
- •7 Іfrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Қаржы құралдары – ашып көрсету
- •10. Егер ұйым 39 іas Халықаралық стандартының 9-параграфына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалау ретінде қаржылық міндеттемені жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
- •37. Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мына ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
- •Қаржы құралдарының сыныптары және ашып көрсету дәрежесі (6-параграф)
- •Ұйымның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы
37. Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мына ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақытқа мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған қаржы активтерінің қашаннан бергі екендігі жөніндегі талдамалы деректер;
(b) белгілі болғандай, есепті уақыттағы жағдай бойынша құнсызданған қаржы активтері туралы талдамалы деректер, ұйым құнсыздануды анықтаған кезде назарда ұстаған факторларды қоса алғанда;
және
(с) (а) және (b)-да ашып көрсетілген сомаларға орай, қамтамасыз ету ретінде ұйым ұстаған кепілді және кредитті қамтамасыз етудің басқа да нысандарын сипаттау, сондай-ақ олардың әділ бағалануы іс жүзінде мүмкін емес жағдайлардан басқа.
Ұйым алған кепіл және кредитті қамтамасыз етудің басқа да нысандары
38. Ұйым кезең ішінде өзі қамтамасыз ету ретінде ұстап қалатын кепіл түрінде қаржы немесе қаржылық емес активтерін алғанда немесе кепілді қамтамасыз етудің басқа да түрлеріне (мысалы, кепілдіктерге) жүгінгенде, мұндай активтер басқа Стандарттарда белгіленген тану өлшемдерін қанағаттандырғанда, ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиіс:
(а) алынған активтердің сипаты мен баланстық құнын;
және
(b) мұндай активтер қолма-қол ақша қаражатына айнала алмайтын болғанда мұндай активтерді өткізу немесе өз қызметінде пайдалану мәселесіндегі өз саясатын.
Өтімділік тәуекелі
39. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) өтеудің шарттық мерзімдері әлі болмай жатып көрсететін қаржылық міндеттемелердің өтелуі туралы талдамалы деректер;
және
(b) (а)-ға тән өтімділік тәуекелін басқару тәсілдерін сипаттау.
Рыноктық тәуекел
Сезімділік талдауы
40. Ұйым 41-параграфтың талаптарын орындағаннан басқа жағдайда, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым киліккен рыноктық тәуекелдің әрбір түріне сезімділікті талдау нәтижесін, соның ішінде осы уақытқа ақылға сыйымды мүмкін болатын тиісті тәуекелдік ауысу өзгерістерінің пайдаға немесе залалға қалай әсер еткені туралы ақпаратты;
(b) сезімділікті талдау кезінде пайдаланылған әдістер мен жол берулер;
және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда әдістер мен жол берулердегі өзгерістер және мұндай өзгерістер үшін негіздер.
41. Егер ұйым сезімділік талдауын әзірлесе, мысалы, тәуекелдің ауыспалы құрамдас бөліктерінің (мысалы, пайыздық ставкалар мен айырбас бағамдары) арасындағы өзара тәуекелділігін көрсететін тәуекел құнын талдаса және оны қаржы тәуекелдерін басқару үшін пайдаланса, ол оны 40-параграфта көзделген талдау орнына табыс ете алады. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) сезімділікті осындай талдауға әзірлік кезінде пайдаланылған әдістің мәнін түсіндіретін ақпаратты, сондай-ақ табыс етілген деректердің негізі болған негізгі параметрлер мен жол берулер;
және
(b) пайдаланылған әдіс пен шектеудің мақсаты түсіндіретін ақпаратты, бұлар ақпаратты табыс етудің салдары бола алады, тиісті активтермен міндеттемелердің әділ құнын толық түрде көрсете алмайды.
