
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті анатомия КафедраСы Силлабус
- •Кафедра және оның оқытушылары туралы мәліметтер
- •Байланыс ақпараты
- •Пән саясаты
- •Пән мақсаты
- •Пререквизиттер, постреквизиттер:
- •Пәннің мазмұны
- •Сабақтың тақырыптық жоспары:
- •Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары (сөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жоспары жалпы медицина факультетіне арналған
- •Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жоспары жалпы медицина факультетіне арналған
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
- •Білім беру мен оқыту әдістері
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі
Пән саясаты
Пән саясаты – кафедраның студентке берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, студенттердің оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.
Білімалушылар міндетті:
Білімді, біліктілікті және тәжірибелік дағдыларды толық көлемде игеруге;
Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;
Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге;
Сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;
Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;
Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға, ОБСӨЖ сабақтарына міндетті түрде қатысуға;
Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға, ОБСӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;
Клиникалық кафедраларда санитарлық кітапшаларының СЭС рұқсатнамасының болуына;
Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға;
Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
Кафедра жұмысына белсенді қатысуға ( СҒБ үйірмесіндегі жұмыс, кафедраның шараларына және т.б.);
Ұялы телефондарды оқу, дәріс уақытында сөндіруге; ұялы телефондарды емтихандарға алуға тыйым салынады.
Дәрістерге қатысу міндетті болып саналады. Дәрістерге қатыспаған жағдайда материал дәріс конспектін дайындау және дәріскермен сұхбаттасу түрінде өтеді.
Кафедраларда және курстарда өтелудер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге – сенбі күндері, клиникаларда–түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.
Студент босатқан сабақтарының санын бағдарлама бойынша өтеуге;
Білімалушы сабақтарды және дәрістерді себепті босатқан жағдайда
(стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраны болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.
Сабақтар мен дәрістерді себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың көлемінде тегін қайта тапсырады, растайтын құжатпен деканаттан рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін;
Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Студент бір уақытта 2 сабақты (2 дәрісті ) өтеуіне болады.
Сабақтар мен дәрістерді себепсіз босатқан жағдайда білімалушы босатқан сағаттар көлемінде ақылы қайта тапсырады;
Төлемақы мөлшері жоо Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді. Студент бір уақытта 1 сабақты (1 дәрісті ) өтеуіне болады.
Босатқан сабақты өтегенде «қ/ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;
Себепсіз босатқан сабақты өтегенде студентке 3,33 дан жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.
Дәрістерде міндетті түрде қатысу. Дәрісті босатқан жағдайда оның материалы академикалық мерзімде дәрістің жазбаша түрі болуы және дәріс беретін адаммен сұхбаттасу түрінде өткізіледі ( сессия басталыуына дейінгі мерзімде ). Бір босатылған сабақ, не бір босатылған дәріс үшін деканаттан қатысуға рұқсат талап етілмейді, сабақ және дәріс міндетті түрде өтеледі. Өтелмеген сабақ, не дәріс болған жағдайда ( 1 сабақ, не 1 дәріс болған жағдайда да ) ПРБ балынан 0,5 алынып тасталады.
Цикл бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге егер жөнсіз себеппен 25 % және одан асқан сабақ босатқан жағдайда деканат рұқсат бермейді, студент пән бойынша сессияға рұқсат алмайды, бұл студент ақылы семестр өтуі қажет. Себеппен 25 % және одан асқан сабақ босатқан жағдайда студенттер барлық сабақтарды кафедра кестесі бойынша өтеуге тиіс.
Жөнсіз себеппен босатылған сабақтар төленуге тиіс, қай жағдай болса да, егер өтеу мерзімі өтіп кетсе де.
Оқу семестрде әр оқу пән бойынша босатылған және өтелмеген 25 % және одан асқан аудиторлық сабақ сағатының көлемін босатқан студенттерге өтеуге, емтихан/ дифф. зачет өткізуге рұқсат берілмейді және олар ақылы семестр өтуге тиіс. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады.
Егер, «Жалпы медицина » мамандық 4,5 курсының бір пәндер интеграциясы, не шектес пәннен студент « 0 » алса, ақылы семестрді берілген пән бойынша ғана өтеді. Пән бойынша жалпы ақылы семестрді өткеннен кейін ғана қорытынды баға қойылады.
Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және студент кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды.
