Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.38 Кб
Скачать

Қаржы құралдарының сыныптары және ашып көрсету дәрежесі (6-параграф)

В1. 6-параграфтың талабына сәйкес ұйым қаржы құралдарын ашып көрсетілетін ақпараттың сипатына сәйкес келетін және сол қаржы құралдарының сипаттамаларын ескеретін сыныптарға топтастыруы тиіс. 6-параграфта сипатталған қаржы құралдарының сыныптарын ұйымның өзі айқындайды және, демек, олар 39 ІAS-та айтылатын қаржы құралдарының санаттарынан өзгеше болады (және бұлар қаржы құралдарын бағалау қалай жүргізілетінін және әділ құндағы өзгерістер қай жерде танылатынын анықтайды).

В2. Қаржы құралдарының сыныптарын айқындаған кезде ұйым кем дегенде мыналарды:

(а) амортизациялық құны бойынша бағаланылатын құралдар мен әділ құны бойынша бағаланылатын құралдар арасында айырма жүргізуге;

(b) осы Стандартты қолдану аясынан тыс жатқан қаржы құралдарын жеке сынып немесе сыныптар ретінде қарастыруға міндетті.

В3. Ұйым қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, осы Стандарттың талаптарын орындау үшін ол қаншалық егжей-тегжейлі ақпарат беретін болады, сол талаптардың әр түрлі түйіндеріне ол қандай тұжырым жасайтын болады, әр түрлі сипаттамалары бар ақпаратты бір жерге тоғыстырмай, жалпы сұлбаны көрсету үшін ол ақпаратты қалай біріктіретін болады, міне, соларды шешеді. Қаржы есептілігін пайдаланушыларға тек қана бөгет жасайтын артық нәрселермен және маңызды ақпаратты бүркейтін тым кең тұжырымдармен қаржы есептілігін ауырлату арасында теңгерме қажет. Мысалы, ұйым елеулі емес егжей-тегжейлі деректердің көп болуы маңызды ақпаратты бүркемеу жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Осыған ұқсас, ұйым осылайша біріктірілген, жеке мәмілелер немесе ілеспе тәуекелдер арасындағы маңызды айырмаларды тұмшалайтын ақпаратты ашып көрсетуге құқылы емес.

Ұйымның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы

Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер (10 және 11-параграфтар)

В4. Егер ұйым қаржылық міндеттемені пайда немесе залал арқылы, әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныптаса, онда 10(а)-параграфының талабына сәйкес ол оның кредиттік тәуекелінің өзгерістеріне жататын осы қаржылық міндеттеменің әділ құнындағы өзгерістер шамасын ашып көрсетуге тиіс. 10(а)(і)-параграфымен ұйымға бұл шаманы рыноктық тәуекелдің туындауына әкелген рыноктық жағдайлардың өзгерістеріне жатпайтын әділ құндағы өзгерістер шамасы ретінде айқындауға рұқсат етілген. Егер қаржылық міндеттемеге орай рыноктық жағдайлардың тиісті өзгерістері қолданыстағы пайыздық ставканың (-бағдардың) өзгерістері ғана болып табылса, онда бұл шама былайша бағалана алады:

(а) Біріншіден, ұйым осы міндеттеме бойынша кірістің ішкі ставкасын кезең басына есептеп, міндеттеменің осы кезде болып отырған рыноктық құнын және кезең басына міндеттеме бойынша шартта көзделген ақша тасқындарын пайдаланады. Ол кірістің осы ставкасынан кезеңнің басындағы пайыздық ставканың (-бағдардың) шамасын алып тастап, жеке алынған құралға тән кірістің ішкі ставкасының компонентін алады.

(b) Сосын ұйым осы міндеттемеге байланысты ақша тасқындарының дисконттық құнын есептеп, бұл үшін кезең аяғына осы міндеттеме бойынша шартта көзделген ақша тасқындарын және жыл аяғындағы (і) ставка (-бағдар) сомасына тең дисконтталған ставканы және (а) тармағында белгіленгендей, (іі) осы құралға тән кірістің ішкі ставкасының компонентін пайдаланды.

