Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППГ пз Конакбай З..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.02.2020
Размер:
817.97 Кб
Скачать
  1. Көліктік мөрдің қойылу жері мен әдісі

Жарғының 18 бабына сәйкес жүк жөнелтушілер қозғалыс және темір жол көлігінің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тасымалданатын өнімнің сапасын, жүктердің сақталуын, жүк багажының, вагондардың, контейнерлердің, өрт қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін жүкті тасымалға дайындауға міндетті.

Жүктерді тасымалға дайындау кешеніне өнімді сапалы жағдайға (кептіру, сұрыптау, алдын-ала салқындату, ыдырауға бейім жүктерді тұрақтандыру) келтіру, көлік пакеттеріне немесе байламдарына жүктердің орындарын үлкейтіп бумалау, нығыздау (ағаш жаңқасын, шөпті, сабанды, үгіндіні престеу), ұсақтау (металл қалдығының ірі бөлшектерін) немесе үлкен габаритті машина құралдарын жеке бөлшектеу, жүк орындарына көлік мөрін басу және т.б. Жүктерді тасымалға дайындау барысында олардың сәйкес бақылау және тексеру орындармен (нан немесе карантин инспекциясы, ветеринар-бақылау қадағалау орталығы) тексерілуі жүргізіледі.

Жүк жөнелтушілер жүктерді тасымалдауға қозғалыс қауіпсіздігі, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп дайындайды. Жүктер, соның ішінде экспортқа тікелей немесе халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының (КЗХ) теңіз кемежайлары мен шекаралық тапсыру станциялары арқылы тасымалданғанда, оларды зақымданудан, бүлінуден, жоғалудан және жетіспеуден сақтау, сондай-ақ жылжымалы құрамның, темір жол төсемінің және қоршаған табиғи ортаның ластануын және қоқыстануын болдырмау мақсатында тасымалдауға стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес келетін көліктік ыдыс қолданылып буып-түйілген түрде беріледі. Жүктің ыдысына және орамасына, тасымалдаушы тасымалдайтын өнімнің сапасына талаптар тасымалдаушымен келісу бойынша тиісті ұйымдармен бекітілген стандарттармен, техникалық шарттармен белгіленеді. Жүк жөнелтушілер тасымалдаушының талап етуі бойынша тиелетін өнімге, егер жүк буып-түйілген болса, орамасына стандарттар немесе техникалық шарттар қояды.

Жарғының 18 бабына сәйкес ыдыспен орауларға берілетін талаптар стандарттар және техникалық шарттарымен қарастырылады. Жүк тасымалдауға ұсынылған кезде оның ыдысымен ораулары жылжымалы құрамның, теміржолдың бедерін және қоршаған ортаның қоқырсығанынан, ластанғанынан қорғау керек.

“Ыдыс және жүктің ораулары” анықтамасында жарияланған стандартта ыдыстың құрылымдық ерекшіліктері, оның өлшемдері келтірілген, ыдысты таңбалау нұсқаулары көрсетілген.

Жүктерді қабылдау және тасымалдау Ережелеріне сай жүк жөнелтуші ыдысты және дара жүктерге, басқа көлік түрлерінде жарамды, талаптарға сай маркировкалардан басқа көліктік маркиовка түсіруі керек. Көлік маркировкасының мазмұны, оны түсіруді жолы және орны, орналастыру тәртібі, маркировка ярлыктарының өлшемдері және жазулары ГОСТ 14192-96 «Маркировка грузов» сәйкес болуы тиіс. Көліктік маркировка негізгі, қосымша, ақпаратты жазулардан және манипуляциялық белгілерден тұрады.

Негізгі жазулардың мазмұны:

  • жүк қабылдаушының толық немесе қысқартылған атауы;

  • қабылдау станциясының толық атауы;

  • жөнелтімдегі жүк орындарының саны және жөнелтімдегі орын санының реттік тіртібі (бөлшекпен көрсетіледі: алымы – жөнелтімдегі орынның реттік номері, бөлімі – жөнелтімдегі орын саны).

Жүк орындарының саны және орынның реттік тәртібі тек қана әр түрлі немесе әр сұрыптағы жүктер бір типті ыдыста тасымалданса (мысалы әр түрлі және маркалы темекі өнімдері жәшіктерде) немесе бір типті жүктер әр түрлі ыдыстарда тасымалданса, немесе сұрыптардың араласуы болмайтын жағдайларда. Орын санын сонымен қатар құралдардың комплектін жол бойында қайта тиеп тасымалдау жағдайларында немесе жүктерді шағын жөнелтімді вагондармен тасымалдаған кездері де түсіреді.

Қосымша жазулардың мазмұны:

  • тасымалдаушыны және жөнелту станциясын көрсетіп жөнелту пунктінің атауы;

  • жүктерді шағын жөнелтіммен тасымалдағанда әр бір жүк орнына түсірілетін темір жол маркировкасын.

Темір жол маркировкасы бөлшектен тұрады: алымы – тасымалдаушы маркасы және тиреден кейін – жөнелтімдегі орын саны; бөлімі - №4 Тарифтік басшылыққа байланысты жөнелту станциясының коды (2 кітап):

Темір жол маркировкасын жалпы пайдалану орындарында жүк жөнелтуші түсіреді (жүкті тасымлға ұсынуға дейін). Сонымен қатар темір жол маркировкасын тасымал құжаттарының сәйкес графасында көрсетеді. Темір жол маркировкасының болуы жүктердің тасымал құжаттарынан бөлініп кетуі жағдайларында жүктердің табылуын тездетеді, жүкті тасымалға қабылдаған қабылдап-жөнелтушілердің жауапкершілігін орнататуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты жазулар жүк орнының нетто және брутто салмағын килограммен көрсетуден тұрады. Нетто салмағының орнына жүктің санын данамен көрсету рұқсат етіледі. Бұл мәліметтер, егер бумаланған өнімнің сипатын көрсететін маркировкада көрсетілген болса, түсірмеуге болады: жүк орнының габариттік олшемдері сантиметрмен көрсетіледі (ұзындығы, ені, биіктігі немесе диаметрі және биіктігі). Мұндай өлшемдерді, егер ашық жылжымалы құрамда жүктің габариттік өлшемдері 1 м аспайтын болса, жабық вагонда 1,2 м аспайтын болса көрсетпеуге болады.

Манипуляциялық белгілер – бұлар жүкке қатысты тәсілдерді көрсететін белгілер (сурет 2.1). бұл белгілерді түсіру қажеттілігі өнімнің техникалық шарттарында, стандарттарында көрсетіледі. Егер жүкке қатысты тәсілдерді манипуляциялық белгілермен жеткізе алмаса, ескерту жазуларын пайдалануға болады.

Көліктік маркировка әр бір жүк орнына түсірілуі қажет. Негізгі, қосымша және ақпаратты жазуларды (тек қана нетто және брутто салмақтан басқа) барлық жүк орындарына түсіруге болады, егер тікелей темір жол қатынасында вагондық жөнелтіммен бір түрлі жүктерді тасымалдаса көлік маркировкасының түсірілуі төртеуден аз болмауы керек.