
- •Үлкен қашықтыққа сагналдарды тасымалдау
- •Модуляция және демодуляция үшін қолданылатын модемнің аппараттық құралдары
- •Деректерді тасымалдауының жалға алынған аналогтық арналары
- •Коммутацияланған линиялар үшін оптикалық, радиожиілік модемдер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Пакеттер концепциясы
- •Дестелер және уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу. Дестелер және аппараттық фреймдер
- •Тасымалдау кезінде пайда болатын қателер
- •Бөлінетін байланыс арналары
- •Жергілікті желілер топологиясы
- •Жергілікті желілер технологиялары
- •Аппараттық адрестеу және фрейм типін анықтау
- •Жергілікті желіні кеңейту
- •Алыс қашақтыққа цифрлық байланыс. Цифрлық телефония
- •Телефон байланысының стандарттары
- •Үлестрілген желілердегі маршрутизация
- •Маршрутизация кестені және графта ең қысқа жолды есептеу
- •Желілерді біріктіру: концепциялары, архитектурасы және хаттамалары
- •Osi моделінің жалпы сипаттамасы
- •Желідегі кептелістерді болдырмау
- •Жалпы мәліметтер
- •Интернеттегі адрестеу жүйесі
- •9.Лекция Web-парақтарын қарайтын программа-браузерлер және web-серверлер – 2 сағат
- •10.Лекция Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау – 2 сағат
- •11.Лекция Қазіргі интернет технологиялар – 2 сағат
- •1. Корпоративтік web-сайт:
- •5. Интернет биржа – табысы коммиссия, егер де сол әр келісімде стушы немесе сатып алушы болса, шығынның төмендеуі болады, сол арқылы пайда табу.
Мәліметтерді беру үшін жиілігі 4000 Гц болатын снусоидалық сигналдың амплитудалық модуляциясы қолданылады делік. Секундына қанша бит кодаланады және неге? (көмек: бұл есепті шешу үшін локальды асинхронды байланыс тақырыбындағы ақпарат қажет)
Түсіндіріңдер, неге нақты ауданда жұмыс істейтін әрбіррадиостанцияға бөлек тасымалдауыш жиілігі тағайындалуы қажет?
Жерілікті телефон компаниясынан мәліметтерді берудің төрт проводты линиясын бір жылға жалға алу қанша тұратындығын біліңдер.
Беру линиясын коммутациялайтын модемдерде номерді терумен байланысты барлық әрекеттерді орындау үшін қиын электронды сызбалар пайдаланылғанмен олар төрт проводты модемдрге қарағанда арзан болып келеді. Неге екенін түсіндіріңдер. (көмек: өнім бағасы өндіріс көлеміне қалай тәуелді екенін естеріңе түсіріңдер)
Ұсынылатын әдебиеттер
Алдажаров Қ.С. Компьютерлік желілер: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010. – 144 бет.
Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоклы: Учебник для вузов. 2-е изд. /В.Г.Олифер, Н.А.Олифер.-СПб: Иэдательство «Питер», 2003.-864с.:ил.
Компьютерные сети: учеб. пособие по администрированию локальных и объединенных сетей / А. В. Велихов, К. С. Строчников, Б. К. Леонтьев ; . - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Новый издат. дом, 2005. - 304 с.
Таненбаум, Э. Компьютерные сети : научное издание / Э. Таненбаум. - 4-е изд. - СПб. : Питер, 2005. - 992 с.
5-лекция. Пакетер, фреймдер және қателерді табу - 3 сағат
Лекция мақсаты: Деректерді желіде тасмалдау барысында қолданылатын концепцияларымен, фрейм түсінігімен және форматтарымен танысу.
Сұрақтар:
Пакеттер концепциясы
Пакеттер және уақытты тығыздау арқылы мультиплексорлеу
Пакеттер және аппараттық фреймдер
Байттарды қосу
Пакеттер концепциясы
Көптеген компьютерлік желілерде әртүрлі ұзындықтағы биттердің үздіксіз кезектілігі түріндегі мәліметтер тасымалы пайдаланылмайды. Желілік жүйелерде деректер кішігірім блоктарға бөлінеді, бұл блоктарды дестелер деп атайды, олар бір-бірінен жеке түрде тасымалданады. Сондықтан компьютерлік желілерді көбінесе дестелік желілер немесе дестелердің коммутациялық желілері деп атайды.