(с) Кезең аяғына міндеттеменің осы кезде болып отырған рыноктық құны мен (b)-да белгіленген сома арасындағы айырма қолданыстағы пайыздық ставканың (-бағдардың) өзгерістеріне байланысты емес әділ құнның өзгерісі болып табылады.

Осы мысалда топшылайтындай, құралдың кредиттік тәуекелінің немесе пайыздық ставкаларының өзгерістерінен гөрі өзге факторлардың салдарынан туындаған әділ құндағы өзгерістердің елеулі сипаты жоқ. Егер осы мысалда әңгіме болып отырған құралдың өзіне орнатылған туынды бөлшегі болса, онда осы орнатылған туынды бөлшектің әділ құнындағы өзгеріс 10(а)-параграфына сәйкес ашып көрсетуге жататын соманы айқындаудан шығарылады.

Өзге де ашып көрсету – есеп саясаты (21-параграф)

В5. 21-параграфқа сәйкес қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылған бағалардың, сондай-ақ қаржы есептілігін түсінуге ықпал ететін есеп саясатының басқа да түйіндерінің негізін (немесе негіздерін) ашып көрсету талап етіледі. Қаржы құралдарына орай мұндай ашып көрсету мыналарды қамти алады:

(а) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағалатындар ретінде сыныпталған қаржы активтеріне немесе қаржылық міндеттемелерге орай:

(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатындар ретінде ұйым сыныптаған қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің сипаты;

(іі) соларға сәйкес мұндай қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер бастапқы тану кезінде нақ осылайша сыныптаған өлшемдер;

және

(ііі) 39 ІAS Халықаралық стандартының 9, 11А немесе 12-параграфы белгілеген осында сыныптау шарттарын ұйымның орындау деңгейі. Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланған қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің анықтамасы 39 ІAS-та тұжырымдалған (b)(і) тармағына сәйкес сыныпталған құралдарға орай. Мұндай ашып көрсету керісінше жағдайда орын алатын бағалаудың немесе танудың сәйкессіздігін алдын-ала айқындайтын жағдайлардың егжей-тегжейлі сипатталуын қамтуы тиіс. Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланған қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің анықтамасы 39 ІAS-та тұжырымдалған (b)(іі) тармағына сәйкес сыныпталған құралдарға орай. Мұндай ашып көрсету ұйымның тәуекелдерді басқару стратегиясы немесе инвестициялық стратегиясы бекіткен пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша сыныптаудың сәйкестігін егжей-тегжейлі сипаттауды қамтуы тиіс.

(b) сату үшін қолда бары ретінде қаржы активтерін сыныптау өлшемдері;

(с) мәміле жасау уақытына немесе есеп айырысу уақытына қаржы активтерін сатып алу және сату жөнінде үлгі мәмілелерді есепке алу жүргізіле ме (қараңыз, 39 ІAS Халықаралық стандартының 38-параграфы);

(d) кредиттік ысырап салдарынан құнсызданған қаржы активтерінің баланстық құнын кеміту үшін бағалау резерві пайдаланылғанда:

(і) құнсызданған қаржы активтерінің қашан тікелей кемитінін (немесе, есептен шығаруды реверсирлендірілген жағдайда), ал бағалау резервінің қашан пайдаланылатынын анықтауға мүмкіндік өлшемдер;

және

(іі) құнсызданған қаржы активтерінің баланстық құнына қарағанда бағалау резервінің шотына есептелген сомаларды есептеп шығару өлшемдері (қараңыз, 16-параграф).

