- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сақтандыру шарттары
- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
- •Күшіне ену күні және осы стандартқа өту
- •Қаржы активтерін қайта жіктеу
- •Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар
- •Заттай нысандағы төлемдер
- •Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден айырмашылығы
- •Сақтандыру шарттарының мысалдары
- •Маңызды сақтандыру тәуекелі
- •Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту
Қаржы активтерін қайта жіктеу
45 Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру міндеттемелеріне қатысты өзгертсе, онда «пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша» ретінде есепке алынатын кейбір немесе барлық қаржылық активтерді қайта жіктеуге рұқсат етіледі, бірақ талап етілмейді. Егер сақтандырушы өзінің есеп саясатын осы Стандартты алғашқы қолданған кезде өзгертсе және саясатының 22-параграфта рұқсат етілген өзгерісін жасаса, осы қайта жіктеуге рұқсат етіледі. Бұл қайта жіктеу есеп саясатының өзгерісі болып табылады және оған 8 IAS қолданылады.
____________________________
Ұйым IFRS 7 қолданған жағдайда, IAS 32 сілтеме IFRS 7 сілтемемен алмастырылады.
А ҚОСЫМШАСЫ: Терминдердің анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
сақтандыруға байланысты актив |
Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша таза құқықтары. |
депозиттік құрам |
Шарттың 39 IАS сәйкес туынды құрал ретінде есепке алынбайтын және, егер бөлек құрал болса, 39 IАS қолдану аясына кірмейтін құрамы. |
қайта сақтандыруға байланысты активтер |
Цеденттің қайта сақтандыру шарты бойынша таза құқықтары. |
қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі |
Кепілдік берілген төлемдерге қосымша ретінде мынадай қосымша пайдаларды алуға шартта негізделген құқық: |
|
(а) шарт бойынша жалпы пайдалардың едәуір бөлігін құрауы ықтимал; |
|
(b) сомасы немесе шартқа сәйкес уақыт бойынша бөлу эмитенттің қалауына байланысты болатын; және |
|
(с) шартқа сәйкес негізделетіндер: |
|
(і) шарттардың белгілі бір тобын немесе шарттың белгілі бір түрін орындауға; |
|
(іі) эмитенттің иелігіндегі активтердің белгілі бір тобынан іске асырылған және/немесе іске асырылмаған инвестициялық кірістерге; немесе |
|
(ііі) шартты шығарған компанияның, қордың немесе басқа кәсіпорынның пайдасына немесе шығындарына. |
кепілдік берілген төлемдер |
Белгілі бір полис ұстаушыдағы немесе инвестордағы төлемдер немесе өзге пайдалардың шарт бойынша эмитенттің қалауы бойынша сөзсіз құқығы бар. |
полис ұстаушы |
Сақтандыру шарты бойынша, егер сақтандырылған оқиға болса, өтемақы алуға құқығы бар тарап. |
Қайта сақтандыру шарты |
Басқа сақтандырушыдан (цеденттен) цедент шығарған бір немесе бірнеше шарт бойынша шығындардың өтемін алу үшін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) шығарған сақтандыру шарты |
тікелей сақтандыру шарты |
Қайта сақтандыру шарты болып табылмайтын сақтандыру шарты |
сақтандыру шарты |
Егер туындауы белгісіз (сақтандырылған оқиға) келісілген болашақ оқиға полис ұстаушыға жағымсыз әсер еткен жағдайда полис ұстаушыға өтемақы ұсына отырып, бір тарап (сақтандырушы) басқа тараптан (полис ұстаушыдан) біршама сақтандыру тәуекелін қабылдайтын шарт (В қосымшасында осы анықтама бойынша нұсқау берілген). |
сақтандырылған оқиға |
Туындауы айқындалмаған, сақтандыру шартын өтейтін және сақтандыру тәуекелін тудыратын болашақ оқиға. |
бөлу |
Егер бөлек шарттармен берілсе, шарттың құрамдарын есепке алу. |
қайта сақтандырушы |
Егер сақтандыру оқиғасы болса, қайта сақтандыру шарты бойынша цедентке өтем ұсыну міндеттемесін көтеретін тарап. |
міндеттемелердің баламалығын тексеру |
Ақша қаражатының болашақ ағындарын талдау негізінде сақтандыру міндеттемесінің баланстық құнын ұлғайту (немесе сату және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындардың баланстық құнын азайту) қажетті ме әлде жоқ па екенін бағалау. |
әділ құн |
Жақсы хабардар, осындай мәмілені жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде міндеттеме айырбасталатын немесе орындалатын сома. |
сақтандыру міндеттемесі |
Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша таза міндеттемелері |
сақтандыру тәуекелі |
Қаржылық тәуекелден айырмашылығы бар, шартты ұстаушыдан эмитентке өтетін тәуекел. |
сақтандырушы |
Сақтандыру шарты бойынша, егер сақтандырылатын оқиға болса, полис ұстаушыға өтем ұсынатын міндеттемені көтеретін тарап. |
қаржы тәуекелі |
Пайыздық ставка, қаржы құралының бағасы, тауардың бағасы, шетел валютасының айырбас бағамы, бағалардың немесе ставкалардың индексі, кредит рейтингі немесе кредит тәуекелі немесе кредит индексі немесе қаржылық емес айнымалы болған жағдайда оның шарт бойынша тарапқа жатпау шартымен басқа айнымалы сияқты бір немесе бірнеше факторлардағы ықтимал өзгерістердің тәуекелі. |
цедент |
Қайта сақтандыру шарты бойынша полис ұстаушы |
кепілдік берілген төлемдердің элементі |
Шартта көзделген, қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі бар кепілдік берілген төлемдер жасау міндеттемесі. |
Қаржылық кепілдік шарты |
Эмитентті ұстаушы нақты дебитордың борыш құралдарының бастапқы немесе өзгертілген шарттары бойынша дер кезінде төлем жүргізбеуі нәтижесінде шеккен залалдарын нақты төлеуге міндеттейтін шарт. |
В ҚОСЫМШАСЫ: Сақтандыру шартының анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
В1 Осы қосымшада А қосымшасынан сақтандыру шартын айқындау жөніндегі нұсқау бар. Ол мынадай мәселелерді қозғайды:
(а) «туындауы белгісіз болашақ оқиға» (В2-В4-параграфтар);
(b) заттай нысандағы төлемдер (В5-В7-параграфтар);
(с) сақтандыру тәуекелі және басқа тәуекелдер (В8-В17-параграфтар);
(d) сақтандыру шарттарының үлгілері (В18-В21-параграфтар);
(e) елеулі сақтандыру тәуекелі (В22-В28-параграфтар); және
(f) сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту (В29-В30-параграфтар).
