
- •Мазмұны
- •Жүктерді тасымалдау жоспарын орындау, есеп карточкасын құру
- •Тапсырма 1
- •Көліктік мөрдің қойылу жері мен әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шартты белгілер
- •Жүктерді тасымалдау және сақтау негіздерінің ережелерін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жабық вагонның басты техникалық мәліметі.
- •5. Жүктердің габариттілігі, түрі мен дәрежесін анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Есептік габаритсіздікті анықтау
- •Қауіпті жүктерді тасымалдаудың шарттарын анықтау
- •Тапсырма 7
- •Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары:
Көліктік ыдыс дегеніміз не?
Қолданыстағы ыдыс дегеніміз не?
Тасымалдауға қолайлы жүктер өзіндік есебі не үшін ұлғаяды?
Тапсырма: Студент өз есімі бойынша жүктердің атауын жазып, тасымалдаудың негізгі шарттарын анықтайды..
Өзіндік тапсырманы орындау үшін
Тасымалданатын жүктердің басты шарттарын анықтау.
Жүктерді сақтауда басты шартты анықтау
.
3-кесте.
№ нұс |
Жүк |
№ нұс |
Жүк |
№ нұс |
Жүк |
№ нұс |
Жүк |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Кәмпитер |
6 |
Тақта |
11 |
Ет өнімдері |
16 |
Дәптер |
2 |
Сүт өнімдері |
7 |
Консервілер |
12 |
Киім |
17 |
Көкөніс |
3 |
Макарондар |
8 |
Жиһаз |
13 |
Теледидарлар |
18 |
Балық |
4 |
Ыдыс-аяқ |
9 |
Аппараттар |
14 |
Ұн өнімдері |
19 |
Кесілген ағаштар |
5 |
Печенье |
10 |
Кеурт |
15 |
Картоп |
20 |
Кірпіш |
№ 4 Тәжірибелік сабақ
4. Вагон тиеудің тығыздылығы
Жұмыстың мақсаты: есеп дағдыларын табу және вагондағы жүктің орналасуының тиімді жолын таңдау
Вагонның сиымдылығын және жүккөтергіштігін пайдалануды жақсарту, тиеу-түсіру жұмыстарының механизациясын қамтамасыз ету және вагондардың тұру уақытын қысқарту үшін жүктерді алдын-ала тасымалға сәйкестеп дайындау керек.
Мәні жүк орнының енінен, биіктігінен және ұзындығынан аз болатын, вагон кузовы және жүк арасындағы бос орынды Х деп алсақ, онда тиеу көлемінің жоғалуы сәйкес еніне В және биіктігіне Н көбірек болады және вагонның ұзындығына қарай маңызды қысқарады.
Жабық вагондардың тиелу көлемінің жоғалу мәндері ұзындығы, ені және биіктігі бойынша қалатын аралықтардан тәуелді 4.1-кестеде келтірілген.
4-кесте
Келген вагондардың сипаттамасы |
Тиімді көлемі, м |
Саңылау көлемінде жоғалғаны |
||
L |
b |
h |
||
Q=64т; I=13430 мм; b=2750мм; h=2420мм |
106 |
7.9 Х |
32.5 Х |
35.8 Х |
Q=70т; I= 13800мм; b=2760мм; h= 2791мм |
120 |
7.7 Х |
38.5 Х |
38.1 Х |
Келтірілген мәліметтерге сүйене отырып вагонның сиымдылығын толық пайдалану үшін аралықтарды ені және биіктігі бойынша ең жоғары түрде азайту керектігі көрінеді.
