
- •Үлкен қашықтыққа сагналдарды тасымалдау
- •Модуляция және демодуляция үшін қолданылатын модемнің аппараттық құралдары
- •Деректерді тасымалдауының жалға алынған аналогтық арналары
- •Коммутацияланған линиялар үшін оптикалық, радиожиілік модемдер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Пакеттер концепциясы
- •Дестелер және уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу. Дестелер және аппараттық фреймдер
- •Тасымалдау кезінде пайда болатын қателер
- •Бөлінетін байланыс арналары
- •Жергілікті желілер топологиясы
- •Жергілікті желілер технологиялары
- •Аппараттық адрестеу және фрейм типін анықтау
- •Жергілікті желіні кеңейту
- •Алыс қашақтыққа цифрлық байланыс. Цифрлық телефония
- •Телефон байланысының стандарттары
- •Үлестрілген желілердегі маршрутизация
- •Маршрутизация кестені және графта ең қысқа жолды есептеу
- •Желілерді біріктіру: концепциялары, архитектурасы және хаттамалары
- •Osi моделінің жалпы сипаттамасы
- •Желідегі кептелістерді болдырмау
- •Жалпы мәліметтер
- •Интернеттегі адрестеу жүйесі
- •9.Лекция Web-парақтарын қарайтын программа-браузерлер және web-серверлер – 2 сағат
- •10.Лекция Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау – 2 сағат
- •11.Лекция Қазіргі интернет технологиялар – 2 сағат
- •1. Корпоративтік web-сайт:
- •5. Интернет биржа – табысы коммиссия, егер де сол әр келісімде стушы немесе сатып алушы болса, шығынның төмендеуі болады, сол арқылы пайда табу.
Дестелер және уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу. Дестелер және аппараттық фреймдер
Әдетте байланыстың бөлінетін ресурсына жіберушілердің кезек бойынша қатынас құру желілерінде уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу қолданылады. Ол 5.2-суретте көрсетілген.
5.2-сурет. . Дестелерді қолдану арқылы мультиплексирлеу. Жіберушілер бөлінетін байланыс арнасын кезек бойынша пайдалану мүмкіншілігіне ие болады; (а) 1-компьютер ресурсты дестені жіберу үшін қолданады, (б) дестені жіберу кезегі 2- компьютерге көшеді.
Мәліметтердің кішігірім блоктарға бөлінуі барлық жіберушілердің үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, өйткені бір жіберушінің белгісіз бір ұзақ уақытқа қатынас жасау құқығын алу мүмкіндігін болдырмайды. Жеке түрде, егер бір жіберушіге екі-үш десте, ал екіншісіне – мыңдаған десте жіберу керек болса, екі жіберушіге кезек бойынша дестелерді жіберу мүмкіндігін беру мынаған кепілдік береді: мәліметтердің кішігірім көлемін жіберуші өз жұмысын тосқауылсыз орындайды.
«Десте» терминімен деректердің кішігірім блогы аталғанымен, десте форматы қатысында жалпы қабылданған ереже жоқ. Әрбір аппараттық технологияда осы аппараттық жабдықтау көмегімен тасымалданатын дестелер қандай болу керектігі анықталады және дестенің жеке биттері қалай жіберілетіні көрсетіледі. Дестелік тасымалдың жалпы принципін және берілген аппараттық технологиядағы дестенің нақты анықтамасын айыру үшін «фрейм» ұғымы пайдаланылады. Ол бір фреймде максималды түрде қанша деректер болатынын немесе фрейм биттері желі бойынша қалай берілетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Кейбір желілік технологияларда фрейм форматы қалай берілетінін анықтау үшін қарапайым мысал қарастырайық. Айталық, бір компьютерден екіншісіне деректер блогын RS-232 сияқты символдық тасымал схемасын қолдана отырып жіберу қажет делік. RS-232 стандарты биттерді қалай кодтау керектігін және жеке символдарды қалай жіберу керектігін көрсеткенімен, ол жіберушіге символдар блогының соңын бейнелейтін механизмді қарастырмайды, сондықтан осындай детальдар деректерді жіберетін немесе қабылдайтын компьютерлер арасында өзара үйлесуі қажет. Ал бұл – жіберуші мен қабылдаушы өзара әр фреймнің басы мен соңы қалай бейнеленетінін үйлестіру керек екендігін білдіреді.
Егер фреймде тасымалданатын деректер символдары барлық мүмкін мәндерден тұрмаса, онда желілік жүйеде екі қолданылмайтын символды таңдап, оларды әр фреймнің басы мен соңын бейнелеу үшін қолдануға болады. Айталық, ASCII кодында берілген мәтіндік құжатты жіберу үшін RS-232 стандарты қолданылады делік. ASCII кодировкасы әдетте мәтіндік құжатта кездеспейтін басылмайтын символдарға арналған кодтардан тұратындықтан, желіде осы екі басылмайтын символдар қолданылуы мүмкін. 5.3-суретте желіде фреймнің басы мен соңын бейнелеу үшін ASCII кодировкасының soh және eot символдары қолданылғаны көрсетілген. Жіберуші soh символын, сосын – мәліметтер символын және соңында – eot символын жібереді.
soh |
Фреймдегі деректер блогы |
eot |
5.3-сурет. Фреймге мысал, мұнда soh символы фрейм басын, ал eot символы соңын бейнелейді
Бұл мысалдағы фреймдерге бөліну схемасының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Негізгі кемшілік болып – шығын саналады.
