Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-ХБЕС Валютал баам згерісіні сері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.9 Кб
Скачать

Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу

44. 45-47-параграфтар шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері сол шетелдік қызметтің есеп беруші ұйымның қаржы есептілігіне шоғырландыру, пропорциялы шоғырландыру немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі арқылы қосуға болатындай болуы үшін ұсыну валютасына қайта есептеледі.

45. Шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін есеп беруші ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштеріне қосу шоғырландырудың топ ішіндегі есеп айырысулар және еншілес ұйымның топ ішіндегі операциялары бойынша қалдықтарды шығарып тастау сияқты қабылданған рәсімдеріне сәйкес орындалады (қараңыз: 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS және 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS). Алайда, топ ішіндегі ақша активі (немесе міндеттемесі), қысқа мерзімдісі де, ұзақ мерзімдісі де, топ ішіндегі тиісті міндеттемеге (немесе активке) қарсы валюталық бағам ауытқулары нәтижелерінің қаржы есептілігінде көрсетпестен шығарып тастауға болмайды. Мұның өзі бұл ақша бабының бір валютаны екіншісіне аудару ниеті болып табылатынының, ал валюта бағамдарының ауытқуы есебінен есеп беруші ұйымға пайда немесе залал келтіретінінің салдары болып табылады. Тиісінше, есеп беруші ұйымның қаржы есептілігінде ондай бағам айырмашылығы бұрынғысынша кірісте немесе шығыста мойындалады, не, егер ол 32-параграфта сипатталған жағдайлардан пайда болса, ол шетелдік капитал шығарылғанға дейін капитал ретінде жіктеледі.

46. Шетелдік қызметтің және есеп беруші ұйымның қаржы есептілігін әзірлеу күні үйлеспейтін болса, шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым көптеген жағдайларда есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дәл келетін күнге қосымша есептілік әзірлейді. Егер осылай істелмесе, 27 IAS басқа есепті күнді пайдалануға рұқсат етеді, бұл жағдайда есепті күнде арасындағы алшақтық үш айдан аспайтын және сол түрлі күндер аралығындағы кезеңде орын алған кез келген елеулі операциялар мен басқа да оқиғаларға түзетулер енгізілген болуы керек. Бұл жағдайда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ол есеп беретін күнде қолданылған бағам бойынша қайта есептеледі. Айырбастау бағамдарының елеулі өзгерулеріне түзетулер, 27 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес, есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дейін енгізіледі. Үлесті қатысуды есепке алу әдісі қолданылған кезде, сондай-ақ бірлескен қызметке пропорциялы шоғырландыруды қолданған кезде қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке 28-«Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар» IAS және 31 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес осындай әдіс қолданылады.

47. Шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болған кез келген іскерлік бедел және сол шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнына енгізілетін түзетулер оның активтері мен міндеттемелері ретінде есепке алынуға тиіс. Тиісінше, олар сол шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасында білдірілуге және 39, 42-параграфтарға сәйкес жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.

Шетелдік қызметтің шығарылуы

48. Шетелдік қызмет шығарылған кезде бағам айырмашылықтарының осы шетелдік қызметке қатысты капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған сомасы шығып қалудан келетін пайда немесе залал деп мойындалатын сол кезеңдегі кірісте немесе шығыста мойындалуға тиіс.

49. Ұйым шетелдік қызметтегі өз үлесін акционерлік капиталды сату, жою, өтеу немесе сол қызметтен түгелдей немесе ішінара бас тарту жолымен жүзеге асыра алады. Дивидендтер төлеу ол инвестицияларды қайтару болып табылатын жағдайда ғана, мысалы, дивиденд сатып алынғанға дейін алынған пайдадан төленетін кезде төленеді. Ішінара шығарылған жағдайда пайдаға немесе залалға тек жинақталған тиісті бағам айырмашылығының пропорциялы бөлігі ғана қосылады. Шетелдік қызметтің баланстық құнын есептен шығару ішінара шығарту болып табылмайды. Тиісінше, кейінге қалдырылған бағам пайдасының немесе залалының ешбір бөлігі есептен шығару сәтінде пайдада немесе залалда мойындауға жатпайды.

Кез келген бағам айырмашылықтарының салықтық салдарлары

50. Шетелдік валютамен операциялар және бағам айырмашылықтары бойынша ұйымның (соның ішінде шетелдік қызметтің) нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін басқа валютаға қайта есептеу кезінде пайда болатын пайда мен залалдың салыққа әсері болуы мүмкін. Сондай салық әсерлеріне байланысты мәселелер 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартымен реттеледі.

Ақпаратты ашу

51. 53 және 55-57-параграфтарда «қолданыстағы валютаға» сілтемелер, егер әңгіме топ жайында болса, бас ұйымның қолданыстағы валютасына қатысты.

