Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЖМФ 1-2 курс 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.39 Кб
Скачать

Сабақтың тақырыптық жоспары:

№№

Практикалық сабақтардың тақырыптары

Сағаттар саны

IІ семестр

ОСТЕОЛОГИЯ

1.

Халықаралық анатомиялық номенклатура Біліктер және жазықтықтар туралы түсінік. Қанқаға жалпы шолу. Тұлға сүйектерінің құрылысы: омыртқалар, қабырғалар мен төстің құрылысы.

3

2.

Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің құрылысы.

3

3.

Ми сауыты сүйектерінің және бет сүйектерінің құрылысы.

3

4.

Бассүйек топографиясы. Бассүйек және тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері.

3

СИНДЕСМОЛОГИЯ

5.

Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері.

3

6.

Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері

3

МИОЛОГИЯ

7.

Бас, мойын бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы, функциялары. Тұлға бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы және функциясы.

3

8.

Қол, аяқ бұлшықеттері мен шандырлары, олардың құрылысы, топографиясы, функция-лары.

3

9.

Рубеждік бақылау

3

БАСПЕН МОЙЫННЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ И ТОПОГРАФИЯСЫ

10.

Сопақша ми, ромб тәрізді шұңқыршақ, IV қарынша: құрылысы және функциясы. Ортаңғы ми, су құбыры: құрылысы және функциясы. Аралық ми, III қарынша: құрылысы және функциясы.

3

11.

Бастың милық бөлігінің топографиялық анатомиясы: маңдай-шеке-шүйде аймағы, самай және емізіктік аймақтары. Ми бөліктерінен жалпы шолу. Бассүйек нервтерінің ми негізіндегі топографиясы. Ми қабықтары. Соңғы ми: құрылысы және функциясы. Үлкен ми сыңарлары. Жамылғы, иіс сезу миы. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы ми дәнекері. Базалды ядролар. Бүйір қарыншалар.

3

12.

Бастың беттік бөлігінің топографиялық анатомиясы: көзұя, мұрын және ауыз аймақтары; ұрт және шықшыт, шайнау аймағы. Беттің майлы кеңістіктері. Ауыз қуысы. Тіл, таңдай, тістер, сілекей бездері: құрылысы, топографиясы, функциялары. Сыртқы мұрын, мұрын қуысы: құрылысы, топографиясы, қызметі. Мұрын маңындағы қойнаулар.

3

13.

Сезім ағзаларының анатомиясы мен топографиясы. Көру ағзасы. Көру (II), көз-қозғалтқыш (III), шығыршық (ІV), әкеткіш (VІ) нервтері. Көру анализаторының өткізгіш жолы.

Есту және тепе-теңдік ағзасы. Кіреберіс-ұлу нервісі(VIII). Есту және тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш жолдары. Иіс сезу және дәм сезу ағзалары, иіс сезу нервісі (I). Иіс сезу және дәм сезу анализаторының өткізгіш жолдары.

3

14.

Мойын: аймақтарға бөлінуі. Жұтқыншақ: құрылысы, топографиясы, қызметі. Көмей: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қалқанша және қалқанша жанындағы бездер: құрылысы, топографиясы, қызметі

3

БАСПЕН МОЙЫННЫҢ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ

15.

Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы және бұғанаасты артериялары: топографиясы, проекциясы тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырық, бұғанаасты веналары: топографиясы, құйылыстары. Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері.

3

16.

Үшкіл нерв (V жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Бет невісі (VII жұп), тіл-жұтқыншақ нервісі (ІХ жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Кезеген (Х жұп), қосымша (ХІ жұп) және тіласты (ХІІ жұп) нервілері: ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары.

3

17.

Жұлын: пішіні, топографиясы, құрылысы. Жұлын қабықтары. Жұлын нервтерінің түзілууі. Мойын өрімі: топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Баспен мойын ағзаларының вегетативтік нервтенуі.

3

18.

Рубеждік бақылау. Дифференциалды сынақ.

3

Барлығы ІІ семестрде: 54 сағат

III семестр

ҚОЛ, АЯҚ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ

1.