(е) қаржы құралдарының әрбір санаты бойынша таза пайданы немесе таза залалды айқындау тәсілі (қараңыз, 20(а)-параграф). Мысалы, пайыздық немесе дивидендтік кіріс пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын баптар бойынша таза пайдаға немесе таза залалға қосыла ма;

(f) құнсызданудан болатын залалның объективті белгілерін табу үшін ұйым қолданатын өлшемдер (қараңыз, 20(е)-параграф);

(g) қаржы активтерімен байланысты шарттарда қайта қарау кезінде, бұлар керісінше жағдайда мерзімі өткен немесе құнсызданған болуы, қайта қаралған шарттардың мәні болып табылатын қаржы активтері жөніндегі есеп саясатын (қараңыз, 36(d)-параграф).

1 ІAS Халықаралық стандартының 113-параграфы сондай-ақ ұйымдардан: есеп саясатының аса маңызды түйіндерін немесе бағалау пайымдауларын және ұйым басшылығы есеп саясатын қолдану барысында жасаған және бұлар қаржы есептілігінде танылған сомаларға едәуір әсер еткен пайымдаулардан басқа өзге де ескертулердің қысқаша сипаттамасын ашып көрсетуді талап етеді.

Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесі (31-42-параграфтар)

В6. 31-42-параграфтарда талап етілетін ашып көрсетулер не қаржы есептілігінің өзінде жүргізілуі не онда есептіліктің басқа нысандарына түйіскен сілтемелер түрінде болуы тиіс, мысалы, басшылықтың түсініктемелері немесе тәуекелдер туралы есеп берулері. Бұларға қаржы есептілігін пайдаланушылардың бір жағдайда және сол бір уақытта қолы жетеді. Түйіскен сілтемелер жасалған ақпарат болмағанда қаржы есептілігі толық емес деп есептеледі.

Сандық сипаттағы ашып көрсету (34-параграф)

В7. 34(а)-параграф оның жетекші басқарушы қызметкерлеріне ішкі арналар бойынша берілген ақпаратқа негізделген тәуекелдерге ұйымның килігуі туралы қорытылған сандық деректерді ашып көрсетуді талап етеді. Ұйым тәуекелге килігуді басқарудың бірнеше әдісін пайдаланғанда ол ашып көрсетуді әдістің немесе әдістердің көмегімен жүргізуге міндетті. Бұлар ең мәнді әрі сенімді ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Мәнділік және сенімділік мәселелері 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» ІAS Халықаралық стандартында талқыланады.

В8. 34(с)-параграфына сәйкес тәуекелдің шоғырлануы туралы ақпаратты ашып көрсету керек. Тәуекелдің шоғырлануы сипаттамалары ұқсас келетін әрі экономикалық және басқа да жағдайлардың өзгерістеріне ұқсас ықпал ететін қаржы құралдарына байланысты туындайды. Тәуекелдің шоғырлануларын бір ізге түсіру ұйым тап болған жағдайларды ескере отырып, кәсіби пайымдауды талап етеді. Тәуекел шоғырлануларын ашып көрсетуге мыналар қамтылуы тиіс:

(а) сол арқылы ұйым басшылығы сондай шоғырландыруларды айқындайтын тәсілдің сипатталуы;

(b) әрбір шоғырландыруды сәйкестендіретін жалпы сипаттаманы сипаттау (мысалы, контрагент, географиялық өңір, валюталар немесе рынок);

және

(с) барлық қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдің шамасы, бұлар үшін мұндай сипаттама жалпы сипаттама болып табылады.

Кредиттік тәуекелге барынша килігу (36(а)-параграфы)

В9. 36(а)-параграф кредиттік тәуекелге ұйымның барынша килігуін тәп-тәуір көрсететін шаманы ашып көрсетуді талап етеді. Қаржы активіне орай мұндай шама, әдетте, шегеруден былай жиынтық баланстық құны болып табылады:

(а) 32 ІAS-қа сәйкес есепке алынатын кез келген сомалар;

және

(b) 39 ІAS-қа сәйкес танылған, құнсызданудан болған кез келген залалдар.

