Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комп сети.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Желідегі кептелістерді болдырмау

Бұл проблеманы шешу үшін келесі жағдайды қарастырамыз: коммутация түрі келесідей (7.12 – суреттегідей) болсын және әр интерфейстің жылдамдығы 1,5 Мбит\с.

7.12-сурет. Түйіндердің өзара қатынасы

Бірінші компьютер жіберген мәлімет алтыншы компьютерға қандай жылдамдықпен тасымалданатынын қарастырайық. 1- түйіндегі мен 2 - түйіндегі пакеттер параллельді түрде тасымалданса, 3 - түйінде олардың жылдамдығы 3 Мбит\с болады. Ал 3 - түйінде оны жіберуге мүмкіндігі жоқ болса, онда кептелістер пайда болады. Осындай кептелістерді болдырмау үшін желідегі программалық жабдықтауда арнайы программалар болуы қажет және хаттамалрда осы жағдайды бақылауға, оны табуға мүмкіндіктер болуы қажет.

Кептелістерді болдырмау үшін 2 тәсіл қолданылады:

  1. Кептелістер болған жағдай туралы берушіге ескертуді жіберу;

  2. Пакеттердің жоғалғаны туралы ақпаратқа сүйене отырып кептелістер қауіпсіздігін бағалау.

1- әдісті іске асыру үшін коммутаторда кептелістер туралы арнайы хабар пайдаланылады немесе әр пакеттің тақырыбында арнайы битті көрсету пайдаланылады. Егер осы бит қойылған болса, онда пакетті қабылданғанын растауға компьютер сигналына осы ақпаратты қосады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Алыс қашақтыққа цифрлық байланыстың негізгі проблемалары неде?

  2. Цифрлық телефонияның жай телефониядан айырмашылығы қандай?

  3. Телефон байланысының стандарттары немен ерекшелінеді?

  4. Үлестрілген желілерде маршрутизациялау қалай үйымдастырылады?

  5. Маршрутизациялауда қысқа жол дегенді қалай тұсіндіресіз?

  6. Маршрутизациялау кестесі деген не және ол қалай құрылады?

  7. Желілерді біріктіру концепциялары қандай?

  8. Біріктірілген желілер архитектурасы қандай?

  9. OSI моделінің жалпы сипаттамасы.

  10. Хаттамалар деңгейлерін атаңыз.

  11. Желідегі кептелістерді болдырмау үшін не істеу керек?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Алдажаров Қ.С. Компьютерлік желілер: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010. – 144 бет.

  2. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоклы: Учебник для вузов. 2-е изд. /В.Г.Олифер, Н.А.Олифер.-СПб: Иэдательство «Питер», 2003.-864с.:ил.

  3. Компьютерные сети: учеб. пособие по администрированию локальных и объединенных сетей / А. В. Велихов, К. С. Строчников, Б. К. Леонтьев ; . - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Новый издат. дом, 2005. - 304 с.

  4. Таненбаум, Э. Компьютерные сети : научное издание / Э. Таненбаум. - 4-е изд. - СПб. : Питер, 2005. - 992 с.

8.Лекция Интернет қызметі – 2 сағат

Лекция мақсаты: Дүние жүзлік интернет желісіндегі қызметтермен танысу, оларды меңгеру.

Сұрақтар:

  1. Іnternet туралы жалпы мәліметтер.

  2. Іnternet маршруттау және адрестеу.

  3. Іnternetте тапсыруларды басқару.

  4. Жеке компьютерді қосу. Ұйымның аймақтық желісіне және Іnternet-ке тікелей қосылу.

  5. TCP/ІP протоколы.

Жалпы мәліметтер

Интернет – дүние жүзіндегі ақпараттар қоймасы. Мүмкіндік функциялары:

  1. ақпараттық;

  2. байланыс және коммуникациялық;

  3. кеңесу функциясы;

  4. коммерциялық функция;

  5. жарнама (қазіргі кезде СПАМ-ға қарсы үлкен күрес жүргізілуде);

  6. ойын-сауық;

  7. компьютерлік.

ARPANET интернет негізі, Пентагон құзырында болды, 1969 жылы пайда болған. Қарулы күштер үшін пайдаланылды. MILNET ->ARPANET орнына келді. ARPANET+басқа да желілер=интернет.

