Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ғылыми ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
55.92 Кб
Скачать

1.3 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.

Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасындағы тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды.

Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

1) Құнның жай және кездейсоқ формасы.

2) Толық немесе жалпы формасы.

3) Жалпылама формасы.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатынасуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

- жалпыға тікелей айырбасталу;

- айырбас құнының дербес формасы;

- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша - кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда.

"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның кажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.