
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В011600 – «География» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Глоссарий
- •Іі. Дәрістердің қысқаша конспектілері
- •Тақырыбы: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы
- •Дүние жүзіндегі федерациялы мемлекеттер
- •Тақырыбы: Қазіргі заманғы елдерді топтастыру
- •Тақырыбы: Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы. Қоғамдық және дүниежүзілік еңбек бөлінісі.
- •Тақырыбы: Транспорт географиясы мен халықаралық экономикалық қатынас. Мақсаты:студенттерге дүниежүзілік шаруашылыққа транспорт және халықаралық экономикалық қатынастардың әсерін көрсету.
- •Тақырыбы: ынтымақтастық. Еркін экономикалық аймақ. Трансұлттық компаниялардың глобализация үрдісінде әрекеті.
- •Тақырыбы:Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар.
- •Практикалық жұмыс № 1 Тақырыбы: Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы
- •Практикалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Халқының құрамы. Мақсаты: студенттерде әлем халықтары туралы түсініктерді қалыптастыру
- •Практикалық жұмыс № 3 Тақырыбы: Табиғи ресурстар географиясы. Экологиялық мәселелер.
- •Практикалық жұмыс № 4 Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықта жаһандану және аймақтану үрдістері.
- •Практикалық жұмыс №5 Тақырыбы: Дүниежүзінің өндірістік географиясы. Дүние жүзінің ауыл шарушылық географиясы
- •Ауыл шаруашылығының негізгі географиялық типтері
- •Дүниежүзінің тау – кен өндірісі
- •Практикалық жұмыс №6 Тақырыбы: Көлік географиясы және халықаралық экономикалық байланыстар. Ғаламдық экологиялық мәселелер.
Тақырыбы: Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы. Қоғамдық және дүниежүзілік еңбек бөлінісі.
Мақсаты: студенттерде қазіргі заманғы дүниежізілік шаруашылықтың құрлымы туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:
Дүниежүзілік шаруашылық.
Өңдіруші және өндеуші өнеркәсіп
Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады.. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп
2. Олардың негізгі орналасу ерекшеліктері, ірі аудандары мен орталықтары.
Өңдеуші өнеркәсіп
Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
кұрылымы жағынан өте күрделі болуы; энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі; кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы; ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы; қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы; шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның кұрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке (резина) — техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.
Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Дүние-жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 3/4 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады.
Жеңіл өнеркәсіп. Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты фактордың бірі — сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады. Құрылымы жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу); жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі); дайын өнімдер шығару (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзінде жетекші орынға Азия елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды. Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр. Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы елтірі бұйымдары, сәндік киім-кешек, қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.
Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс істейтіндіктен, соңғы онжылдықта жасанды талшықтар үлесінің артуы өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етті. FTP жетістіктерін пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен жаңа индустриялы елдерде тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда мұндай өндіріс Қызылорда каласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды талшықтарды араластыру аркылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады. Жалпы алғанда, мақта маталарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғүрлым қымбат жүн маталарын тоқу дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.
Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән. Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар қажеттілігінен әлденеше есе кеп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну елдер бойынша айырмашылық жасайды. Батыс Еуропада қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібін аса сапалы жергілікті шикізатты өңдеу негізінде дайындалған өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды.
Жан басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг).
Басқа аймақтардағы дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар. Балық өнімдерін сыртқа сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбия, Индонезия, Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка шайды; Үндістан, Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.
Сонымен тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық) ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті шикізат көзіне; екіншіден, елдің даму деңгейіне байланысты азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкі болуы; үшіншіден, жергілікті ұлттық (діни) әдет-ғұрыптарға байланысты болады.
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады.
Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
1.елдердің мамандануы қандай факторларға байланысты?
2.дүниежүзілік шаруашылық елдердің интеграция үрдісіне әсері қандай?
3.Дүниежүзілік шаруашылық елдердің әлеуметтік жағдайларға әсері бар ма?
Дәріс №6