Интернет қоғамы ISOC (Internet Socienty) – бұл қоғамдық бастамамен құрылған. Мақсаты: интернет арқылы глобальды ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Бұл қоғам «қазылар алқасын» сайлайды. Оның міндеті интернеттегі техникалық немесе ұйымдастырушылық басқару шараларына жауап беру. «Қазылар алқасы» (IAB – Internet Architecture Board) – интернет архитектурасы кеңесі. Бұл кеңесте өз еркімен жұмыс істеуге келіскен адамдар болады. Олар тұрақты жиналыс өткізеді және стандартты бекітеді. Сонымен қатар интернет қорларын үлестіреді.

Интернет стандартын IAB бекітеді. Жасаушылары инженерлік компаниясы IETE – Internet Engineering Tact Force болып табылады. Мысалы: құжат дайындаудан бастап, интер пен пайдаланушы қарым-қатынасын реттейді.

Интернетте заңдылық құқық сақталуы керек.

Интернеттің негізі ретінде жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін телекоммуникациялық магистарльды желілер болып табылады. Магистарльдық желілерге желілік қатынас құру нүктелері арқылы NAP (Network Access Point) автономдық жүйелер қосылады. Бұл жүйелерде өзінің басқарушы әкімшілігі ішкі маршруттарды анықтайтын хаттамалары болады.

Интернетке қосылған жергілікті немесе желілік компьютерлер хост-компьютерлер деп аталады.

Интернеттің негізгі сипаттамасы – желінің жұмыс істеу жылдамдығы. 19 кбит/сек-тен 56 кбит/сек-ке дейін болады.

Интернетке қалай қосылуға болады?

  • Бөлінген бір арна арқылы қосылуға болады. Сонда интернетпен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары болады;

  • Провайдер арқылы, бірақ жұмыс істеу жылдамдығы төмен болады;

  • Бөлінген линия – 256 кбит/сек жылдамдық, максималды жылдамдығы 2 Мбит/сек, кейде тіпті Гбит/сек болады, әсіресе спутник арқылы.

Қалаушы ұяшықтары – жергілікті желі. Интернет құрылымы «клиент-сервер».

Интернет хаттамаларының негізі ретінде екі хаттамалар пайдаланылады:

  1. Internet немесе IP – бұл желіарақыл хаттама болып табылады және OSI моделінің желілік деңгейінің функцияларын атқарады;

  2. TCP хаттама – бұл тасымалдауды басқаруға арналған, OSI моделінің транспорттық деңгейінің функцияларын орындайды.

IP – хаттама электрондық хабарларды пакеттерге бөледі және жіберілген пакет маршруттарын анықтайды. Сонымен қатар, қабылданған пакеттерді өңдейді.

TCP – деректер ағымын басқарады, қателерді өңдейді және ақпараттық қабылданған пакеттер ретімен жиналғанына кепілдік береді. Осымен қатар, интернетте UDP (User Datagram Protocol) қолданушылардың датаграммалық хаттамасы. Бұл – қарапайым дұрыстығына кепілдікті талап етпейтін деректерді тасымалдауға пайдаланылады.

FTP – файлдық.

Telnet – алыс қашықтықтағы компьютерге қатынас құруды ұйымдастыру үшін және осы компьютерде қашықтықтан қомандаларды орындау үшін керек.

SMTP – электрондық почтаны ұйымдастыру хаттамасы.

HTTP – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы.

Гипермәтін – интернетте web-беттерде орналасады, сілтеме ретінде қолданылады.

NNTP – жаңалықтарды тасымалдау немесе телеконференцияларды орналастыру. Бұл хаттамалардың барлығы желіде өздеріне сәйкес қолданбалы процестерді қалыптастырады, ал TCP протоколы міндеті – осы процестер арасында деректердің тасымалдануын қамтамасыз ету.

Процесс – жұмыс программасы.

Бір мезгілде желіде бірнеше процесс орындалуы мүмкін. TCP хаттамасы оларды тану үшін бұл процестерге номер береді. Бұл номерлерді порт номері деп атайды. Мысалы: 21-порт файлды тасымалдауға FTP процесіне, 23-порт Telnet процесіне тағайындалған.

Порт номері IP адресс желідегі орындалып отырған процесті бір мәнді анықтайды. Осы екі жиынды: порт+IPадресс=coket.

Желіні интерне шабуылдан қорғау үшін негізгі сервер ретінде UNIX операциялық жүйесі мен екі абоненттік станция қажет.