В10. Кредиттік тәуекелдің туындауына апаратын және кредиттік тәуекелге барынша килігуге байланысты операциялар, соның ішінде, мыналарды қамтиды:

(а) клиенттерге несиелер мен дебиторлық берешектер беру және басқа ұйымдарда депозиттер орналастыру. Мұндай жағдайларда кредиттік тәуекелге барынша килігу тиісті қаржы активтерінің баланстық құнына тең болады;

(b) туынды шарттар, мысалы, айырбас контрактілерін, пайыздық своптар мен туынды кредиттік шарттар жасау. Актив жиыны әділ құны бойынша бағаланғанда кредиттік тәуекелге борынша килігу есепті уақыттағы жағдай бойынша баланстық құнына тең болады;

(с) қаржылық кепілдіктер беру. Бұл жағдайда кредиттік тәуекелге килігу барынша сома болады. Оны кепілдік қолданылған кезде ұйым төлеуге тиісті еді және ол едәуір дәрежеде міндеттеме ретінде танылған сомадан артық болар еді.

(d) кредиттік міндеттемені қабылдау, ол елеулі қолайсыз өзгеріс болғаннан басқа жағдайда, кредиттік келісімнің қолданысының бүкіл мерзімі ішінде қайтарып алына алмайды. Егер эмитент кредиттік міндеттемені (үстеме талаптарды) ақша қаражатын немесе өзге қаржы құралын есепке алу жолымен реттей алмаса, онда кредиттік тәуекелге барынша килігу үшін сондай міндеттеменің бүкіл шамасы қабылданады. Бұл болашақта кредиттің кез келген таңдалмаған бөлігін пайдалану мүмкіндігіне қатысты неғайбілдіктің салдары болып табылады. Бұл бөлік міндеттеме таныған сомадан едәуір дәрежеде асып кетуі мүмкін.

Өтеудің шарттық мерзімдерін талдау (39(а)-параграфы)

В11. Қаржылық міндеттемелерді өтеудің шарттық мерзімдері туралы талдамалы деректерді әзірлеу кезінде, 39(а)-параграфының талабына сәйкес, ұйым өз пайымдауы негізінде уақыт диапазондардың тиесілі санын белгілеуі тиіс. Мысалы, ұйым мынадай уақытша диапазондар сақтау керек екенін белгілей алады:

(а) бір айдан кеш емес;

(b) бір айдан өткен, бірақ үш айдан артық емес;

(с) үш айдан өткен, бірақ бір жылдан артық емес;

және

(d) бір жылдан өткен, бірақ бес жылдан артық емес.

В12. Контрагентте сомаларды төлеу уақыты жөнінде таңдауы болса, міндеттеме ең ерте уақытқа жатады, ұйымға сол уақытқа төлем жасау талабы қойыла алады. Мысалы, қаржылық міндеттемелерді өтеу (мысалы, талап ету депозиттері) ұйымнан талап етілуіне ең ерте уақыт диапазоны қосыла алады.

В13. Ұйым міндеттемені бөліктері бойынша өтегенде әрбір бөлігі ең ерте кезеңге жатады, онда ұйымға төлем талабы қойыла алады. Мысалы, пайдаланылмаған кредиттік міндеттеме ең ерте уақытты қамтитын уақытша диапазонға қосылады, онда осы кредиттік қаражатты пайдалану бастала алынады.

В14. Өтеу мерзімдерін талдауда ашып көрсетілген сомалар ақша қаражатының шарттық дисконтталмаған тасқындары болады, мысалы:

(а) қаржы жалы бойынша жиынтық міндеттемелер (кредит бойынша шығындарды шығарғанға дейін);

(b) ақша қаражатына қаржы активтерін сатып алуға арналған форвардтық келісімде айтылған бағалар;

(с) өзгеру бойынша төленетін және тіркелген пайыздық ставка бойынша алынатын своптар бойынша таза сомалар, бұларға таза ақша тасқындары айырбасталынады;

(d) туынды қаржы құралы (мысалы, валюталық своп) арқылы айырбасталуға жататын шартта көзделген сомалар, оған ақша қаражатының жалпы тасқындары айырбасталады;

және

(е) жиынтық кредиттік міндеттемелер.