Рыноктық тәуекел туралы басқа ақпаратты ашып көрсету
42. 40 немесе 41-параграфқа сәйкес табыс етілген сезімділікті талдау қаржы құралына тән тәуекел жөнінде репрезентативтік емес болғанда (мысалы, жыл соңындағы жағдай бойынша тәуекелдікке килігу жыл бойы тәуекелдікке килігуді көрсетпейді) ұйым осы фактіні ашып көрсетуге міндетті, бұл сезімділікті талдаудың репрезентативтік еместігі туралы қорытынды үшін негіздер ретінде тең.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУҒА КӨШУ
43. Ұйым осы Стандартты 2007 жылдың 1 қаңтарынан басталатын жылдық кезеңдерге қатысты және осы күннен кейін қолдануға міндетті. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты неғұрлым ерте кезеңге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
44. Егер ұйым осы Стандартты 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолданса, ол қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдердің сипаты мен дәрежесі туралы 31-42-параграфтар талап ететін ашып көрсету үшін салыстырмалы ақпаратты табыс етуге міндетті емес.
30 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ
45. Осы Стандарт 30-«Банктер мен ұқсас қаржы ұйымдарының қаржы есептілігіндегі ақпаратты ашып көрсету» ІAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.
|
А ҚОСЫМШАСЫ: Терминдерді белгілеу
|
Осы Қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
|
|
Кредиттік тәуекел |
Бір тараптың қаржы құралы жөніндегі міндеттемесінің орындамауына екінші тараптың қаржылық залалы туындауына әкеп соғатын тәуекел.
|
Валюталық тәуекел |
Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты тасқындарының әділ құны валюта-айырбас бағамдарының өзгерістеріне орай айырбаста болатын тәуекел.
|
Пайыздық тәуекел |
Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты тасқындарының әділ құны пайыздың рыноктық ставкаларының өзгерістеріне орай айырбаста болатын тәуекел.
|
Өтімділік тәуекел |
Қаржы міндеттемелері бойынша міндеттерін орындаған кезде ұйым қиыншылыққа киліккендегі тәуекел.
|
Займдар бойынша кредиторлық берешек |
Займдар бойынша кредиторлық берешек, кредиттеудің қалыпты жағдайлары кезіндегі негізгі қызмет бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектен басқа, қаржылық міндеттемелер болып табылады.
|
Рыноктық тәуекел |
Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты тасқындарының әділ құны рыноктық бағалардың өзгерістеріне орай өзгеруде болатын тәуекел. Рыноктық тәуекелдің мынадай үш түрі бар: валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел және өзге де бағалық тәуекел.
|
Өзге де рыноктық тәуекел |
Ақша қаражаты тасқындарының қаржы құралдарына байланысты әділ құны рыноктық бағалардың өзгерістері нәтижесінде өзгеруде болатын тәуекел (пайыздық немесе валюталық тәуекелден туындағанынан басқа), бұл осы өзгерістер жеке бағалы қағаз немесе оның эмитенті үшін ерекше факторлардан немесе рынокта айналыстағы барлық қаржы құралдарына әсер ететін факторлардан туындады ма, оған байланысты емес.
|
Мерзімі өткен |
Басқа тарап шартта белгіленген мерзімде төлем жасамаса, қаржы активінің мерзімі өткен деп есептеледі. |
32 ІAS Халықаралық стандартының 11-параграфында немесе 39 ІAS Халықаралық стандартының 9-параграфында мынадай терминдер белгіленген және бұлар осы Стандартта 32 ІAS пен 39 ІAS-та айқындалған мәндерде пайдаланылады:
- қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны;
- сату үшін қолда бар қаржы активтері;
- тануды тоқтату;
- туынды құрал;
- пайыздың тиімді ставкасының әдісі;
- үлесті құрал;
- әділ құн;
- қаржы активі;
- қаржы міндеттемесі;
- пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржылық міндеттеме;
- сауда үшін арналған қаржы активі немесе қаржылық міндеттеме;
- болжанылатын мәміле;
- хеджирлеу құралы;
- өтеуге дейін ұсталынатын инвестициялар;
- несиелер және дебиторлық берешек;
- сатып алу немесе сату жөніндегі үлгі мәміле.
В ҚОСЫМШАСЫ: Қолдану жөніндегі нұсқама
Осы Қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.