52. Кәсіпорын мыналарды:

(а) пайдада немесе залалда мойындалған бағам айырмашылықтарының сомасын, 39 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ баға бойынша бағаланған қаржы құралдары бойынша пайда болғаннан басқаларын;

және

(b) капиталдың жеке компонентінде мойындалған таза бағам айырмашылықтарын және сол баға айырмашылықтары сомаларының кезең басында және аяғында салыстырып тексерулерді ашып көрсетуге міндетті.

53. Ұсыну валютасы қолданыстағы валютадан өзгеше болған кезде бұл факт, сондай-ақ қолданыстағы валютаның өзі, басқа ұсыну валютасы өзіне байланысты пайдаланылатын себеп көрсетілуге тиіс.

54. Не есеп беруші ұйымның, не елеулі шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасы ауыстырылған кезде бұл факт және қолданыстағы валютаны ауыстыру себебі ашып көрсетілуге тиіс.

55. Ұйым өзінің қаржы есептілігін өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада ұсынған кезде ол өзі ұсынатын қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына тек ол қолданылатын әрбір Стандарттың және қолданылатын әрбір Түсіндірменің, соның ішінде 39 және 42-параграфтарда белгіленген қайта есептеу әдісінің барлық талаптарына сәйкес келген кезде ғана сай келетінін көрсетуге міндетті.

56. Жекелеген жағдайларда ұйым өзінің қаржы есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасы болып табылмайтын валютада ұсынады, бірақ бұл жағдайда 55-параграфтың талаптарын орындамайды. Мысалы, ұйым басқа валютаға өзінің қаржы есептілігінің кейбір баптарын ғана ауыстыра алады. Немесе өзінің қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылмайтын ұйым өзінің қаржы есептілігін басқа валютаға барлық баптарды ең соңғы жабу бағамы бойынша қайта есептеу жолымен ауыстыра алады. Мұндай қайта есептеулер Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес келмейді, сондықтан ақпаратты 57-параграфқа сәйкес ашып көрсету талап етіледі.

57. Ұйым өзінің қаржы есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасынан немесе ұсыну валютасынан өзгеше валютада ұсынған, бұл жағдайда 55-параграфтың талаптарын орындамайтын кезде ол:

(а) мұндай ақпаратты қосымша, яғни Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес берілетін ақпаратқа қатысты емес ақпарат ретінде сәйкестендіруге;

(b) қосымша ақпарат берілетін валютаны ашып көрсетуге;

және

(с) өзінің қолданыстағы валютасын және қосымша ақпаратты анықтау үшін пайдаланылған қайта есептеу әдісін ашып көрсетуге міндетті.

ОСЫ СТАНДАРТ КҮШІНЕ ЕНЕТІН КҮН ЖӘНЕ ОҒАН КӨШУ

58. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандартың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдер жөнінде қолданатын болса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.

58A 2005 жылғы желтоқсанда шығарылған Шетелдік бөлімшеге таза инвестицияларға (IAS 21 түзетулері) 15A тармағы және түзетулері бар 33-тармақ қосылған. Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін түзетулерді ғана қолдануға тиіс.

59. Ұйым 47-параграфты перспективалы негізде осы Стандарт алғаш рет қолданылған есепті кезең басталғаннан кейін жүзеге асырылған барлық сатып алуларға қолдануға міндетті. 47-параграфты бұдан бұрынғы сатып алулар жөнінде ретроспективті қолдануға рұқсат етілген. Перспективалы негізде ескерілетін, бірақ осы Стандарт тұңғыш рет қолданылған күнге дейін орын алған шетелдік қызметті сатып алуға қатысты ұйым бұрынғы жылдар үшін қайта есептеу жасауға құқылы емес, сондықтан, тиісінше, орынды болған кезде, сондай сатып алу кезінде пайда болатын іскерлік бедел мен әділ құнға түзетулерді есепке алуда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ретінде көрсете алады. Тиісінше, іскерлік бедел мен әділ құнға ондай түзетулер не ұйымның қолданыстағы валютасында көрсетілген, не есептілікте сатып алу күнінде қолданылған айырбастау бағамын пайдалана көрсетілетін ақшалай емес валюталық баптар болып табылады.

60. Осы Стандартты қолданудың нәтижесінде пайда болатын барлық қалған өзгерістер 8-«Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателер» IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес есепке алынуға тиіс.

БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ

  1. Осы Стандарт 21-«Валюта бағамдарындағы өзгерістер әсерін есепке алу» IAS (1993 жылғы редакциядағы) Халықаралық стандартын ауыстырады.

62. Осы Стандарт мына түсіндірмелерді ауыстырады:

(а) SIC-11-«Валюта айырбасы – валютаның елеулі құнсыздануы нәтижесінде пайда болатын капиталдану»;

(b) SIC-19-«Есеп беретін валюта - 21 IAS және 29 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес бағалау және қаржы есептілігін ұсыну;

және

(с) 30-«Есеп беретін валюта - бағалау валютасынан есеп беру валютасына қайта есептеу» IAS.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.