
- •21 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Валюталық бағам өзгерісінің әсері
- •21 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Валюталық бағам өзгерісінің әсері
- •Шетелдік қызметке таза инвестиция
- •Келесі есепті күндерге есептілік
- •Қолданыстағы валютаны ауыстыру
- •Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу
- •Шетелдік қызметтің шығарылуы
Келесі есепті күндерге есептілік
23. Әрбір есепті күнде:
(а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта есептелуге тиіс;
(b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;
(с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.
24. Баптың баланс құны қолданылатын басқа Стандарттар ережелерін ескере анықталады. Мысалы, негізгі құралдарды 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша немесе тарихи құн бойынша бағалауға болады. Баланс құнының тарихи құн негізінде немесе әділ құн негізінде анықталатынына қарамастан, егер ол құн шетелдік валютамен анықталған болса, ол кейін осы Стандартқа сәйкес қолданыстағы валютаға қайта есептелуге тиіс.
25. Кейбір баптардың баланс құны екі немесе одан көп шамаларды салыстыру жолымен анықталады. Мысалы, қорлардың баланс құны 2-«Босалқылар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құнның және сатудың ықтимал таза құнының ең төмен шамасы болып табылады. Нақ осылайша, 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес, құнсыздану белгілері анықталған активтің баланс құны құнсызданудан келетін ықтимал залалдар және оның өтелетін сомасы есепке алынғанға дейін оның баланс құнының ең төмен шамасы болып табылады. Мұндай актив ақшалай емес актив болып табылатын және шетелдік валютада құнсызданатын кезде оның баланс құны:
(а) өзіндік құнды, не сол шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (яғни тарихи құн бойынша бағаланған баппен операция жасалған күнгі бағам бойынша) қайта есептелген баланс құнын;
және
(b) сатудың ықтимал таза құнын, не осы шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (мысалы, есепті күнгі жабу бағамы бойынша) қайта есептелген өтелетін соманы салыстыру жолымен анықталады.
Мұндай салыстыру нәтижесі мынадай болуы мүмкін: құнсызданудан келетін залал қолданыстағы валютада мойындалады, бірақ шетелдік валютада мойындалмайды, немесе керісінше.
26. Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы операцияның ақша ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға болатын бағам немесе, егер сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса, шот бойынша сальдо пайдаланылады. Егер екі валюта арасында айырбастау мүмкіндігі уақытша жоқ болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды жүзеге асыруға болатын кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.
Бағам айырмашылықтарын мойындау
27. 3-параграфта атап көрсетілгеніндей, 39 IAS-Халықаралық стандарты шетелдік валюталардағы баптарды хеджирлеудің есепке алынуына қолданылады. Хеджирлеудің есепке алынуын қолдану кейбір бағам айырмашылықтарын есепке алуды ұйымның осы Стандарт талаптарына сәйкес бағам айырмашылықтарын ескеруден басқаша есепке алуын талап етеді. Мәселен, 39 IAS ақша ағындарын хеджирлеудің құралы бола алатын ақшалай емес баптар бойынша баға айырмашылықтарының бастапқыда капиталда, хеджирлеу тиімді болатын жағдайда көрсетілуін талап етеді.
28. Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша баптарын есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы мойындау кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда олар пайда болатын кезеңде, 32-параграфта сипатталғаннан басқа жағдайларда, мойындалуға тиіс.
29. Ақша баптары шетелдік валютамен операциялар кезінде пайда болатын және операция жасалған күн мен есеп айырысу күні арасындағы кезеңде айырбастау бағамында өзгеріс болатын кезде бағам айырмашылығы пайда болады. Операция мен ол бойынша есеп бір есепке алу кезеңінде жүзеге асырылатын болса, бағам айырмашылығы сол кезеңде мойындалады. Алайда, операциялар бойынша есеп айырысу оны жүзеге асыру кезеңінен кейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болса, әрбір аралық кезеңде есептесу кезеңіне дейін мойындалатын бағам айырмашылығы айырбастау бағамдарының өзгеруімен анықталады.
30. Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал тікелей капиталда мойындалған кезде ондай пайданың немесе ондай залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлік тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Және, керісінше, ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал пайдада немесе залалда мойындалған болса, сол пайданың немесе сол залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлікті пайда немесе залал ретінде мойындалуға тиіс.
31. Басқа Стандарттар кейбір пайдалар мен залалдарды тікелей капиталда мойындауды талап етеді. Мәселен, 16 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес, негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде пайда болатын кейбір пайдалар мен залалдар міндетті түрде тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Ондай актив шетелдік валютада ескерілетін болса, осы Стандарттың 23(с)-параграфына сәйкес, қайта бағаланған құн сол құн анықталған күні қолданылған бағам бойынша қайта есептелуге тиіс, соның нәтижесінде баға айырмашылығы пайда болып, ол да капиталда мойындалады.
32. Есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының бір бөлігі болып табылатын ақша бабы болып табылатын бағам айырмашылықтары (қараңыз: 15-параграф) есеп беруші ұйымның жеке қаржы есептілігінде, не шетелдік қызметтің жеке қаржы есептілігінде нақты жағдайға байланысты пайдада немесе залалда мойындалуға тиіс. Шетелдік қызметті және есеп беруші ұйымды қамтитын қаржы есептілігінде (мысалы, шетелдік қызметті еншілес ұйым жүзеге асыратын шоғырландырылған қаржы есептілігінде) мұндай бағам айырмашылықтары бастапқыда капиталдың жеке құрамдас бөліктерінде, сондай-ақ 48-параграфқа сәйкес таза инвестиция шығарылғаннан кейін пайдада немесе залалда мойындалуға тиіс.
33. Ақша бабы есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының үлесі болып табылатын және есеп беруші ұйымның қолданыстағы валютасында деноминацияланған кезде шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйымның жеке қаржы есептілігінде 28-параграфқа сәйкес бағам айырмашылығы пайда болады. Нақ осылайша, егер мұндай бап шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйымның қолданыстағы валютасында деноминацияланған болса, онда, 28-параграфқа сәйкес, бағам айырмашылығы есеп беруші ұйымның жеке қаржы есептілігінде пайда болады. Мұндай бағам айырмашылықтары шетелдік қызметті де, есеп беруші ұйымды да қамтитын қаржы есептілігінде (яғни, шетелдік қызмет шоғырландырылған, пропорциялы шоғырландырылған немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана көрсетілген қаржы есептілігінде) капиталдың жеке құрамдас бөлігі болып қайта жіктеледі. Алайда, есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының үлесі болып табылатын ақша бабын есеп беруші ұйымның немесе шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада деноминациялауға болады. Ақша бабын есеп беруші ұйымның және шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасына қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары шетелдік қызметті және есеп беруші ұйымды қамтитын қаржы есептілігінде жеке құрамдас бөлігі болып қайта жіктелмейді (яғни, олар бұрынғысынша пайдада немесе залалда мойындалады).
34. Егер ұйым бухгалтерлік есепті және жазбаларды қолданыстағы валютадан өзгеше валютада жүргізетін болса, ол ұйым өзінің қаржы есептілігін әзірлеген кезде барлық сомалар 20-26-параграфтарға сәйкес сол қолданыстағы валютаға қайта есептеледі. Нәтижесінде осы баптар қолданыстағы валютада бастапқыда есепке алынған кезде қолданыстағы валютада пайда болатын сомалар пайда болады. Мысалы, ақша баптары жабу бағамы бойынша қолданыстағы валютаға қайта есептеледі, ал тарихи құн бойынша ескерілген ақшалай емес баптар оларды мойындаумен аяқталған операция жүзеге асырылған күндегі бағам бойынша қайта есептеледі.