
- •Үлкен қашықтыққа сагналдарды тасымалдау
- •Модуляция және демодуляция үшін қолданылатын модемнің аппараттық құралдары
- •Деректерді тасымалдауының жалға алынған аналогтық арналары
- •Коммутацияланған линиялар үшін оптикалық, радиожиілік модемдер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Пакеттер концепциясы
- •Дестелер және уақыттық тығыздау арқылы мультиплексирлеу. Дестелер және аппараттық фреймдер
- •Тасымалдау кезінде пайда болатын қателер
- •Бөлінетін байланыс арналары
- •Жергілікті желілер топологиясы
- •Жергілікті желілер технологиялары
- •Аппараттық адрестеу және фрейм типін анықтау
- •Жергілікті желіні кеңейту
- •Алыс қашақтыққа цифрлық байланыс. Цифрлық телефония
- •Телефон байланысының стандарттары
- •Үлестрілген желілердегі маршрутизация
- •Маршрутизация кестені және графта ең қысқа жолды есептеу
- •Желілерді біріктіру: концепциялары, архитектурасы және хаттамалары
- •Osi моделінің жалпы сипаттамасы
- •Желідегі кептелістерді болдырмау
- •Жалпы мәліметтер
- •Интернеттегі адрестеу жүйесі
- •9.Лекция Web-парақтарын қарайтын программа-браузерлер және web-серверлер – 2 сағат
- •10.Лекция Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау – 2 сағат
- •11.Лекция Қазіргі интернет технологиялар – 2 сағат
- •1. Корпоративтік web-сайт:
- •5. Интернет биржа – табысы коммиссия, егер де сол әр келісімде стушы немесе сатып алушы болса, шығынның төмендеуі болады, сол арқылы пайда табу.
Телефон байланысының стандарттары
телефон линиясына қосылған адаптерлер осы телефон желінің стандартарын қолдау қажет. АҚШта бұл стандарттар Т деген әріптен және цифрмен белгіленеді, ал Еуропада – Е және цифрмен белгіленеді. Дүние жүзінде ең кең қолданыстағы стандарт Т1. Келесі кестеде үш стандарттың сипаттамалары берілген.
Телефон байланысының стандарттары
Стандарттар |
Беру жылдамдығы |
Дыбысты сигналдарды беру арналар саны |
Аймақ |
- |
0,064 Мбит/с |
1 |
|
Т1 |
1,544 Мбит/с |
24 |
Солт. Америка |
Т2 |
6,312 Мбит/с |
96 |
Солт. Америка |
ТЗ |
44,736 Мбит/с |
672 |
Солт. Америка |
Е1 |
2,048 Мбит/с |
30 |
Европа |
Е2 |
8,448 Мбит/с |
120 |
Европа |
ЕЗ |
34,368 Мбит/с |
480 |
Европа |
Қазіргі таңда Т1 стандартпен жұмыс істейтін линиялар кең пайдалынады, бірақ та жеке пайдалануға жалға алу бағасы қымбат болып келеді. Сондықтан төмеңгі жылдамдықпен жұмыс істейтін линияларды жалға алуға болады. Қазіргі кезде Т1 бөлшектелген бөліктері пайдалануда, жылдамдықтары 1,544 Мб/сек келесі жылдамдықпен жұмыс істейтін арналарға бөлінген: 64 Кб, 9,6Кб, 4,8 Кб, 128 Кб. Осы арналардың кең таралғаны 56 кбит/сек жылдамдықпен жұмыс істейтіні. Т1 линияны төменгі жылдамдықпен істеу, жұмыс бөлшектеу уақытты тығыздау арқылы мультиплексорлеу деп аталады, яғни (Time Division Multiplexed - TDM).
Осы стандарта орташа жылдамдықпен жұмыс істеуге линияларды және арналарды қалыптастыру үшін арнайы технология жасалынды. Бұл технологияның кері мультиплексорлеу технологиясы деп атайды. Осы технологияны пайдалана отырып, бірнеше Т1 линиясын жалға алып, оны бір жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін линия ретінде қолдануға болады. Осы линияның екі ұшында кері мультиплексорлеу деп аталатын электронды құрылғы пайдаланады. Орташа беру қабілеттілігі бар цифрлық арналар бар, осындай линияларды ұйымдастыру үшін кері мультиплексорлеу деп аталатын әдіс пайдаланылады, принципі 7.3 – cуретте көрсетілген.
7.3 – сурет. Кері мультиплексордың қосылуы
Әр Т1 линияның соңында цифрлік арна адаптерлері қойылуы қажет. Жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін цифрлік линиялар магистраль деп аталады. Өзінің стандарттарын пайдаланады. Бұл стандарттарды STS (синхронды транспорттық сигнал) деп атайды.
Жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін цифрлық линиялар – бұл линияларды телефон компаниялары магистраль деп атаған болатын және бұл линиялар мемлекеттегі ірі қалаларды немесе мемлекеттер арасындағы байланыстарды ұйымдастыруға пайдаланылады. Осы линиялар STS (Synchron Transport Signal) стандартымен жұмыс істейді.
