Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-06-12. Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
131.58 Кб
Скачать

10. Оқу және оқыту әдістері

  • Дәрістер: шолушылық және проблемалық.

  • Практикалық сабақтар: талқылаулар, пікірталастар, коммуникативтік тренинг, бақылау сұрақтарымен, кестелермен, сызбалармен жұмыс, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерге жауап беру, шағын топтармен жұмыс.

  • Студенттердің өздік жұмыстары (студенттердің оқытушымен бірлесе отырып жасайтын жұмыстары): әдебиеттермен, электрондық мәліметтер және компьютерлік базалармен жұмыс, глоссарийлер, кестелер құрастыру және толтыру, эсселер, саяси хабарламалар әзірлеу, ситуациялық есептер мен тест тапсырмаларына жауап беру, мәнжазбалар дайындау және қорғау.

11. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: талдау жасай білу, өз пікірінің болуы және саяси шынайылықты бағалай білуі, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерді шеше білуі, тапсырмаларды тексеру және т.б.

  • Аралық бақылау: билеттердегі сұрақтарға және тест тапсырмаларына жауап беру.

  • Қорытынды бақылау: тестілеуді/ауызша жауап беруді қамтитын емтихан.

Ескерту: Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау М. Оспанов атындағы БҚММУ-да қабылданған унификацияланған рейтинг әдістемесі бойынша жүргізіледі және ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды қамтиды.

Ағымдағы бақылау күн сайынғы сабақ барысында бағаны сабақ кестесіне сәйкес оқу журналына енгізу арқылы жүргізіледі.

Аралық бақылау оқытудың 7-8 аптасында қарастырылады. Білімдерді бақылау оқытылатын тақырыптар бойынша әр сабаққа арналып жасалған білімдерді бақылауға арналған тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Қорытынды бағалау кафедрада ауызша немесе бланкілік тестілеу жолымен, не болмаса тест орталығында жүргізіледі. Ол үшін 500 тест тапсырмасынан 100 сұрақ алынып беріледі, кей кездерде деканаттың шешімі бойынша ауызша билеттік формада (әрқайсысында 3 сұрақ қамтылған 30 емтихан билеті).

11.1. Практикалық (семинарлық) сабақтарға қойылатын негізгі талаптар

Әріптік балл

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар

А

Тақырыптың барлық сұрақтары бойынша толықтай ашылуы. Негізгі дереккөздер мен қосымша әдебиеттермен таныс болу және талдау. Сұрақтарды өз бетімен оқып оларды толықтай конспектілеу. Ситуациялық сұрақтарды еркін баяндап өздігінен талдай білу. Ғылыми тұрғыдан ойлай білуі.

А-

Тақырыптың барлық сұрақтары бойынша толықтай ашылуы. Негізгі дерккөздерімен таныс болу және талдау бере білу. Сұрақтарды өз бетімен оқып, оларды конспектілеу. Ситуациялық сұрақтарды еркін баяндап, оларға ішінара талдай білуі.

В+

Тақырыптың негізгі сұрақтарын аша білу. Негізгі дереккөзбен танысу және оны талдай білу. Конспектінің болуы. Материалды еркін баяндау. Ситуацияны логикалық түрғыдан баяндай білу.

В

Басты сұрақтардың мән мағынасын аша білу. Негізгі дереккөздермен танысу. Конспектінің болуы. Материалды еркін баяндай алуы. Жағдайды логикалық тұрғыдан жалпы сипаттай білуі.

В-

Тақырыптың басты сұрағының мәнін аша білу. Кейбір дереккөздермен таныс болу. Жекеленген сұрақтар бойынша конспектінің болуы. Өз ойларын еркін жеткізе білуі.

С+

Тақырыптың сұрақтары бойынша жалпылама сипаттама. Кейбір дереккөзбен ғана танысу. 1-2 сұрақ бойынша конспектінің болуы. өз ойларын конспектіге қарап баяндауы.

С

Сұрақтар бойынша жалпылама түсінігінің болуы. Сұрақтар бойынша негізгі анықтамаларды білу. Конспектінің 1 сұрақ көлемінде болуы. Материалды орташа деңгейде баяндауы.

С-

Кейбір сұрақтарға ғана жауабының болуы. Жалпы түсініктермен ғана шектелуі. Конспектінің 1 сұрақ төңірегінде болуы.

D+

1-2 сұрақтарға ғана аздап жауап беруі. Аз ғана конспектінің болуы.

D

1 қойылған сұраққа ең төмен жауап. Тақырып бойынша ең аз жауап берілуі.

Ғ

Тақырып бойынша мүлдем түсінігінің болмауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]