Неліктен олар пайда болатындығын түсіну үшін мынаны елестету қажет: егер жіберуші екі фреймді қатар ұздіксіз жіберсе не болады? Бірінші фрейм соңында жіберуші eot символын, сосын ол екінші фреймді жіберуге дайын болу үшін кідірусіз soh символын жібереді. Мұндай жағдайларда деректердің екі блогына ажырату үшін бір символды пайдалану жеткілікті, сондықтан осы жағдайда фреймге бөлу схемасы деректер блогы арасындағы қосымша, керек емес символды жөнелтуді талап етеді.
Егер деректерді жіберуші компьютер толық фреймді жіберуге үлгере алмай, аварияға ұшыраса, eot символы түспейді және қабылдаушы фреймнің толық еместігін білетін болады. Жіберуші қайта қосуды орындап, жаңа фрейм жіберген соң, ол тасымалды soh символынан бастайды, ал бұл туындаған қателікті қабылдаушының байқауына мүмкіндік береді. Егер компьютер-қабылдаушыда авария немесе қайта қосу болса, ол фрейм басын бейнелейтін soh символын қолданады.
Байттарды қосу. Әр фреймнің басы мен соңын бейнелеуге арналған символдарды қолданудағы артықшылыққа қарамастан, көптеген компьютерлік желілерде тек желімен ғана қолданылатын қайсыбір символдарды резервтеу тәжірибеленбейді. Қосымшаға әдетте кездейсоқ символдарды жіберу рұқсат етілген. Қосымшада фреймдерге шек қою үшін қолданылатын soh және eot сияқты бір немесе бірнеше символдардан тұратын деректерді жіберу талап етілуі мүмкін. Алайда фрейм деректердегі осындай символдардың тікелей тасымалы проблема туғызады, өйткені қабылдаушы eot символын бүкіл фреймнің соңғы мәні деп қабылдайды. Сондай-ақ, soh символын кездестіргенде, қабылдаушы жаңа фреймнің тасымалы басталғанын тұжырымдайды.
Ереже бойынша жіберілетін деректер мен басқарушы ақпарат арасындағы айырмашылықты ажырату үшін желілік жүйелерде келісім қолданылады, оған сәйкес жіберуші тасымал алдында мәліметтерді біраз өзгертеді, кейін қабылдаушы оларды қосымшаға жібермес бұрын деректерді бастапқы қалпына келтіреді. Сондықтан да желіні пайдаланатын қосымшалар еркін деректерді жіберетіндігіне байланысты желілік жүйе әрқашан деректерді басқарушы ақпараттан ажырата алады.
Жіберуге дайындалған деректерге өзгерістер енгізу үшін желілік жүйелерде әдетте қосымша биттер мен байттарды қосу қолданылатындықтан, бұл деректерді қосу әдісі деген атқа ие. Деректерді қосу әдісі фреймге деректердің еркін мәнін қосу мүмкіндігін қалай қамтамасыз ететінін түсіну фрейм форматын қарастырайық. Жіберуші мен қабылдаушы фреймге шек қою үшін soh және eot символдарын қолдануға келісім жасасқандықтан, бұл екі символ деректерде болмауы тиіс. Бұл проблеманы деректердегі резервтелген символдарды бейнелеуге арналған үшінші символды қолдану арқылы байттарды қосу әдісі көмегімен іске асырылады. Мысалы, айталық, мұндай символ ретінде ASCII кодировкасындағы esc (1В-тың оналтылық мәні) символы таңдалған. Деректерде осы үш арнайы символ кездескенде жіберуші олардың орнына esc символын қояды. Бұл 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Байттарды қосу
Деректердегі символ |
Жіберілетін символдар |
Soh Eot esc |
esc x esc у esc z |
Байттарды қосу үшін жіберуші қандай да бір деректі жібермес бұрын барлық деректер блогын қарап шығып, сипатталған алмастыруды қолдануы тиіс. Осы кестеде көрсетілгендей, жіберуші soh символын esc және х символдарымен, eot-ты esc және у символдарымен, ал esc-ті esc және z символдар құрамымен ауыстырады. Символдардың түсуі боыйнша жіберуші x, y немесе z символдардың бірі ілесетін esc символын байқаған соң, осындай екісимволдық тізбекті оған сәйкес бір символмен алмастырады. 5.4-суретте байтты қосқаннан кейінгі фрейм және деректер блогына мысал келтірілген.
5.4- сурет. Байттарды қосу принципі (а) – soh типті символынан тұратын деректер, (б) – байттарды қосқаннан кейінгі фрейм. Штрих сызықтарымен символдар алмастырылған немесе қосылған деректер аумағы бейнеленген.
Суретте көрсетілгендей, жіберуші байттарды қосқаннан кейін фрейм деректерінде soh және eot символдары болмайды. Сондықтан да қабылдаушы әрқашан soh символы фрейм басын, ал eot – фрейм соңын білдіретініне сенімді болуы тиіс.