Жүкті жабық вагонда тиімді орналастыруды алдын-ала есептеу 4 этап бойынша жүргізіледі:
1. Бір көлденең қатарда жүктерді орналастырудың тиімді нұсқасы графо-аналитикалық тәсіл бойынша анықталады. Сонымен қатар жақсы үйлестіру жүк орнының екі өлшемін қосумен анықталады: ені және биіктігін, ені және ұзындығын немесе ұзындығы және биіктігін. Бір көлденең қатарға тиелетін орын саны Ккөлд келесі формула бойынша анықталады:
Ккөлд = ас (ху1 + х1у); орын (1)
Мұнда: ас – вагонның биіктігі және ені бойынша жүктің екі өлшемінің үйлестірілуін ескеретін коэффициент;
х, у – вагонның биіктігі және еніне сәйкес бір өлшемде тиелген жүк орнының саны;
х1, у1 – вагонның еніне және биіктігіне сәйкес басқа өлшеммен тиелген жүк орнының саны.
Жүк орындарын көлденең қатарға орналастыруды анықтаудың тиімді нұсқасы х, у, х1, у1 вагонның биіктігіне және еніне минимум аралықтар қамтамасыз етілетіндей есепке келтіріледі. Осы мақсатта масштабпен және бөлек сызықтармен вагонның ені В және биіктігі көрсетіледі. Осы сызықтардың сол жақ жоғары бұрышынан сәйкес масштабта жүк орнының ені bжүк, ал сызықтың оң жақ соңынан (төменнен) жүк орындарының биіктігі hжүк көрсетіледі
Жүк орнының үшінші өлшемі бойынша, вагонның есік аралық кеңістігіне дейін вагонның ұзындығына бойлай қойылатын көлденең қатарлардың саны nқ анықталады. Көлденең қатарлардың жүк орындары есік бағанынан Δl≤0,6lжүк көлемінде шығып тұруы мүмкін (1-сурет).
Вагонның есік аралық кеңістігіне дейін тиелген жүк орнының саны Ке келесі формуламен анықталады:
; орын (2)
мұнда: lгв – вагонға бойлай орналастырылатын жүктің габаритті өлшемі;
Lваг, Lд – вагонның ішкі ұзындығы және есік аралық кеңістікттің ұзындығы.
Жүктерді орналастыру схемасын жасағанда және Ке анықтағанда бұл формулаға nқ тек қана толық мәні қойылады.
3. Вагонның есік аралық кеңістігі жүктің есікке құлауынан сақтайтын талаптарға сай жүргізіледі. Есік аралық кеңістікте тиелетін жүк орындарының саны Кесікар келесі формула бойынша анықталады:
;
орын (3)
мұнда: Нд – есіктің биіктігі, м
lж bж hж – жүктің ұзындығы, ені және биіктігі бойынша жүк орнының габариттік өлшемдері, мм (750х420х280);
282 мм – жүктің және вагонның бүйір қабырғаларының арасындағы қосынды аралық, ол 250мм х 2 арасындағы айырма ретінде анықталады.
4. Жүк орындарының жалпы саны есептелген мәліметтердің қосындысы ретінде анықталады.
Осы тәсіл арқылы алдын-ала жүктің вагонға орналастырылу схемасын жасауға болады. Вагонның есік аралық кеңістігіне жүкті тиеу барысында жүкті вагонның кез-келген есігінен түсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Жүк орындарының құлап кетпеуі үшін жүк аралықтарында қалған саңлауларға шет ел тәжірибелерінде үрленетін ыдыстар пайдаланады. Жүк орындары тиелген соң олардың арасындағы саңлауларға немесе вагон қабырғасымен жүктің арасында қалған аралыққа бос ыдыс қойылады. Ол ыдыс вагонның тежегішіне қосылған арнайы шлангінің көмегімен ауаға толтырылады. Жүк толығымен тығыз қысылғанша ыдыс ауаға толтырылады. Үрленетін ыдыстар әр түрлі материалдардан жасалады (резинадан, синтетикалық икемді материалдардан). Жүкті бекіту үшін пайдаланылатын бекіткіш ретінде үрленетін ыдыстарды пайдалану вагондарды қосымша жабдықтауды талап етпейді.
5-кесте