының өзгерісін ғана емес, сонымен қатар шарт бойынша тарап ұстап тұратын белгілі бір қаржылық емес активтің (қаржылық емес айнымалы) жай-күйін де көрсетсе, қаржы тәуекелі болып табылмайды. Мысалы, егер белгілі бір автомобильдің тарату құнына кепілдік беру гарантты автомобильдің нақты жай-күйі өзгерістерінің тәуекеліне ұшыратса, онда осы тәуекел қаржылық емес, сақтандыру тәуекелі болып табылады.
В10 Кейбір шарттар бойынша сақтандырушы сақтандыру тәуекелімен қатар қаржы тәуекеліне ұшырайды. Мысалы, көптеген өмірді сақтандыру шарттары полисті ұстаушылардың ең төменгі кірістілігіне кепілдік береді (қаржы тәуекелін жасай отырып) және сол сияқты қайтыс болған жағдай бойынша, кейде полис ұстаушының шотындағы баланстан біршама асып түсетін төлемдерді жасау міндеттемесі болады (қайтыс болу тәуекелі түріндегі сақтандыру тәуекелін жасай отырып). Осындай шарттар сақтандыру шарттары болып табылады.
В11 Кейбір шарттар бойынша сақтандырылған оқиға баға индексіне қатысты сомаларды төлеуге әкеп соғады. Осындай шарттар сақтандыру шарттары болып табылады, бұл ретте сақтандырылған оқиғаға қатысты төлемдердің көлемі едәуір болуы мүмкін. Мысалы, өмір сүру деңгейіне байланысты өмірлік зейнетақы сақтандыру тәуекелін өткізеді, себебі төлем туындауы белгісіз оқиға – аннуитенттің өміріне қатысты болады. Бағаларға байланысты болу қондырылған туынды құрал болып табылады, бірақ ол сондай-ақ сақтандыру тәуекелін өткізеді. Егер өткізілетін сақтандыру тәуекелі едәуір болса, онда қондырылған туынды құрал сақтандыру шартының анықтамасына сай болады және осы жағдайда оны әділ құн бойынша бөліп алу және өлшеу талап етілмейді (Стандарттың 7-параграфын қараңыз).
В12 Сақтандыру тәуекелінің анықтамасында сақтандырушы полис ұстаушыдан қабылдайтын тәуекелге сілтеме бар. Басқаша айтқанда, сақтандыру тәуекелі – бұл болып отырған, полис ұстаушыдан сақтандырушыға өтетін тәуекел. Осылайша, шартта жасалатын жаңа тәуекел сақтандыру тәуекелі болып табылмайды.
В13 Сақтандыру шартының анықтамасында полис ұстаушыға жағымсыз әсерге сілтеме бар. Анықтама сақтандырушы төлемдерінің мөлшерін жағымсыз әсер етудің қаржылық ықпалына тең сомамен шектемейді. Мысалы, анықтама полис ұстаушыға бұзылған ескі активті жаңасына ауыстыру үшін жеткілікті өтем төленетін «ескі үшін жаңа» сақтандыру өтемін жоққа шығармайды. Анықтама дәл солай, өмірлік сақтандыру шарты бойынша төлемдердің мөлшерін қайтыс болған адамның асырауындағыларға келтірілген қаржылық залалға тең сомамен шектемейді және алдын ала анықталған сомаларды төлеу төлем мөлшері қайтыс болуы немесе жазатайым жағдай салдарынан келтірілген шығынды сандық бағалау болып табылуы үшін кедергі жасамайды.
В14 Кейбір шарттар бойынша, егер туындауы белгісіз ескертілген оқиға болса, өтем төлеу талап етіледі, бірақ полис ұстаушыға міндетті талап ретінде жағымсыз әсер етудің болуы талап етілмейді. Осындай шарт тіпті, егер полис ұстаушы осы шартты оның негізінде жатқан тәуекелге ұшырауды төмендету үшін пайдаланса да, сақтандыру шарты болып табылмайды. Мысалы, егер полис ұстаушы туынды құралды құралдың негізінде жатқан, кәсіпорынның активінен ақша қаражатының қозғалысына байланысты қаржылық емес айнымалыны хеджирлеу үшін пайдаланса, онда туынды құрал сақтандыру шарты болып табылмайды, себебі өтем төлеу полис ұстаушы активтен ақша қаражаты ағындарының азаюы салдарынан жағымсыз әсерге ұшырағанына не ұшырамағына қатысты болмайды. Және керісінше, сақтандыру шартының анықтамасында туындауы белгісіз және полис ұстаушыға жағымсыз әсері шарттың төлемді жүзеге асыру үшін міндетті талабы болып табылатын оқиғаға сілтеме бар. Шарттың осы міндетті талабы сақтандырушыдан оқиға шын мәнінде жағымсыз әсері болғанын не болмағын зерттеуді талап етпейді, бірақ сақтандырушыға, егер ол оқиға жағымсыз әсер еткеніне сенімді болмаса, төлемнен бас тартуына рұқсат етеді.
В15 Шартты мерзімінен бұрын бұзу немесе неғұрлым ұзақ қолдану тәуекелі (яғни, шарттың бағасын құру кезінде шарт бойынша қарама-қарсы тарап шарттан эмитент күтіп отырғаннан ерте немесе кешірек бас тарту тәуекелі) сақтандыру тәуекелі болып табылмайды, себебі шарт бойынша қарама-қарсы тарапқа төлем жасау туындауы белгісіз және оған әсер етуі жағымсыз болатын оқиғаға қатысты емес. Осылайша, жоғары шығыстардың тәуекелі (яғни, сақтандырылған оқиғаларға байланысты шығыстар емес, шартқа қызмет көрсетуге байланысты әкімшілік шығыстардың көзделмеген ұлғаюы) сақтандыру тәуекелі болып табылмайды, себебі шығыстардың көзделмеген ұлғаюы шарт бойынша қарама-қарсы тарапқа жағымсыз әсер етпейді.
В16 Сондықтан эмитенті шартты мерзімінен бұрын бұзу тәуекеліне, шарттың неғұрлым ұзақ қолдану тәуекеліне немесе жоғары шығыстардың тәуекеліне ұшыратқан шарт, ол эмитентті сақтандыру тәуекеліне де ұшыратқан жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарты болып табылмайды. Дегенмен, егер осы шарттың эмитенті осы тәуекелдің бір бөлігін үшінші тарапқа беру үшін қосымша шартты пайдалана отырып осындай тәуекелді азайтса, онда осы қосымша шарт үшінші тұлғаны сақтандыру тәуекеліне ұшыратады.
В17 Кәсіпорын сақтандырушыны полис ұстаушыдан бөлген болып табылған жағдайда ғана сақтандырушы полис ұстаушыдан едәуір сақтандыру тәуекелін қабылдайды. Өзара сақтандырушымен болған жағдайда өзара сақтандырушы әрбір полис иеленушіден тәуекелді қабылдайды және оларды пулға біріктіреді. Полис ұстаушылары меншік иелері ретінде бірлесіп осы біріктірілген тәуекелді көтерсе де, өзара сақтандырушы сақтандыру шартының мәні болып табылатын осы тәуекелді қабылдайды.