Ақша қаражатының мұндай дисконтталмаған тасқындары баланста көрсетілген сомамен үйлеспейді, өйткені бұл баланстық сома дисконтталған ақша тасқындарына негізделген.

В15. Тиісті жағдайда ұйым қаржылық міндеттемелерді өтеудің шарттық мерзімдерін талдау тұрғысында 39(а)-параграфы талап еткен шеңберде туынды емес қаржы құралдарын талдаудан бөлек туынды қаржы құралдарының талдауын табыс етуге міндетті. Мысалы, егер туынды қаржы құралдарымен байланысты туындаған ақша тасқындары бойынша есеп-қисаптар жалпы негізде жүргізілсе, туынды және туынды емес қаржы құралдарынан болған ақша тасқындары деп ажыратқан дұрыс болады. Өйткені ақша қаражатының жалпы ағысы тиісінше құйылысына ілесе алады.

В16. Төленетін сома белгіленбегенде, ашып көрсетілетін сома есепті уақытта болып отырған жағдайларға қарай белгіленеді. Мысалы, төленетін сома индекстің өзгерісіне қарай өзгертілсе, есепті уақыттағы жағдай бойынша индекс деңгейі ашылатын соманың негізіне алына алады.

Рыноктық тәуекел – сезімділік талдауы (40 және 41-параграфтар)

В17. 40(а)-параграфта ұйым киліккен рыноктық тәуекелдің әрбір түріне сезімділікті талдау талабы бар. В3-параграфына сәйкес ұйым жалпы сұлбаны көрсету үшін ақпаратты өзі қалай тоғыстыруды шешеді. Бұл ретте әр тарапты экономикалық орталардан едәуір дәрежеде шығатын тәуекелдерге килігу туралы әр түрлі сипаттамалардағы ақпаратты біріктірмейді. Мысалы:

(а) қаржы құралдарымен операция жүргізетін ұйым мұндай ақпаратты сауда үшін арналған және арналмаған қаржы құралдары үшін жеке ашып көрсете алады.

(b) ұйым өзінің рыноктық тәуекелдерге киліккенін гиперинфляция өңірлерінде, сол рыноктық тәуекелдерге киліккен инфляциясы өте төмен өңірлерде тоғыстыруға тиісті емес.

Егер ұйым рыноктық тәуекелдің бір түріне ғана, бір экономикалық ортада ғана киліксе, ол тоғыстырылмаған ақпарат табыс етуге тиісті емес.

В18. 40(а)-параграф сезімділікті талдау пайдаға немесе залалға, сондай-ақ капиталға ықпал етуін көрсетуді талап етеді, тәуекелдің өзгеруіне сәйкес мүмкін болатын өзгерістер ақылға сыйымды (мысалы, пайыздың рыноктық ставкаларындағы, валюталық бағамдарда, акциялар бағамдарында немесе биржалық тауарлар бағаларында белең алу). Осы мақсатпен:

(а) егер тәуекелдің тиісті ауыспалы құралдары өзгеше болса, кезең ішінде пайданың немесе залалның шамасы қандай болғанын айқындау ұйымдардан талап етілмейді. Мұның орнына ұйымдар есеп беру уақытындағы жағдай бойынша пайданың немесе залалдың ықпал етуін ашып көрсетуге тиіс, есеп беру уақытында тәуекелдің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгеріс орын алды, ол сол уақытта болған тәуекелге килігуге қолданылды деген топшылау бойынша осылай. Мысалы, егер жыл аяғында ұйымда өзгермелі ставкасы бар міндеттемесі болса, ол ағымдағы жыл үшін, егер пайыздық ставкалар ақылға сыйымды мүмкін болатын шамаға өзгерсе, пайдаға немесе залалға ықпал етуді (яғни пайыздық шығыс) ашуға тиіс;

