Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.38 Кб
Скачать

7 ІFRS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қаржы құралдары – ашып көрсету

7 Іfrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Қаржы құралдары – ашып көрсету

МАҚСАТЫ

1. Осы Стандарттың мақсаты – ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарды айқындау:

(а) ұйым қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржы нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы;

және

(b) қаржы құралдарына байланысты пайда болатын, бұларға есепті кезең ішінде және есептік уақыт жағдайы бойынша ұйым килігетін қауіптердің сипаты мен дәрежесі, сондай-ақ осындай қауіптерден сақтану үшін ұйым қолданатын шаралар.

2. Осы Стандартта тұжырымдалған қағидаттар 32-«Қаржы құралдары – ақпаратты табыс ету» ІAS және 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» ІAS деген Халықаралық стандарттарда белгіленген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану, бағалау мен табыс ету қағидаттарын толықтырады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

3. Осы Стандартты барлық ұйымдар қаржы құралдарының барлық түрлеріне қолдануға тиіс, мыналар қосылмайды:

(а) еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке қатысу үлестері. Бұлар 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» ІAS, 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» ІAS немесе 31-«Бірлескен қызметке қатысу» ІAS Халықаралық стандарттарына сәйкес ескеріледі. Алайда кейбір жағдайларда 27 ІAS, 28 ІAS немесе 31 ІAS Халықаралық стандарттары 39 ІAS-қа сәйкес ұйымның еншілес ұйымға, қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен қызметке қатысу үлесін ескеруіне мүмкіндік береді; мұндай жағдайларда ұйымдар 27 ІAS, 28 ІAS немесе 31 ІAS Халықаралық стандарттарында белгіленген ашып көрсету талаптарын, осы Стандартта көзделген талаптарға қосымшаны қолдануы тиіс. Ұйымдар сондай-ақ еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке қатысу үлестерімен байланысты барлық туынды құралдарға осы Стандартты қолдануға міндетті. Бұған мұндай туынды құрал 32 ІAS-тағы үлесті құрал анықтамасына сай келетін жағдайлар кірмейді.

(b) 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар” ІAS қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар беру бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелері.

(с) кәсіпорындар біріккен кезде ұрымтал кездесу жасау шарттары (қараңыз, 3-«Бизнес бірлестіктері» ІFRS). Бұл шығарып тастау тек қана сатып алушы жаққа қатысты қолданылады.

(d) 4-«Сақтандыру шарттары» ІFRS айқындауына сәйкес сақтандыру шарттары. Соның өзінде осы Стандарт, егер 39 ІAS ұйымды есепке алуда оларды жеке көрсетуге міндеттесе, сақтандыру шарттарында тізілген туынды құралдарға қолданылады.

(е) оларға 2-«Үлесті құралдар негізіндегі төлемдер» ІFRS қолданылатын үлесті құралдар негізінде төлемдер операциялары шеңберіндегі қаржы құралдары, шарттар мен міндеттемелер. Бірақ осы Стандарт 39 ІAS Халықаралық стандартының 5-7-параграфтарының қолданысына жататын шарттарға қолданылатынын ескеру керек.

4. Осы Стандарт танылған және танылмаған қаржы құралдарына қатысты қолданылады. Танылған қаржы құралдарының қатарына 39 ІAS-ты қолдану саласындағы қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері жатады. Танылмаған қаржы құралдарының қатарына 39 ІAS қолданысына килікпей, осы Стандарттың қолдану саласында тұрған кейбір қаржы құралдары кіреді (мысалы, несие алу туралы кейбір келісімдер).

5. Осы Стандарт 39 ІAS-тың қолданысына жататын қаржылық емес баптарды сатып алуға немесе сатуға арналған шарттарға қолданылуы тиіс (39 ІAS Халықаралық стандартының 5-7-параграфтарын қараңыз).

ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СЫНЫПТАРЫ ЖӘНЕ АШЫП КӨРСЕТУ ДӘРЕЖЕСІ

6. Осы Стандарт қаржы құралдарын сыныптары бойынша ашып көрсетуді талап еткен жағдайларда, ұйым қаржы құралдарын ашып көрсетілетін ақпараттың сипатына сәйкес келетін және сол қаржы құралдарының сипаттамаларын ескеретін сыныптарға топтастыруға тиіс. Ұйым баланстың тиісті желілік баптарымен салыстыру жүргізу үшін жеткілікті түрде ақпарат беруге міндетті.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЕН ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТҰРҒЫСЫНДА ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

7. Ұйым қаржы есептілігін пайдаланушылар оның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызын бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

Баланс

Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер санаттары

8. Төменде аталған санаттардың әрқайсысы бойынша баланстық құн, 39 ІAS-тағы айқындауға сәйкес, не баланстың өзінде, не ескертулерде ашып көрсетілуі тиіс:

(а) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері, бастапқы тану кезінде солай деп жіктелгендері (і) және 39 ІAS-қа сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі;

(b) өтеуге дейін ұсталынатын инвестициялар;

(с) несиелер мен дебиторлық берешек;

(d) сату үшін қолда бар қаржы активтері;

(е) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер, бастапқы тану кезінде солай деп жіктелгендері (і) және 39 ІAS-қа сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі;

және

(f) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер.

Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер

9. Егер ұйым несиені немесе дебиторлық берешекті (немесе несие немесе дебиторлық берешек тобын) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатыны ретінде жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а) кредиттік тәуекелділікке барынша берілу (қараңыз 36 (а)-параграф, есепті уақыттағы жағдай бойынша, сондай несие немесе дебиторлық берешек (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтары);

(b) кез келген тиісінше кредиттік туынды құралдар немесе соларға ұқсас құралдар кредиттік тәуекелге сондай барынша берілгендікті азайтатын шама;

(с) кезең ішінде және кредиттік тәуекелдің өзгеруі себепті несиенің немесе дебиторлық берешектің (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтарының) жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы, бұлар былайша айқындалады:

(і) рыноктық тәуекелді туғызған рынок жағдайларындағы өзгерістерге жатқызылмайтын оның әділ құнындағы өзгеріс шамасы; немесе

(іі) баламалы әдісті қолдану, ол, ұйымның пікірі бойынша, осы активтің кредиттік тәуекелінің өзгерістеріне жататын әділ құнындағы өзгеріс шамасын анағұрлым шынайы айқындайды.

Рыноктық тәуекелді туғызған рынок жағдайларының өзгерістері қазіргі пайыз ставкасының (-бағдарының), тауар бағасының, валюта бағамының, бағалар немесе ставкалар индексінің өзгерістерін қамтиды.

(d) кез келген тиісінше кредиттік туынды құралдардың әділ құнындағы өзгеріс шамасы. Ол өзгеріс кезең ішінде және несиені немесе дебиторлық берешекті жіктеу кезінен бастап мұндай өзгерістің жиынтық шамасы орын алған.