Қорытында баға мына жағдайда есептеледі, егер білім беруші рұқсат алу рейтингісі бойынша, сонымен қатар қорытынды бақылау бойынша жақсы бағасы болған жағдайда. Мұндағы жақсы бағаға 50%дан 100% -ға дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз бағаға 0 ден 49% -ға дейінгі бағалар кіреді.
Пән бойынша зачет РРБ байланысты. РРБ 49% және төмендеу болса, зачет студентке қойылмайды және білімалушы ақылы семестр өтуге міндетті.
Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда студенттің РРБ төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.
Студенттер барлық зачеттерді оқу жоспарына сәйкес өткізуге міндетті. Зачет кітапшасына зачеттар оң жағына қойылады. МЖБС -2006 бойынша зачет кітапшаның оң жағына РРБ қойылады. Дифференциалдық зачет бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.
Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес қаралатын семестрдің барлық пәндері бойынша барлық зачеттарын тапсырған/ РРБ алған жағдайда, студенттер емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен ресімделеді, студенттің зачет кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.
Емтиханда не дифференциалдық сынақ кезінде білімалушының «шпаргалкалар» қолданылғаны байқалса, оған міндетті түрде «қанағаттанарлықсыз» қорытынды баға қойылады.
Адам анатомиясы кафедрасында қолданылатын мәйіттер ( сүйектер, жеке ағзалар) Семей өңірінің танылмаған не туыссыз адамдардың мәйіттері, ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің «Азаматтың денсаулығын қорғау туралы»заңның 35 бабына 6 бөліміне сәйкесті.
Сіздерге, жоғары медициналық оқу орнын студенттері болғандықтан, мәйіт арқылы анатомия бойынша білімді игеруге мүмкіншілік беріледі. Сіздер анатомия кафедрасында келесі ережелерді сақтау керексіздер:
1. Болашақтағы дәрігер студенттік кезінде анатомиялық препараттармен жұмыс істегенде, толық медициналық формасын кию керек: ақ халат, қалпақ, маска, қорғаныш көзілдірік (формальдегидтың концентрациясы жоғары болғандықтан). Формальдегид—нейротоксикалық және эмбриотоксикалық химиялық реагент. Линза кимеуге тырысыңыздар, себебі формальдегид линзаға әсер етіп, көздің мөлдір қабығының қабынуына әкелуі мүмкін. Формальдегид көзге тигенде, жедел сумен көзді жуу керек! Қысқа балақ киімді, ашық аяқ-киімді киюге рұқсат берілмейді. Тағамдарды, суды, телефондарды оқу бөлмеге әкелуге тыйым салынады. Фото-және видеобейне жасауға академияның меңгерушісі не кафедра меңгерушісі рұқсат беру керек.
2. Анатомиялық препараттарды (сүйек, жеке ағза), мүсіндерді, планшеттерді кафедрадан шығаруға болмайды. Осы ережені бұзғандар академиядан шығарылуы мүмкін.
3. Мәйітті, оның жеке бөлімдерін сабақтан не өзіндік жұмыстан кейін ылғалды матаға жинау тиісті. Препараттаудан кейін теріні, майлы не дәнекерлі ұлпаны, ағзалардың талшықтарын бөлек ыдысқа жинаңыздар. Қағаздарды, перчатканы, мәйіттің қалған үлесшелерімен бірге тыстауға тыйым салынады!!
5. Анатомиялық препаратпен жұмыс істеген соң қол жуу керек!!
6. Оқу орынның тазалығын сақтаңыздар!! Үстелді, инструменттерді жұмыстан кейін жууға ұмытпаңыздар.
7. Мәйіт бөліміне және оқу бөлмелерге бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады!!
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам организмнің пішіні мен құрылысы, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды. Жасқа байланысты анатомия болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің құрылыс ерекшеліктерін ескеруді мақсат етеді.
Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрады, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар медициналық білімнің негізін құрады. Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытумен бірге, адам организмінің тарихы қалыптасуын да зерттейді. Анатомия-1 пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрушы жүйелер, ағзалар және тіндерді білу макро-микроскопиялық анатомия, физиология, биология негізінде және жеке адамның, жынысттық, жастық ерекшеліктеріне сүйеніп, пренаталды дамуы мен анатомо-топографиялық арақатынасын меңгеруге бағытталады.