
- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сақтандыру шарттары
- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
- •Күшіне ену күні және осы стандартқа өту
- •Қаржы активтерін қайта жіктеу
- •Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар
- •Заттай нысандағы төлемдер
- •Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден айырмашылығы
- •Сақтандыру шарттарының мысалдары
- •Маңызды сақтандыру тәуекелі
- •Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту
39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
пайдаға немесе залалға және капиталға ықпалды көрсететін сезімталдылықты талдау, егер есепті күнге тиісті тәуекелдің ауыспалы құрамында қисынды өзгерістер болса; сезімталдылықты талдау кезінде пайдаланылған әдістер мен жорамалдар; сондай-ақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда әдістер мен жорамалдарда пайдаланылған кез келген өзгерістер. Алайда, егер сақтандырушы нарықтық жағдайларға байланысты сезімталдылықтың баламалы әдісін пайдаланса, мысалы, орнатылған құн негізіндегі талдау негізінде қолданса, ол бұл талапты осындай сезімталдылықты баламалы талдауды ұсыну және 7 IFRS Халықаралық стандартының 41-параграфында талап етілетін ашуларды орындай алады;
сезімталдылыққа қатысты сапалы сипаттағы ақпарат, сондай-ақ сақтандырушының болашақ ақша қаражаттарының ағындарының белгісіздігінің көлеміне, мерзімдеріне және дәрежесіне елеулі ықпал ететін сақтандыру шарттарының талаптары мен ережелері туралы ақпарат.
Күшіне ену күні және осы стандартқа өту
40 ХҚЕС қолданып отырған кәсіпорынның осы Стандарт бірінші қолданған жағдайына да және сол сияқты кәсіпорын ХҚЕС бірінші рет (ХҚЕС бірінші рет қолданған кәсіпорын) қолданған жағдайда да өтпелі кезеңнің 41-45-параграфтардағы талаптары қолданылады.
41 Кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.
41А. 2005 жылдың тамызында жарияланған «Қаржылық кепілдік шарттары» (39 IAS пен 4 IFRS түзетулер) 4(d), B18(g) және B19(f) параграфтарына өзгерістер енгізеді. Ұйым аталған түзетулерді 2006 жылғы 1 қаңтардан басталатын және осы күннен кейінгі жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым аталған түзетулерді неғұрлым ерте кезеңдерге қолданатын болса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге және 39 IAS және 32 IAS тиісті түзетулермен бірге қолдануға міндетті.
Ашып көрсету
42 Кәсіпорыннан осы Стандарт ашып көрсету жөніндегі талаптарды 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық кезеңдерге қатысты салыстырмалы ақпаратқа қолдануды, 37(а) және (b) параграфтарда талап етілетін есеп саясатын және танылған активтерді, міндеттемелерді кірістер мен шығыстарды ашып көрсетуді қоспағанда, талап етілмейді (ал егер ол ақша қаражатының қозғалысы туралы есебін ұсыну үшін тікелей әдісті қолданса, онда ақша қаражатының ағындарын да).
43 Егер 10-35-параграфтардың нақты талабын 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық кезеңдерге қатысты салыстырмалы ақпаратқа қолдануға іс жүзінде мүмкін болмаса, онда кәсіпорын осы фактіні ашып көрсетуі тиіс. Осындай салыстырмалы ақпаратқа қатысты міндеттемелердің (15-19-параграфтар) баламалығын тексеруді қолдану кейде іс жүзінде мүмкін емес, бірақ 10-35-параграфтардың басқа талаптарын осындай салыстырмалы ақпаратқа қолдану іс жүзінде мүмкін еместігі екіталай. 8 IАS «іс жүзінде мүмкін емес» терминінің мәнін түсіндіреді.
44 39(с)(ііі) параграфын қолдану кезінде кәсіпорыннан ол осы Стандартты қолданған бірінші қаржы жылының соңына дейін кем дегенде бес жыл неғұрлым ерте кезеңдегі шағымдарды шешу барысы туралы ақпаратты ашып көрсету талап етілмейді. Сонымен қатар, егер кәсіпорын осы Стандартты қолданған кезде кәсіпорынның осы Стандартқа сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынатын тым ерте кезең басталғанға дейін орын алған шағымдарды шешу барысы туралы ақпарат дайындауына іс жүзінде мүмкін болмаса, онда кәсіпорын осы фактіні ашып көрсетуі тиіс.