Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЖМФ 1-2 курс 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.39 Кб
Скачать

Пән мақсаты

Адам денесінің ағзаларының құрылысын, олардың жүйелерін, жыныстық, жастық, өзіндік ерекшеліктерін, бас, мойын ағзаларының анатомо-топографиясылық қарым-қатынастарын оқу, дәрігерлік практикада қолдану. Пән міндеттері:

  • Клиникалық ойлауды дамыту үшін жүйе және ағзалардың құрылысы және топографиясысы туралы білімнің маңызы жөнінде білу;

  • Адам денесінің қызметі және құрылысының байланыстары туралы ғылыми түсініктемені құру, әлеуметтік, қоршаған орта және еңбек факторларына байланысты өзгерістер туралы түсіндіру;

  • Стоматологиялық қарауды және бірінші медициналық көмекті атқару үшін бас, мойын ағзаларының орналасуын және проекциясын анықтау, білу;

  • Мәйіт, биологиялық материалдарға құрметті, қадірлі болу.

Пререквизиттер, постреквизиттер:

Пререквизиттербиология, Адам анатомиясы бойынша мектеп бағдарламасы;

Постреквезиттер – бас, мойын клиникалық анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, аурулардың алдын алу.

Пәннің мазмұны

Анатомия физиологямен бірге теориялық және практикалық медицинаның негізі, себебі адам денесінің құрылысы, пішіні бойынша тұрақты білімі – сау және науқасты организмнің өмірлік өзгерістерін түсінуге, аурудың себебін дұрыс табуға керекті, онсыз алдын алу шаралары және емдеу шаралары өткізілмейді.

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

№№

Дәрістердің тақырыбы

Сағаттар саны

1.

Анатомия пәні және оның міндеттері. Тіндер, ағзалар, жүйелер және аппараттарға жалпы сипаттама. Адам эмбриогенезінің алғашқы сатылары, адам организмінің дамуындағы негізгі кезеңдер. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектердің құрылысы және дамуы, олардың жіктелуі. Сүйек құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік биологиялық факторлардың әсері.

1

2.

Бассүйектің анатомиясы және топографиясы. Бассүйектің дамуы. Бассүйек құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері.

1

3.

Сүйек қосылыстары туралы түсінік. Сүйек қосылыстарының дамуы. Сүйек қосылыстарының түрлері.

1

4.

Жалпы миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттердің онтогенездегі дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосымша аппараттары.

1

5.

Нерв жүйесі туралы түсінік. Нерв жүйесінің ұйымдасу принциптері. Күрделі және қарапайым - рефлекторлық доғалар. Ми қыртысының қалыптасуы. Анализаторлар туралы түсінік.

1

6- 7.

Жұлын мен мидың өткізгіш жолдарының анатомиясы және топографиясы.

2

8.

Бассүйек нервтерінің функционалды анатомиясы.

1

9.

Вегетативті нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсінік.

1

10.

Ішкі ағзалар туралы ілімге (спланхнологияға) кіріспе. Ас қорту жүйесі ағзаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

1

11.

Тыныс алу жүйесі ағзаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

1

12.

Сезім ағзаларының функционалды анатомиясы.

1

13.

Ангиологияға кіріспе. Қантамырлардың құрылысының жалпы принциптері, тармақтануы, жіктелуі. Микроциркуляциялық арна. Коллатералды қанайналу.

1

14.

Жүректің функционалды анатомиясы, дамуы.

1

15.

Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы және дамуы, оның адам организмдегі маңызы. Лимфа жүйесінің негізі буындарының құрылысы.

1

16.

Эндокринді ағзалар аппаратының морфофункционалды мінездемесі, организмнің жүйелерінің және ағзаларының қызметтерін реттеудегі маңызы.

1

17.

Несеп жүйесі ағзаларының дамуы және құрылысының ерекшеліктері. Еркек пен әйелдің жыныс ағзаларының функционалды анатомиясы, дамуы.

1

18.

Иммуннды жүйенің морфофункционалды сипаттамасы, орталық және шеткі ағзалары.

1

1

Барлығы: 18 сағат