- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сақтандыру шарттары
- •4 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
- •39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
- •Күшіне ену күні және осы стандартқа өту
- •Қаржы активтерін қайта жіктеу
- •Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар
- •Заттай нысандағы төлемдер
- •Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден айырмашылығы
- •Сақтандыру шарттарының мысалдары
- •Маңызды сақтандыру тәуекелі
- •Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту
36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
37 Сақтандырушы 36-параграфқа сәйкес мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) сақтандыру шарттарына және оларға байланысты активтерге, міндеттемелерге, кірістерге және шығыстарға қатысты өзінің есеп саясатын;
(b) сақтандыру шарттарына сәйкес туындаған, танылған активтерді, міндеттемелерді, кірістерді және шығыстарды (және егер ол ақша қаражатының қозғалысы туралы өзінің есебіне ұсыну үшін тікелей әдісі қолданса, онда ақша қаражатының ағындарын). Сонымен қатар, егер сақтандырушы цедент болып табылса, онда ол мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(і) пайдада немесе залалда танылған, қайта сақтандыруды сатып алудан пайдалар мен залалдар; және
(іі) егер цедент қайта сақтандыруды сатып алуға байланысты туындаған пайдалар мен залалдарды кейінге қалдырса және амортизацияласа, онда кезеңдегі амортизацияны және кезеңнің басындағы және соңындағы амортизацияланбаған сомаларды.
(с) танылған, (b) тармағында жазылған сомаларды өзгерісіне көп әсер ететін жорамалдарды айқындау үшін пайдаланылатын тәсілді. Егер нақты жүзеге асырылатын болса, сақтандырушы осындай жорамалдар бойынша сандық ақпаратты ашып көрсетуді ұсынуы тиіс;
(d) қаржылық есептілікке елеулі әсер етуін әрбір өзгерістің ықпалын жеке ұсына отырып, сақтандыруға байланысты активтерді және сақтандыру міндеттемелерін өлшеу кезінде пайдаланылатын жорамалдардағы өзгерістердің әсерін;
қайта сақтандыруға байланысты сақтандыру міндеттемелеріндегі, активтердегі өзгерістерді және бар болған кезде сатып алу үшін бөлінген тиісті шығындарды салыстырып тексеру.
Сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын тәуекелдердің сипаты мен дәрежесі
38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
39 Сақтандырушы 38-параграфқа сәйкес мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) сақтандыру шарттары бойынша туындаған тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсатын және осындай тәуекелдерді азайту жөніндегі саясатын;
[жойылған]
мынадай ақпаратты қоса алғанда, сақтандыру тәуекелі туралы ақпарат (қайта сақтандыру нәтижесінде ол азайғанға дейін және кейін):
(і) сақтандыру тәуекеліне сезімталдылығы туралы (39-параграфқа қараңыз);
(іі) концентрацияны басшылықтың қалай анықтайтынын және әрбір концентрацияны бірегейлендіретін жалпы сипаттаманы сақтандыру тәуекелінің концентрациялары туралы (мысалы, сақтандыру оқиғасының, географиялық ауданның немесе валютаның);
(ііі) өткен есеп айырысу бағаларымен салыстырғандағы нақты шағымдар (яғни, шағымдарды шешу барысы). Шағымдарды шешу барысы туралы ақпаратты ашып көрсету шағымдар бойынша төлемдердің көлеміне және уақыт бойынша бөлуге қатысты әлі де айқындалмаушылық бар ең ерте маңызды шағымдар туындаған сәттен басталатын кезеңді қамтиды, бірақ он жылдан асатын кезеңді қамтуды талап етпейді. Сақтандырушыдан шағымдар бойынша төлемдердің көлеміне және уақыт бойынша бөлуге қатысты айқындалмаушылықты шешу әдетте бір жыл ішінде болатын шағымдар туралы ақпаратты ашып көрсету талап етілмейді;
(d) егер сақтандыру шарттары 7 IFRS қолдану аясына кіретін болса, пайыздық тәуекел және кредиттік тәуекел туралы 7 IFRS Халықаралық стандартының 31-42-параграфтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты. Алайда:
сақтандырушы, егер осының орнына ол сақтандыру бойынша міндеттемелерді танудан туындайтын ақша қаражаттарының таза ағынын болжанатын мерзімдері туралы ақпаратты ашса, 7 IFRS Халықаралық стандартының 39(а)-параграфы талап ететін өтеу мерзімдерінің талдауын ұсынуға міндетті емес;
егер сақтандырушы нарықтық жағдайларға байланыстың сезімталдылығының баламалы әдісін, мысалы, орнатылған құн негізіндегі әдісті пайдаланса, ол мұндай сезімталдылық талдауының нәтижелерін 7 IFRS Халықаралық стандартының 40(а)-параграфының талаптарын орындау үшін пайдалана алады. Мұндай сақтандырушы 7 IFRS Халықаралық стандартының 41-параграфында талап етілетін ашуларды жүргізуге міндетті;
(е) егер сақтандырушыдан қондырылған туынды құралдарды әділ құны бойынша өлшеу талап етілмесе және ол өлшемесе, негізінен сақтандыру шартында бар қондырылған туынды құралдарға қатысты пайыздық тәуекелге немесе нарықтық тәуекелге ұшыраушылық туралы ақпаратты.
