Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар

В2 Белгісіздік (немесе тәуекел) сақтандыру шартының мәні болып табылады. Тиісінше, кем дегенде мыналардың бірі сақтандыру шартын қолдану басталарда белгісіз болуы тиіс:

(а) сақтандырылған оқиға болуы мүмкін бе;

(b) ол қашан болады; немесе

(с) егер ол болса, сақтандырушы қандай соманы төлеуі тиіс.

В3 Кейбір сақтандыру шарттарында шартты қолдану мерзімі ішінде зиянды анықтау, тіпті осы зиян сақтандыру шартын қолдану басталғанға дейін болған оқиға нәтижесінде анықталса да, сақтандырылған оқиға болып табылады. Басқа сақтандыру шарттарында шартты қолдану мерзімі ішінде болған оқиға, тіпті туындаған зиян сақтандыру шартын қолдану аяқталғаннан кейін анықталса да, сақтандырылған оқиға болып табылады.

В4 Кейбір сақтандыру шарттары болған, бірақ біреудің қаржылық жағдайы әлі де белгісіз болып қалып отырған оқиғаны қамтиды. Тікелей сақтандырушының полистер ұстаушылар ұсынған шағымдарды шешудің жағымсыз барысына байланысты шығындары өтелетін қайта сақтандыру шарты осының мысалы бола алады. Осындай шағымдар бойынша шығындардың түпкілікті сомасын анықтау осындай шарттар бойынша сақтандырылған оқиға болып табылады.

Заттай нысандағы төлемдер

В5 Кейбір сақтандыру шарттары бойынша заттай нысандағы төлемдерді жүзеге асыру талап немесе рұқсат етілуі мүмкін. Сақтандырушы ұрланған затты айырбастауды тікелей ұсынған, бірақ оның құнын полис ұстаушыға өтемейтін жағдай осының мысалы бола алады. Сақтандырушы шарттармен өтелетін медициналық қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өзінің ауруханалары мен медициналық қызметкерлерін пайдаланатын жағдай осының басқа мысалы болады.

В6 Белгіленген сыйақы үшін қызмет көрсетулерді ұсынуға арналған, ол бойынша қызмет көрсетулер туындауы белгісіз оқиғаға қатысты болатын кейбір шарттар осы Стандарттың сақтандыру шартының анықтамасына сай келеді, бірақ кейбір елдерде сақтандыру шарттары ретінде реттелмейді. Қызмет көрсетуге арналған шарт мысалдардың бірі болып табылады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілі бір жабдықты ол бұзылған кезде жөндеуге міндеттенеді. Ұсынылған қызмет көрсету үшін белгіленген сыйақы межелі бұзылу санына негізделді, бірақ нақты станоктың сынатынына не сынбайтынына қатысты белгісіздік бар. Жабдықтың бұзылуы меншік иесіне жағымсыз әсер етеді және шарт бойынша меншік иесіне өтемақы ұсынылады (ақша қаражатымен емес, заттай нысанда). Автомобиль бұзылған жағдайда қызмет көрсетуді ұсыну шарты басқа мысал ретінде болады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілеген жылдық сыйақы үшін автомобиль жолда бұзылған кезде техникалық көмек көрсетуге немесе автомобильді жақын жердегі техникалық қызмет көрсету станциясына тіркеп апаруға міндеттенеді. Соңғы шарт, тіпті егер қызмет көрсетуді жеткізуші жөндеу немесе тетіктерді ауыстыру жөнінде міндеттемелер қабылдамаса да, сақтандыру шартының анықтамасын қанағаттандыруы мүмкін.

В7 Осы Стандарттың В6-параграфта жазылған шарттарға қолдану, ең алдымен, егер осындай шарттар осы Стандартты қолдану аясынан тыс болса, қолданылуы мүмкін Халықаралық қаржылық есептілік стандартын қолданғанша шамалы жүктеме берілген болар еді:

(а) кездескен бұзылулар немесе іркілістер бойынша елеулі міндеттемелер болуы екі талай;

(b) егер 18-«Түсім» IАS Халықаралық стандарты қолданылса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші түсімді аяқталу сатысын (немесе басқа белгілі бір критерийлерді) ескере отырып таныған болар еді. Осы тәсілге сондай-ақ осы Стандартқа сәйкес рұқсат етіледі, ол бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушіге (і) оларға 14-параграфта тиым салынған практиканы кіргізген жағдайларды қоспағанда, осы шарттар үшін қолда бар есеп саясатын пайдалануды жалғастырады және (іі) егер 22-30-параграфтарда рұқсат етілсе, есеп саясатын өзгертеді;

(с) қызмет көрсетулерді жеткізуші қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау бойынша шығындардың аванспен алынған түсімнен асатынын не аспайтынын талдауды жүргізуі тиіс. Бұл үшін ол осы Стандарттың 15-19-параграфтарында жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс. Егер осы Стандарт осы шарттарға қолданылмаса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші осы шарттардың жүктеме берілген болып табылатынын анықтау үшін 37-«Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS қолданған болар еді;

(d) осы шарттар бойынша осы Стандартты ашып көрсету бойынша талаптардың басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары талап ететін ашып көрсетулер көлемін біршама ұлғайтатыны екіталай.