
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •7. Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •7.2. Семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •8. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •9. Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- •10. Оқу және оқыту әдістері
- •11. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
- •11.1. Практикалық (семинарлық) сабақтарға қойылатын негізгі талаптар
- •11.2. Сөж жұмыстарына қойылатын талаптар мен бағалау критерийлері Мәнжазбаға, эссеге немесе әңгімеге қойылатын талаптар
- •Презентацияны бағалау критерилері (бағалау парағы)
- •Бағалаудың әріптік-көп балдық рейтингтік жүйесінің кестесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус
Пән: Философия
Пәннің коды: Fil2102
Мамандық: «Жалпы медицина»(5В130100)
Оқу сағаттарының көлемі – 135
Оқыту курсы мен семестрі: 2 курс, 4 семестр
Ақтөбе қ., 2013
Оқытушылар туралы мәліметтер
Алтай Тайжанұлы Тайжанов – философия ғылымдарының докторы, профессор
Жанат Ерғалиқызы Айтжанова – аға оқытушы
Бауыржан Исаұлы Шәмші – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Самат Самидуллаұлы Күміспаев – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Мирлан Есенғалиұлы Ерғалиев – аға оқытушы
Бекзат Аққонысұлы Молдин – оқытушы, саяси ғылымдар магистрі
Айнұр Рашидқызы Жанғалиева – оқытушы, философия ғылымдары магистрі
Гүлжанат Талғатқызы Утешова- оқытушы
Нұрлан Амангелдіұлы Құмаров – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Бекен Сарсенғалиұлы Балапашев – оқытушы
Наталья Әбдіғалиқызы Сағымбаева - оқытушы
Байланыс ақпараты: ҚР, Ақтөбе қ, Маресьев к. 68, бас ғимарат, Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы, тел. 56-80-62.
Пәннің саясаты: кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі керек, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.
Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі айыптау шаралары: жіберген сабақтарын өтеуге рұқсат қағазының болуы, аптасына екі рет сабаққа қатыспағандығы туралы баяндау хаттар жіберу (ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес).
Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:
Оқу процесін ұйымдастыру
Кафедра сабақ кестелеріне сай, факультеттер, курстар мен оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Пәннің оқу бағдарламасымен білім алушылардың үлгерімін бақылаудың ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кешенді бақылау, үй тапсырмаларының орындалуы және тесттер секілді түрлері анықталған. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі. Білім алушылардың білім жетістіктері емтихан сессиясының кезінде пән бойынша емтихандар тапсыру түрінде өткізіледі. Емтиханның өткізілу тәртібі тестілеу немесе ауызша бақылау формасында жүреді. Сабақ кестесін оқу бөлімімен және тіркеу-офисімен бейімдеп, штаттық кестені оқу жылының семестрлеріне бөледі. Студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық формаларымен қамтамасыз етеді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ-ң Ғылыми орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасап, практикалық сабақтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Үшінші семестр жүргізу кезінде қосымша білім беру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету: Силлабустар, анықтама-жолсеріктер, СӨЖ және ОСӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар студенттерге кафедрада және кітапханада ұсынылады. Сабақ, кеңес берулер кестелері, ҒСҚ жүргізу кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
Аудиториялық сабақтар мен СӨЖ жүргізуге қойылатын талаптар: Аудиторялық және аудиториядан тыс сабақтар факультеттер, курстар бойынша, сабақ кестелеріне сай қамтамасыз етілген.
Білім алушыларға қойылатын талаптар: Практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысу міндетті түрде. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Айыптық шаралар «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де білім беру процесін ұйымдастыру туралы ережелерге» (2009) сай жүзеге асырылады. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. Өтем жасағаннан кейін білім алушы аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. Өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмаған білім алушы аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді.
1. Кіріспе Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көрінісінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айырықша формасы.
Оқу пәнінің объектісі мәдени-тарихи дамуында және қазіргі жай-күйінде алынған рухани өндірістің ерекше формасы ретіндегі философия болып табылады. Оқып-үйрену объектісінің құрамына дүниежүзілік және отандық философияның ішкі бірлігінде алынған негізгі бағыттары мен мәселелері кіреді.
2. Пәннің мақсаты: Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі, әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға көмектесу.
3. Оқыту міндеттері:
- философиялық ой-кешудің тарихи типтерін мәдени контекстіде талдау;
- болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- пән мазмұнын студенттердің пәнге деген қызығушылығын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- мәдениет контекстінде философиялық көзқарасты және дүниетанымдық сұрақтарды шешуде негізгі философиялық әдістерді қалыптастыру;
- нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу;
- адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу;
- философияның негізгі терминдері мен мәселелерін білу;
- негізгі философиялық тұғырнамаларды білу;
5. Пререквизиттер:
- Қазақстан тарихы;
- Мемлекет және құқық негіздері;
- Саясаттану;
- Психология;
- Экономикалық теория негіздері;
Шектес пәндер:
- Әлеуметтану;
Постреквизиттер:
6. Пәннің қысқаша мазмұны: Философияның мәнін талқылаудың әртүрлі типтері. Дүниетаным және дүниеге көзқарас ұғымдары. Мәдениет әлеміндегі философияның орны. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көптүрлілігі. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі философиялық толғаныстар. Философияның тарихи-мәдени сипаты. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және саясат.
