Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-ХБЕС Валютал баам згерісіні сері.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.9 Кб
Скачать

Шетелдік қызметке таза инвестиция

  1. Ұйымда шетелдік қызметтен алынуға немесе оған төленуге тиісті ақша бабы болуы мүмкін. Көз жетер болашақта өзі бойынша есеп айырысу көзделмейтін бап, іс жүзінде, ұйымның сол шетелдік қызметке таза инвестициясының бір бөлігі болып табылады және есепте 32 және 33-параграфтарға сәйкес көрсетілуге тиіс. Мұндай ақша баптарына ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе қарыздар қосылуы мүмкін. Оларға негізгі қызметке байланысты дебиторлық немесе кредиторлық берешектер қосылмайды.

15A 15-тармақта сипатталған шетелдік бөлімшеден алынуға немесе оған төленуге тиіс монетарлық бабы бар ұйым топтың еншілес компаниясы болуы мүмкін. Мысалы, ұйымның екі A және B еншілес компаниялары бар. В еншілес компаниясы шетелдік бөлімше болып табылады. А еншілес компаниясы В еншілес компаниясына қарыз береді. А еншілес компаниясы В еншілес компаниясынан алатын қарыз, егер қарыз бойынша есеп жоспарланбаса немесе таяу болашақта орын алмайтыны ықтимал болса, В еншілес компаниясына ұйымның таза активтерінің бір бөлігі болар еді. Бұл сондай-ақ, егер А еншілес компаниясының өзі шетелдік бөлімше болса, рас болар еді.

Ақша баптары

16. Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма-қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және, керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі - валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын міндеттемелер.

ОСЫ СТАНДАРТТА ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ТӘСІЛДЕМЕНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

17. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, мейлі ол шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын - өзінің қолданыстағы валютасын 9-14-параграфтарға сәйкес белгілейді. Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20-37 және 50-параграфтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді.

18. Есеп беруші көптеген ұйымдар бірқатар жекелеген ұйымдардан құралады (мысалы, бас ұйым мен бір немесе бірнеше еншілес ұйымдардан құралған топ). Әр түрлі (соның ішінде топ құрамындағы) ұйымдарда қауымдастырылған ұйымдарға немесе бірлескен қызметке инвестициялар болуы мүмкін. Оларда сондай-ақ филиалдар болуы мүмкін. Есеп беруші ұйым құрамындағы әрбір жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерінің сол есеп беруші ұйым өзінің қаржы есептілігін беретін валютасына қайта есептелуі қажет. Осы Стандартқа сәйкес кез келген валютаны (немесе валюталарды) есеп беруші ұйымның ұсыну валютасы ретінде пайдалануға болады. Есеп беруші ұйым құрамындағы, қолданыстағы валютасы ұсыну валютасынан өзгеше кез келген жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеуге жатады.

19. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірлейтін ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері де 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеледі.

ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ВАЛЮТАМЕН КӨРСЕТУ

Бастапқы мойындау

20. Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде кәсіпорын:

(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;

(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын;

немесе

(c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.

21. Бастапқы мойындау кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс.

22. Операция жасалған күн – Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында көзделген мойындау өлшемдеріне сәйкестігі алғаш рет атап көрсетілген күн. Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас бағамы практикада жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай ішінде орташа бағамды сол кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған барлық операциялар үшін пайдалануға болады. Алайда, айырбастау бағамы елеулі ауытқитын жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз болады.