(b) ұйымдар тәуекелдің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгерістер диапазоны шеңберіндегі әрбір өзгерістің пайдаға немесе залалға ықпал етуін ашып көрсетуге міндетті емес. Мұндай ақылға сыйымды мүмкін болатын диапазынның ақтық нүктелерінде тіркелген өзгерістердің ықпал етуін ашып көрсету жеткілікті болады.

В19. Тәуекелдің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгерісті айқындаған кезде ұйым мыналарды назарға алуға тиіс:

(а) ол өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық ортаны. Ақылға сиымды мүмкін болатын өзгеріс ықтималдылығы аз немесе «ең қолайсыз» сценарийлерді немесе «стресс-тестілеуді» қамтымауға тиіс. Оның үстіне, егер тәуекелдің базистік ауыспалы өзгерістерінің қарқыны тұрақты болса, ұйым таңдап алған тәуекелдің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды өзгерістерін ауыстыруға міндетті емес. Мысалы, айталық, ставка 5 пайызды құрайды, ал ұйым ±50 базистік пункт диапазонындағы пайыздық ставкалардың мүмкін болатын ауытқуы ақылға сыйымды деп есептейді. Егер пайыздық ставкалардың 4,5 немесе 5,5 пайызға дейінгі өзгерулері күтілсе, ұйым пайдаға немесе залалға және капиталға ықпал етуді ашып көрсетеді. Келесі кезеңде пайыздық ставкалар 5,5 пайызға дейін ұлғайды. Ұйым пайыздық ставкалар ±50 базистік пунктке өзгеретін болады деп одан әрі есептейді (яғни пайыздық ставкалардың өзгеру қарқыны тұрақты). Егер пайыздық ставкалардың 5 немесе 6 пайызға дейін өзгеруі күтілсе, ұйым пайдаға немесе залалға және капиталға ықпал етуді ашып көрсетеді. Пайыздық ставкалар ±50 базистік пункттерге өзгере алғанда, ұйым өз бағалауын қайта қарауға тиісті емес, пайыздық ставкалардың едәуір анағұрлым қозғалыстағы белгілерінің болуы басқа жағдайлар;

(b) соның шегінде бағалау жүргізілетін уақытша интервал. Сезімділік талдауы өзгерістердің ықпал етуін көрсетуге тиіс. Бұлар ұйым мұндай ашып көрсетулерді келесі табыс еткенге дейінгі кезең бойында ақылға сыйымды мүмкін болатын жәйттер ретінде қарастырылады. Мұның өзі, әдетте, келесі жылдық есепті кезеңде жүргізіледі.

В20. 41-параграф ұйымға сезімділіктің мұндай талдауын қолдануға рұқсат етеді. Ол тәуекелдің ауыспалы құрамдары арасындағы өзара тәуекелділікті, егер ол қаржы тәуекеліне өзінің килігуін басқару үшін осындай талдау қолданса, тәуекел құнын талдау әдіснамасын көрсетер еді. Бұл ереже осындай әдіснаманың көмегімен әлеуетті табыс емес, әлеуетті залал ғана бағаланатын жағдайлардың өзінде де дұрыс. Мұндай ұйым 41(а)-параграфының талаптарын орындай алады. Ол тәуекел бойынша құнды моделдеудің пайдаланылатын әдіс үлгісін аша отырып (мысалы, осы моделдеу Монте-Карло әдісі бойынша жүргізіле ме, соны айтып), сондай-ақ бұл модель қалай жұмыс істейді және негізгі жол берулері неде екенін түсіндіреді (мысалы, иелену кезеңі мен сенім деңгейі жөнінде). Ұйымдар сондай-ақ байқаудың тарихи интервалын және осындай интервал шегінде байқаулардың нәтижелері бойынша салмақты бағалауларды ашып көрсете алады, нұсқаулар қалай оқылатынын және волатилдік пен корреляциялық (немесе, баламалар ретінде, Монте-Карло әдісін қолдана отырып, ықтималдылықтың бөлінуін моделдеу) қандай мәнде пайдаланылатынын түсіндіре алады.