Философия және философ. Адам өміріндегі идеалдар. Философия даналық. Философиялық толғаныстар. Адам өмір сүруіндегі ішкі сезімдер, құштарлықтар.
7. Сабақтардың тақырыптық жоспары
7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары
(академиялық сағат уақыты 50 минут)
№ |
Дәріс тақырыбының атауы |
Сағат саны |
1 |
Философия мәдениет феномені хақысында 1. Философияның объектісі және пәні. 2. Философияның негізгі сұрағы және оның екі қыры. 3. Философияның әдістері мен құрылымы. 4. Философияның категориялары мен қызметтері. |
2 |
2 |
Шығыс мәдениетіндегі философия феномені 1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі. 2. Ежелгі Үнді философиясының негізгі бағыттары. 3. Ертедегі Қытай философиясының негізгі мектептері. |
2 |
3 |
Антикалық мәдениеттегі философия 1. Антика философиясының ерекшелігі. Сократқа дейінгі философия. 2. Классикалық философия. 3. Эллинизм философиясы. |
2 |
4 |
Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені 1. Ортағасыр философиясының негізгі мәселелері. 2. Схоластикалық философия. 3. Араб философиясындағы негізгі бағыттар. 4. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары. |
2 |
5 |
Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия 1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі ілімдер. 2. Жаңа дәуірдегі ғылыми таным мәселелері. 3. Ағартушылық философиясының ерекшелігі. |
2 |
6 |
Неміс классикалық философиясы 1. Канттың өмірі мен философиясы. 2. Фихте мен Шеллингтің идеализмі 3. Гегельдің философиялық жүйесі. 4. Фейербахтың антропологиялық материализмі. |
2 |
7 |
ХІХ ғ мәдениетіндегі батысеуропалық философия 1. Маркстік философияның қалыптасуының алғышарттары мен мәні 2. Позитивизм философиясы 3. Классикалық емес идеалистік философия 5. З Фрейд және фрейдизм |
2 |
8 |
ХІХ-ХХ ғғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы 1. Орыс философиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері 2. Батысшылдар мен славянофилдер XIX ғ. - XX ғ. басындағы орыс философиясының бастауы негізінде. 3. ХХ ғ орыс философиясындағы негізгі ағымдар. 4. Орыстың діни философиясы. |
2 |
9 |
Қазақ мәдениетіндегі философия феномені 1. Қазақ жеріндегі ежелгі дүниетаным. 2. Түркі дәуіріндегі наным-сенімдер 3. Қазақ даласына ислам дінінің қанат жоюы. 4. Қазақ философиясының негізгі даму кезеңдері. |
2 |
10 |
ХХ ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік және ХІХ-ХХ ғғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия 1. Өмір философиясының негізгі бағыттары. 2. Неопозитивтизм және оның кезеңдері. 3. Экзистенциализм философиясы. 4. Батыстағы діни философиясы. |
2 |
11 |
Болмыс философиясы 1. Болмыс ұғымы. 2. Болмыстың түрлері. 3. Субстанция мәселесі. 4. Материя және оның өмір сүру формалары |
2 |
12 |
Философиялық антропология. Әлеуметтік философия 1. Философия тарихындағы адам мәселесі. 2. Тұлға және тұлғаның адамгершіліктік қасиеттері. 3. Тұлғаның бостандығы мен қажеттілігі. Адам өмірінің мәні. 4. Әлеуметтік философияның объектісі және пәні. 5. Қоғам ұғымы. Қоғамның қалыптасуы мен дамуы. |
2 |
13 |
Мәдениет философиясы. Махаббат философиясы. 1. Мәдениет ұғымы. Мәдениет түрлері. 2. Мәдениет және өркениет 3. Махаббат философиясындағы негізгі түсініктер. 4. Махаббаттың түрлері. |
2 |
14 |
Дін философиясы. Тарих философиясы. 1. Алғашқы діни наным-сенімдер. 2. Дін ұғымы, мазмұны, қызметтері. 3. Тарих философиясының пәні. 4. Тарихтағы прогресс мәселесі. |
2 |
15 |
Саясат философиясы. Оқу-білім философиясы. 1. Саясат философиясының пәні. 2. Тарихтағы саясат мәселесінің қойылуы. 1. Білім беру философиясының пәні. 2. Білім философиясының қоғамдағы орны. |
2 |
16 |
Диалектика теориясының мәселелері 1. Диалектика және оның альтернативтері. 2. Диалектиканың категориялары мен принциптері 3. Диалектиканың заңдары. |
2 |
17 |
Эпистемология. 1. Сана ұғымы, сананың пайда болуы және мәні. 2. Таным және оның формалары. 3. Ғылыми танымның ерекшелігі. 4. Ғылыми танымның түрлері. |
2 |
18 |
Глобальдық проблемалар философиясы 1. Глобальдық проблемалар ұғымы 2. Глобалдьдық проблемалардың жіктелуі. 3. Глобализация және футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы |
2 |
|
Барлығы |
36 |