Қол аймақтары. Қол артериялары: қолтық, иық, шынтақ, кәріжілік артериялары. Олардың тармақтары, теріге проекциясы, қанмен жабдықтау аймағы. Қолдың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.

4

2.

Иық өрімі: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

3.

Аяқ аймақтары. Аяқ артериялары: топографиясы, терідегі проекциясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Аяқтың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.

4

4.

Бел және сегізкөз өрімдері: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

4

КӨКІРЕК ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ

5.

Көкірек қуысы қабырғаларының, қабырға аралықтарының, сүт безінің анатомиясы және топографиясы. Кеңірдек, бронхы, өкпе: құрылысы, қызметі, топографиясы. Өкпеқап: өкпеқап қуысы, өкпеқап қойнаулары.

Өңеш: құрылысы, қызметі, топографиясы.

4

6.

Жүрек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасының тармақтары тармақтары: иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериясы. Қолқаның көкірек бөлігі: париеталды және висцералды тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Үлкен қанайналым шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс вена, жұпсыз, жартылай жұпсыз веналарының: қалыптасуы, құйылыстары, топографиясы.

4

7.

Симаптикалық сабау, оның көкірек бөлігі. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінен шығатын нервтер. Көкірек қуысы ағзаларының вегетативтік нервтенуі.

4

8.

Көкірек қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары және түйіндері. Кеуде түтігі: қалыптасуы, топографиясы. Оң лимфа түтігі қалыптасуы, топографиясы. Көкірекаралық: жіктелуі, қабырғалары. Көкірекаралық ағзаларының топографиясы.

4

9.

Рубеждік бақылау.

ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ

10.

Іштің алдыңғы, бүйір және артқы қабырғасының анатомиясы. Асқазан: құрылысы, топографиясы, қызметі. Жіңішке және тоқ ішектер: құрылысы, қызметі топографиясы. Бауыр, өтқуық, ұйқы безі: пішіні, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өтқуық: құрылысы, қызметі.: құрылысы, қызметі. Көкбауыр: құрылысы, топографиясы, қызметі.

Ішастар және оның туындылары. Ішастар жолы. Ішастар қуысы.

4

11.

Құрсақ қолқасының анатомиясы және топографиясы: тақ тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары, анастомоздары. Құрсақ қолқасының анатомиясы және топографиясы: жұп висцералды және париеталды тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары, анастомоздары. Төменгі қуысты венаның жүйесі: қалыптасуы, топографиясы, құйылыстары. Қақпалық вена: оның құйылыстары, топографиясы. Кава-кавальді және порто-кавальді анастомоздар. Құрсақ қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары және түйіндері.

4

12.

Құрсақ қуысы қабырғасы мен ағзаларының нервтенуі. Бүйрек, несепағар: құрылысы, топографиясы, қызметі. Бүйрекүсті безі: құрылысы, топографиясы, қызметі.

4

ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ

13.

Несеп қуығы, несеп шығаратын өзек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Тік ішек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Ер адамның жыныс ағзалары (аталық без, ұрық жіпшесі, ұрық шығарғыш түтігі, ұрық көпіршіктері, қуықасты безі, куперов бездері, ұма, жыныс ағзасы) құрылысы, топографиясы, қызметі.

4

14.

Әйел адамның жыныс ағзалары (аналық без, жатыр, жатыр түтігі, қынап, сыртқы жыныс ағзалары): құрылысы, топографиясы, қызметі. Шатаралық: астау көкеттері, несеп-жыныс диафрагмасы; еркек пен әйелдің несеп-жыныс диафрагмасы құрылысының өзгешелігі.

4

15.

Жамбас астауы артериялары және веналары. Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары: топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Жамбас астауының веналары. Жамбас астауы қан тамырларының анастомоздары. Жамбас астауының лимфа тамырлары және түйіндері, жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларынан лимфаның ағу жолдары.

4

16.

Жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларының нервтенуі.

4

17.

Рубеждік бақылау.

4

18.

Қортынды кеңес беру.

Барлығы ІІІ семестрде: 72 сағат

Барлығы: 126 сағат