STS стандарттарымен қатар мамандар ОС деген (оптикалық тасымалдау жиілігі) терминді қолданатын. Бұл терминология оптоволокандық кабельдер арқылы байланысты ұйымдастырылған желілерде қоладнылады. Формальды жағынан осы екіі стандартты ажырату қажет. «STS» стандарттары электрлік сигналдарға байланысты қолданылады, яғни мәліметтер мыс өткізгіш сым арқылы беріледі, ал « ОС» стандарты сигналдар оптоволокондық кабельдер арқылы берілген кезде пайдаланылады. Келесі кестеде STS стандарттары берілген.
STS стандарттары
Белгленуы |
Белгленуы |
Беру жылдамдығы |
Дыбысты сигналдарды беру арналар саны |
STS-1 |
ОС-1 |
51,840 Мбит/с |
810 |
STS-3 |
ОС-3 |
155,520 Мбит/с |
2430 |
STS-12 |
ОС-12 |
622,080 Мбит/с |
9720 |
STS-24 |
OC-24 |
1244,160 Мбит/с |
19440 |
STS-48 |
ОС-48 |
2488,320 Мбит/с |
38880 |
Синхронды оптоволокндық байланыс желісі – SONET болып табылады. Бұл стандарт АҚШ-та жасалған. Еуропада осы стандартты – «синхронды цифрлық иерархия» SDH дейді. Бұл стандарттарда фреймде орналасқан деректердің түрі төменгі жылдамдықпен жұмыс істейтін линияларды жоғарғы жылдамдықпен істейтін бір линияға мультиплекстеу принциптері және синхрондалған деректерді жіберу тәсілдері анықталған. SONET терминалогиясында байттар фреймде 9 жолға, әр жолда 90 бағана бар болып бөлінеді. Осы стандарта фрейм бергенде көлемі үлкен болып келеді. Осы стандартармен бірге телефон компаниялары ISDN (Integrated services digital network) қызметтері біріктірілген цифрлік желі қолданады. ISDN линиясы 3 жеке цифрлық арналардан тұрады. Бұл стандарт көмегімен кабельдік жүйе арқылы абонентерге деректер мен цифрленген дыбысты сигналдар жеткізіледі. ISDN линияларында өрілген қос сым пайдаланады. Бұл технологияның линиясы үш жеке цифрлік арналардан тұрады. Оларды В, В, Д немесе 2В+Д деп белгілейді. 2В арнасы жылдамдығы 64 Кб/сек цифрленген дыбысты сигналдарды, деректерді немесе тығыздалған видео сигналдарды беруге пайдаланады. Д арна басқарушы арна ретінде пайдаланады. Ереже ретінде Д арна қызмет көрсетуді сұрауына қолданылады, 16 Кб/сек жылдамдықпен жұмыс істейді және осы арна арқылы сұраныстар жіберіледі. Осы сұраныстағы қызметтер кейін В арнасы арқылы іске асырылады.
Кейбір жағдайда В арналарды біріктіріп бір ғана арна ретінде пайдалануға болады, ол 128 Кб/сек болады.
Бастапқы кезінде бұл стандарттың жылдамдығы 64 Кб/сек болады. Ал модемнің жылдамдығы 10 Кб/сек болады. Қазіргі таңда озық технология ретінде ADSL технологиясы пайдаланады: асиметтриялық абоненттік цифрлік линия. Бұл технологияда деректерді беру жылдамдығы жоғары болып келеді. Бірақ екі бағыттағы жылдамдық әртүрлі болады, яғни шығару және алу жылдамдықтары. Осы технология интернетпен байланысуда кең қолданулады. Қолданушы веб-беттерді қарау кезінде компьютеріне файлды жүктейді. Осы жағдайда қолданушының интернетке берген трафигі қысқа сұраныстардан тұрады (деректердің көлемі бірнеше сайттан тұруы мүмкін), керісінше интернеттен қолданушыға келген трафик көлемі млн. байттан тұруы мүмкін. Бұл технологияның ерекшелігі кабельдік жүйеге байланысты: телефон линиялар қолданғандықтан оған өзгерістер қажет емес, яғни кабель ұзындығы қысқа болады және провайдердің толық қызметі қажет емес.
Асинхронды цифрлық абоненттік линиялар DSL озық технологиялар болып саналады. DSL (Digital Subscriber Line), белгіленуі: xDSL.
SDSL – симметриялық цифрлық абоненттік линиялар. Яғни екі бағыттағы жылдамдық бірдей болады.
HDSL – бұл технологияда екі жақтағы жылдамдық бірдей болады, және ол 1,544 Мбит\с тең. Бір кемшілігі: абоненттік линиялардың ұзындығы шектеулі және кабельдік жүйеге қойылатын талаптардың жоғарылылығы. Артықшылығы: өзгертулерге бейімді емес.
VDSL – аса жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін цифрлық абоненттік линиялар.Жылдамдығы 52 Мбит\с дейін болуы мүмкін. Бұл технологияда желіаралық құрылғылар пайдаланылады.
Ассиметриялы абоненттік линиялар ADSL цифрлық, беру жылдамдығы жоғары, ал кері беру жылдамдығы төмен болады. Интернеттен қабылдау жылдамыдығы 6,144 Мб/сек, беру 640 Кб/сек.