
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Силлабус (Syllabus) Пән: Қазақстан тарихы
- •2. Пәннің мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері
- •5. Реквизитке дейінгі:
- •6. Пәннің қысқаша мазмұны
- •7. Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •9. Ұсынылатын әдебиет:
- •10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:
G-041.07.01.32-2007 |
СИЛЛАБУСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЖМББС 2006
|
№02 тек |
Бет
|
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер КафедраСЫ
Силлабус (Syllabus) Пән: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: IK 1101
Мамандығы: 5 В130100 Жалпы медицина
Оқу сағатының/кредиттің көлемі: 135 сағат
Курсы І
Оқу семестрі ІІ
Семей 2012
Силлабусты әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Қазақстан тарихы типтік оқу бағдарламасының негізінде;
Авторлар: Базарбеков Ғ.Ж.., Катекеева Н.Д.
_______ _______________2010 кафедра отырысында талқыланды
№____Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________________ Сергазина Г.М.
Оқытушылар туралы мәліметтер:
1. Базарбеков Ғ.Ж. - Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «1854-1917 жж. Семей облысының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы».
2. Абенова Г.А. – т.ғ.к., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Динамик качества населения Восточного Казахстана во второй половине ХХ века сравнительно-исторический анализ».
3. Муздыбаева Т.А. - Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Болашақ дәрігерлерге экологиялық білім мен тәрбие беруді қалыптастыру (әлеуметтік-гуманитарлық пәндер негізінде)».
4. Катекеева Н.Д. - Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Қазақстанның солтүстік-шығысындағы орта қалалардың қалыптасу тарихы».
5. Джакипова Т.У. - Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының даму жылдары».
Байланыс ақпараты: №3 жатақхана. Ленина, 103, № 314 кабинет.
Сабақ өткізу орны: №307, №309, №311 (сабақ кестесі бойынша).
Деканаттың тел.: 56-28-84; оқу бөлімі 56-33-53
Электрондық мекен – жайы www. sgmu. kz.
Пән саясаты – кафедраның студентке берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, студенттердің оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.
Білімалушылар міндетті:
Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және компентенцияларды толық көлемде игеруге;
Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;
Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге;
Сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;
Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;
Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға, ОБСӨЖ сабақтарына міндетті түрде қатысуға;
Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға, ОБСӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;
Клиникалық кафедраларда санитарлық кітапшаларының СЭС рұқсатнамасының болуына;
Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға;
Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
Кафедра жұмысына белсенді қатысуға ( СҒБ үйірмесіндегі жұмыс, кафедраның шараларына және т.б.);
Ұялы телефондарды оқу, дәріс уақытында сөндіруге; ұялы телефондарды емтихандарға алуға тыйым салынады.
Дәрістерге қатысу міндетті болып саналады. Дәрістерге қатыспаған жағдайда материал дәріс конспектін дайындау және дәріскермен сұхбаттасу түрінде өтеді.
Кафедраларда және курстарда өтелудер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге – сенбі күндері, клиникаларда–түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.
Студент босатқан сабақтарының санын бағдарлама бойынша өтеуге;
Білімалушы сабақтарды және дәрістерді себепті босатқан жағдайда
(стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраны болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.
Сабақтар мен дәрістерді себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың көлемінде тегін қайта тапсырады, растайтын құжатпен деканаттан рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін;
Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Студент бір уақытта 2 сабақты (2 дәрісті ) өтеуіне болады.
Сабақтар мен дәрістерді себепсіз босатқан жағдайда білімалушы босатқан сағаттар көлемінде ақылы қайта тапсырады;
Төлемақы мөлшері жоо Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді. Студент бір уақытта 1 сабақты (1 дәрісті ) өтеуіне болады.
Босатқан сабақты өтегенде «қ/ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;
Себепсіз босатқан сабақты өтегенде студентке 3,33 дан жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.
