
- •Үлкен қашықтыққа сагналдарды тасымалдау
- •Модуляция және демодуляция үшін қолданылатын модемнің аппараттық құралдары
- •Деректерді тасымалдауының жалға алынған аналогтық арналары
- •Коммутацияланған линиялар үшін оптикалық, радиожиілік модемдер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Пакеттер концепциясы
- •Дестелер және уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу. Дестелер және аппараттық фреймдер
- •Тасымалдау кезінде пайда болатын қателер
- •Бөлінетін байланыс арналары
- •Жергілікті желілер топологиясы
- •Жергілікті желілер технологиялары
- •Аппараттық адрестеу және фрейм типін анықтау
- •Жергілікті желіні кеңейту
- •Алыс қашақтыққа цифрлық байланыс. Цифрлық телефония
- •Телефон байланысының стандарттары
- •Үлестрілген желілердегі маршрутизация
- •Маршрутизация кестені және графта ең қысқа жолды есептеу
- •Желілерді біріктіру: концепциялары, архитектурасы және хаттамалары
- •Osi моделінің жалпы сипаттамасы
- •Желідегі кептелістерді болдырмау
- •Жалпы мәліметтер
- •Интернеттегі адрестеу жүйесі
- •9.Лекция Web-парақтарын қарайтын программа-браузерлер және web-серверлер – 2 сағат
- •10.Лекция Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау – 2 сағат
- •11.Лекция Қазіргі интернет технологиялар – 2 сағат
- •1. Корпоративтік web-сайт:
- •5. Интернет биржа – табысы коммиссия, егер де сол әр келісімде стушы немесе сатып алушы болса, шығынның төмендеуі болады, сол арқылы пайда табу.
11.Лекция Қазіргі интернет технологиялар – 2 сағат
Лекция мақсаты: Интернет технологиялардың дамуындағы қазіргі тенденциялар: Интернет-экономикасы және Интернет-бизнестің сипаттамаларымен танысу.
Сұрақтар:
Интернет технологиялардың дамуындағы қазіргі тенденциялар
Интернет-экономикасының сипаттамасы
Интернет-бизнестің сипаттамасы
Ерекше тенденциялар:
Web-технологияларда:
1-деңгей ұғымында жатқан ақпарат ішінен тек маңыздысын ғана web-бетке шығару.
2-деңгей сайт дизайнын жасағанда дайын шаблондарды пайдалану.
3-деңгей қазіргі сайттарда броузер сол сайтта орналасқан кез келген суретті көре алады.
4-деңгей осы сайтқа жетіспейтін элементтерді броузер басқа сайттардан ала алады, мысалы: счетчик, валюта курсы, баннер, ауа-райы. Осындай іс-әрекеттерді жасау үшін жаңа құралдар, программалық жабдықтар пайдаланылады.
Сайт құрылысының экономикасында ол жалпы осы саладағы барлық жағдайларды зерттеу. Мысалы: қай жерде қай сайтқа қанша төленеді.
Web-дизайнымен web-программалардағы маркетинг.
Саладағы адам қорына байланысты. Web-сайттар өмір көрінісі.
Әлеуметтік аспектісі.
Интернет-экономика дегеніміз – бұл бизнессте қазіргі ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы.
ЕС (Европейское Содружество) – электрондық коммерция 2006 жылы 2,1 троян болады. Еуропа ішінде 22%-ті құрайды. 2007 жылы интернет аудиториясы 1%-ке өсті және 15 жастан жоғары адамдардың арасында саны 747 млн. Жетті.
Жалпы континенттер бойынша:
Азия;
Еуропа;
Солтүстік Америка;
Латын Америка;
Африка;
Таяу Шығыс;
Австрия мен мұхит.
Мемлекет тарапынан:
АҚШ;
Қытай;
Япония;
Германия.
Электронды коммерция және бизнес: IBM компаниясы анықтамасы бойынша электронды бизнесс – бұл интернет технологиялары көмегімен негізгі бизнесс процесстерді түрлендіру. Интернет-экономикасында интернет арқылы байланыстарды екіге бөлуге болады:
Сыртқы байланыс – Extranet: корпорациялар арасында;
Ішкі байланыс – Intranet: корпорация ішіндегі бөлімдер арасында.
Электронды бизнес кез келген іскерлік белсенділікті анықтайды. Сол белсенділік арқылы корпорация ауқымды аппараттық желіні пайдалану барысында ішкі және сыртқы байланыстарды ұйымдастыру арқылы пайда табуды көздейді.
Электронды коммерция электронды бизнесстің маңызды элементі болып табылады. Электрондық коммерция бұл ақпараттық желілер арасында кез келген келісімдерді іске асыру болып табылады.
Интернет бизнесстің құралдары төмендегідей, интернет бизнесс бқл әртүрлі бизнесстерді құру және дамыту құралдардың тиімді түрі болып табылады. Интернет бизнессті фирмаларға келесілерге мүмкіндік беретін орта түрінде қарастыруға болады:
Бүкіл әлемге немесе өзінің белгілі таңдаған топтарға корпоративтік ақпараттармен қамтамасыз ету;
Шығындарды азайту;
Интернет арқылы төлемдерді жүргізу мүмкіндігі;
Бизнесс процесстерді компанияның ішінде және басқа серіктестерімен оптималдау және автоматтандыру;
Бизнесстің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыздандыру;
Дүние жүзіндегі нарыққа шығу;
Бизнесстің кейбір бағыттарын дамыту;
Жарнама және маркетингтік шараларға жұмсалатын шығындарды азайту;
Қалалық және аудандық әкімшіліктермен байланыссыз қатынас жасау;
Бизнесстің мобуильденуі.
Интернет-бизнесс технологиясын пайдалана отырып келесі проблемаларды шешуге болады:
компаниялар және серіктестер арасында ақпарат алмасуды жоғарғы деңгейге жеткізу;
жарнама компанияларға жетіспейтін құрал-жабдықтар табу;
жаңа нарықтарға шығу деңгейін өсіру;
аймақтық және дүниежүзіндегі нарықтарға шығу қиыншылықтарын шешу;
мемлекет тарапынан салықтарды жеңілдету;
бизнесс аудандық, қалалық әкімшіліктің араласуын төмендету;
компаниялар ішіндегі бөлімшелер арасында байланыстарды жақсарту;
есеп беру проблемаларын шешу.
Интернет-бизнесстің негізгі құралдары ретінде, әсіресе кіші немесе орта бизнеске келесілер жатады:
кіші корпоративтік web-сайт;
интернет магазин;
ақпараттық аукцион;
ақпараттық бизнесс портал;
интернет биржа;
интернет маркетинг;
интернет банкинг.