В21. Сол ретте, ұйым сезімділік талдауларын өзінің бүкіл қызметіне орай табыс етуге міндетті. Ол қаржы құралдарының әр түрлі сыныптары бойынша әр түрлі талдамалы деректерді табыс етуге құқылы.

Пайыздық тәуекел

В22. Баланста танылған пайыздық қаржы құралдары бойынша (мысалы, несиелер, дебиторлық берешек және шығарылған борыш құралдары), сондай-ақ баланста танылмаған кейбір қаржы құралдары (мысалы, кейбір кредиттік міндеттемелер) бойынша пайыздық тәуекел туындайды.

Валюталық тәуекел

В23. Шетелдік валютада, яғни сол құралдар өлшенетін функционалдық валютадан айрықша валютада білдірілетін қаржы құралдары бойынша туындайтын валюталық тәуекел (валюта бағамы өзгеруінің тәуекелі). Осы Стандарт тұрғысында ақшалы емес баптарды білдіретін қаржы құралдары бойынша да, функционалдық валютада білдірілетін қаржы құралдары бойынша да валюталық тәуекел туындамайды.

В24. Сезімділік талдауы сол бойынша ұйым тәуекелге едәуір килігетін әрбір валюта бойынша болады.

Өзге бағалық тәуекел

В25. Өзгерістерге, мысалы, биржалық тауарлар бағаларының немесе акциялар бағамының өзгерістеріне байланысты қаржы құралдары бойынша өзге бағалық тәуекел туындайды. 40-параграфты орындау үшін ұйым нақтылы биржалық индекстің, биржалық тауар бағасының кему салдарын немесе тәуекелдің басқа да ауыспалы құрамын ашып көрсетеді. Мысалы, егер ұйым қаржы құралдары болып табылатын қалдық құнына кепілдік берсе, онда ол осы кепілдік жататын активтер құнының ұлғаюын немесе кемуін ашып көрсетуге тиіс.

В26. Акциялар бағамы тәуекелінің туындауына әкелетін қаржы құралдарының екі мысалы мыналар болып табылады: басқа ұйымның борыштық бағалы қағаздарын иелену және трастқа инвестициялар салу, соңғысы өз кезегінде борыштық құралдардағы инвестицияларды иеленеді. Басқа мысалдар қатарына мыналарды келтіруге болады: борыштық құралдардың нақтылы санын сатып алуға немесе сатуға арналған форвардтық шарттар және акциялардың бағаларына қосылған своптар. Мұндай қаржы құралдарының әділ құнына негіздерін құраушы борыштық құралдардың рыноктық бағасының өзгерістері әсер етеді.

В27. 40(а)-параграфына сәйкес пайданың немесе залалның сезілімдігі (мысалы, пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныпталған құралдар бойынша және сату үшін қолда бар қаржы активтерінің құнсыздануына байланысты туындаған) капиталдың сезімділігінен (мысалы, сату үшін қолда бары ретінде сыныпталған құралдар бойынша туындаған) бөлек ашып көрсетіледі.

В28. Ұйым борыштық ретінде сыныптаған қаржы құралдары қайта бағалауға жатпайды. Мұндай борыштық құралдардың биржалық бағамының өзгерісі тәуекелінің пайда немесе залал үшін де, капитал үшін де зардабы болмайды. Тиісінше, сезімділік талдауын жүргізу туралы талап қойылмайды.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.