Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППГ пз Конакбай З..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.02.2020
Размер:
817.97 Кб
Скачать
  1. Қауіпті жүктерді тасымалдаудың шарттарын анықтау

Жұмыстың мақсаты : қауіпті жүктерді тасымалдау шартын анықтау.

Қауіпті жүктерге тасымалдау тиеп-түсіру, сақтау кезінде көліктің немесе қойма құрылғысы ғимараттардың жарылуына, өртенуіне, сонымен қатар адамдар мен жолаушылардың жарақаттауына, улануына, күйуіне, сәулеленуіне, ауруына әкелуі мүмкін заттарды жатқызамыз.

Қауіпті жүктердің химиялық, физикалық және басқа қасиеттері бірдей емес, сондықтан оларды әр түрлі көлік түрлерімен тасымалдаудың қауіпсіздік ережелерінде қарастырылған әр түрлі сыртқы және ішкі бумаға орайды.

Қауіпті жүктердің біреуі өртке қауіпті, екіншісі улы, үшіншісінің жарылғыш қаупі бар, төртіншісі судың әсерінен тұтанады және сол сияқты. Кейбір химиялық жүктер бірнеше қауіпті қасиеттерге ие: жанғыштық және улы, өздігінен жанатын және жарылғыш қаупі бар және тағы басқа.

Көптеген химиялық жүктер және материалдар қауіптілік дәрежесіне және қасиетіне байланысты тасымалдау және сақтау барысында жеке категорияларға және топтарға біріктірілген, ол жүктердің бумасын стандарттауға және тасымалдау шарттарын жасауды жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде жарамды қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде әр түрлі көлік түрлерінде оларды категорияларға бөлу әр түрлі жіктелген. Қауіпті жүктердің топтарға мұндай жіктелуі жүк жөнелтушілердің және жүк қабылдаушылардың жүктерді бумалауға, таңбалау жұмыстарына қиындықтар тудырады.

Қауіптілік дәрежесіне және түріне байланысты қауіпті жүктерді жіктеу, сонымен қатар жүк орындарына сәйкес қауіптілік белгілерін түсіру МЕСТ 19433-88 «Қауіпті жүктер. Жіктелуі және таңбалануы» сәйкес жүргізіледі.

Темір жол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау Ережелері бойынша қауіпті жүктер келесі класстарға бөлінген:

Класс 1 – жарылғыш материалдар;

Класс 2 – қысылған, ерітілген және қысыммен ерітілген газдар;

Класс 3 – тез тұтанғыш сұйықтар;

Класс 4 – тез тұтанғыш қатты заттар;

Класс 5 – тотықтандыратын заттар және органикалық пероксидтер;

Класс 6 – улы заттар және инфекциялық заттар;

Класс 7 – радиоактивті материалдар;

Класс 8 – күйдіретін және коррозиялық заттар;

Класс 9 – қалған қауіпті заттар.

Әр бір класстағы қауіпті жүк физика-химиялық қасиеттеріне, қауіптілік түріне және дәрежесіне сәйкес тасымалдау барысында қосалқы класстарға, категорияларға және топтарға бөлінеді.

Қауіпті жүктерді белгілі бір классқа, қосалқы классқа, категорияға және топқа жатқызу МЕСТ 19433-88 сәйкес жүргізіледі.

Кейбір ерекше қауіпті жүктер барлық көлік түрлерінде қаруланған күзеттің жеткізуімен тасымалданады.

Ерекше қауіпті жүктерді бір вагонда тезтұтанатын жүктермен, барлық түрдегі сұйық жүктермен, тіпті қауіпсіз мұнай өнімдерімен, сонымен қатар тез тұтанатын жұмсақ ыдысқа салынған жүктермен біріктіріп тасымалдау рұқсат етілмейді.

Әр түрлі көлік түрлерімен қауіпті жүктерді келесі жалпы шарттардың сақталуымен тасымалдайды:

  • темір жол көлігімен қауіпті жүктерді жай немесе арнайы жабдықталған жылжымалы құрамда немесе жүк жөнелтушінің жылжымалы құрамында тасымалдайды. Қауіпті жүктер темір жолда көбінесе жабық вагондарда, кейбір қауіпті жүктер вагонның арнайы тағайындалғанын көрсететін арнайы трафареті бар арнайы вагондарда тасымалданады;

  • темір жолда қауіпті жүктер вагондық және майда жөнелтіммен, жоғарғы және жүк жылдамдығында тасымалданады;

  • жолаушы поездарында қауіпті жүктер тасымалдауға жіберілмейді, тек қана қол жүгі ретінде тезтұтанатын сұйықтардың, кинофильмдердің және кинопленкалардың сынамалары тасымалға рұқсат етіледі;

  • қауіпті жүктерді тікелей-аралас темір жол су жолы қатынасында тасымалдау жүк жөнелтуші станция бастығына су көлігінің әкімшілігінен хат түріндегі келісімін ұсынғанда ғана рұқсат етілуі мүмкін;

  • әуе көлігінде қауіпті жүктер арнайы жүк ұшақтарында тасымалданады. Жолаушы ұшақтарында тасымалға тек киноленталар және кинопленкалар, мұнай өнімдерінің сынамалары, аз калиберлі оқ дәрілер жіберіледі;

  • автомобиль көлігінде қауіпті жүктер арнайы жүк және жеңіл автомобилдерде немесе автоцистерналарда тасымалданады;

Станцияда немесе жол бойында құжатсыз қозғалып бара жатқан қауіпті жүктер табылғанда, оларға қатысты барлық қауіпсіздік шаралары қабылдануы тиіс.

Қауіпті жүктердің тасымалдау Ережелерінің дәл орындалуына жөнелтуші толығымен жауапты.

Ерекше қауіпті жүктерге оқ-дәрілер, жарылғыш материалдар және күшті әсер ететін улы заттар жатады. Ерекше қауіпті жүктерді жалпы пайдаланылатын қойма ғимараттарында сақтауға, сонымен қатар бұл жүктерді багаж ретінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

[13] тасымалдау шартына байланысты бірнеше топтарға жинақталған жүктердің тізімі басылып шығарылған. Ол тізім мынаны анықтауға көмектеседі:

  • қауіпті жүкті тасымалдау құжатында қауіпті жүктің тізімінің номері, авария карточкасының номері, кестенің шифрі, вагонның түрі, жөнелту түрі, қауіптілік белгісі мен штемпель болған жағдайда темір жолда тасымалдауға болатындығын.

  • қауіпті жүктерді біріккен тасымалдаулардың мүмкіндігі

  • қауіпті жүкті қауіпсіз жүкпен тасымалдаудың мүмкіндігі

Бақылау сұрақтары:

1.Авариялық карточка дегеніміз не?

2. Кандай жүктер қауіпті жүктерге жатады?