Дестелерді пайдалану негізінде келесі екі принцип қолданылады. Біріншіден, беруші мен қабылдаушы компьютерге өздерінің тасымалдау деректерін қатесіз жіберу үшін іс-әрекеттерін өзара сәйкестендіру қажет. Тасымалдау кезіндегі қателікте деректер жоғалуы мүмкін. Деректердің кішігірім блоктарға бөлінуі жіберуші мен қабылдаушыға қай блок зақымдалған, зақымдалмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, байланыс линиялары және модемдердің сәйкес аппараттық құралдары қымбат болғандықтан, олар бірнеше компьютерлердің пайдалануына беріледі. Сондықтан желілік жүйе оларға осы ортаға қатынас жасауға бірдей мүмкіндік беруі қажет. Мұндай тең құқылы жұмысты іске асыру кішігірім дестелерді қолдану арқылы ғана қамтамасыздандырылады. Бұған көзіміз жету үшін бұрынғы компьютерлік желілерде қандай әдістер қолданылғанын қарастырайық.
Алғашқы желілер тең құқылы қатынас жасауға кепілдік беретін. Қолданбалы бағдарлама белгілі-бір уақытқа байланыстың бөлінетін қорын иемденетін; қосымшаға басқа қосымша байланыстың осы ресурсын қолдануға кіріспестен бұрын өз жұмысын аяқтауға рұқсат берілетін. Бұны болғызбас үшін қазіргі компьютерлік желілерде дестелерді пайдалану қарастырылған. Желі бір компьютерге бір дестені жіберуге рұқсат береді де компьютерге тосқаул қояды, сосын басқа компьютерге өз пакетін жіберуге мүмкіндік береді де, осы компьютерге де тосқаул қойып, келесі компьютерге өз пакетін жіберуге мүмкіндік береді. Әр компьютер бір дестені жіберуге жетерлік уақытқа ғана бөлінетін қорды иемденеді, сосын келесі дестені жібермес бұрын басқа компьютер желіні қолданып болғанша тұрып күтуі тиіс.
Дестелерді қолдану неліктен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ететінін түсіну үшін, қандай бір қосымшаға желіні оның жұмысын толық аяқтағанға дейін толық қолдануға рұқсат береді. Мысалы, айталық, 5.1-суретте көрсетілген төрт компьютер байланыстың жалпы арнасын бөліп, оны файлдарды жіберуге қолданады.
5.1-сурет. Төрт компьютерлердің деректермен алмасуы
А компьютері Д компьютеріне файл жіберген кезде В және С компьютерлері күтулері тиіс.
Файлды жіберу үшін қанша уақыт қажет? Егер файл 5 Мегабайтты құраса және байланыс жүйесі секундына 56000 бит жіберген кезде тасымал 12 минуттай уақытты алады. Бұл мысал келесіні көрсетеді:
Бөлінетін ресурстарды қолдануға қосымшаға құқық беретін кез-келген желілік жүйе белгілі бір периодқа басқа компьютерлерді блоктайды.
Егер 5.1-суретте көрсетілген жүйеде мәліметтердің 1000 байттық дестелерге компьютерлер бойынша тасымалын ескерілетін ұстап қалуы қарастырылған. Айталық, А компьютері Д компьютеріне мәліметтер жіберуге кірісті делік. Сонымен бірге А компьютерімен мәліметтер жіберуден кейін мәліметтерді В компьютерінен С компьютеріне жіберу қажеттілігі туындады делік. А компьютері арқылы бір дестені жіберу аяқталған соң желі В компьютеріне мәлімет жіберуге рұқсат береді. Десте 8000 бит мәлімет қана құрағандықтан, ал аппараттық құралдар мәліметтерді секундына 5600 бит жылдамдықпен жібергендіктен, барлық десте 0,143 секундта тасымалданады. Бұдан шығатыны, В компьютері 143 мс күтуі тиіс, сосын тасымалды бастайды.
Жіберуші мен қабылдаушыға өз әрекеттерін координациялауға және барлық компьютерлердің бөлінетін желілік ресурстарына тең құқылы үзіліссіз енуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін көптеген компьютерлік желілерде мәліметтер дестелер деп аталатын кішігірім блоктарға бөлінеді. Компьютерлер дестелерді кезек бойынша бөлінетін желілік ресурс арқылы жібереді. Дестелер көлемі үлкен емес, сондықтан компьютерге ресурсқа енк үшін көп уақыт күту қажет емес.