Дәрістерде міндетті түрде қатысу. Дәрісті босатқан жағдайда оның материалы академикалық мерзімде дәрістің жазбаша түрі болуы және дәріс беретін адаммен сұхбаттасу түрінде өткізіледі ( сессия басталыуына дейінгі мерзімде ). Бір босатылған сабақ, не бір босатылған дәріс үшін деканаттан қатысуға рұқсат талап етілмейді, сабақ және дәріс міндетті түрде өтеледі. Өтелмеген сабақ, не дәріс болған жағдайда ( 1 сабақ, не 1 дәріс болған жағдайда да ) ПРБ балынан 0,5 алынып тасталады.
Цикл бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге егер жөнсіз себеппен 25 % және одан асқан сабақ босатқан жағдайда деканат рұқсат бермейді, студент пән бойынша сессияға рұқсат алмайды, бұл студент ақылы семестр өтуі қажет. Себеппен 25 % және одан асқан сабақ босатқан жағдайда студенттер барлық сабақтарды кафедра кестесі бойынша өтеуге тиіс.
Оқу семестрде әр оқу пән бойынша босатылған және өтелмеген 25 % және одан асқан аудиторлық сабақ сағатының көлемін босатқан студенттерге өтеуге, емтихан/ дифф. зачет өткізуге рұқсат берілмейді және олар ақылы семестр өтуге тиіс. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады.
Егер, «Жалпы медицина » мамандық 4,5 курсының бір пәндер интеграциясы, не шектес пәннен студент «0» алса, ақылы семестрді берілген пән бойынша ғана өтеді. Пән бойынша жалпы ақылы семестрді өткеннен кейін ғана қорытынды баға қойылады.
Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және студент кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды.
Қорытында баға мына жағдайда есептеледі, егер білім беруші рұқсат алу рейтингісі бойынша, сонымен қатар қорытынды бақылау бойынша жақсы бағасы болған жағдайда. Мұндағы жақсы бағаға 50%дан 100% -ға дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз бағаға 0 ден 49% -ға дейінгі бағалар кіреді.
Пән бойынша зачет РРБ байланысты. РРБ 49% және төмендеу болса, зачет студентке қойылмайды және білімалушы ақылы семестр өтуге міндетті.
Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда студенттің РРБ төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.
Студенттер барлық зачеттерді оқу жоспарына сәйкес өткізуге міндетті. Зачет кітапшасына зачеттар оң жағына қойылады. МЖБС -2006 бойынша зачет кітапшаның оң жағына РРБ қойылады. Дифференциалдық зачет бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.
Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес қаралатын семестрдің барлық пәндері бойынша барлық зачеттарын тапсырған/ РРБ алған жағдайда, студенттер емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен ресімделеді, студенттің зачет кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.
Емтиханда не дифференциалдық сынақ кезінде білімалушының «шпаргалкалар» қолданылғаны байқалса, оған міндетті түрде «қанағаттанарлықсыз» қорытынды баға қойылады.
Кеңестер кесте бойынша аптасына бір рет өтеді. Кестеге сай әрбір оқытушыға аптасына бір рет сабақтан тыс уақыт берілген.
№ |
Аты – жөні |
Қызметі |
Факуль тет |
Пән |
Ауд. |
Күні |
Уақыты |
1 |
Базарбеков Г.Ж |
Аға оқытушы |
ЖМФ, стом |
Қазақстан тарихы |
307 |
|
10.00-12.00 |
2 |
Муздыбаева Т.А. |
оқытушы |
ЖМФ |
Қазақстан тарихы |
307 |
|
10.00-12.00 |
3 |
Катекеева Н.Д. |
оқытушы |
ЖМФ, стом |
Қазақстан тарихы |
309 |
|
10.00-12.00 |
4 |
Джакипова Т.У. |
оқытушы |
ЖМФ |
Қазақстан тарихы |
311 |
|
10.00-12.00 |
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ағымдық және қорытынды бақылау оқу процесіндегі күнтізбелік кестеге сай құрылған.
Ағымдық бақылау 9-ші және 18-ші аптада өтеді.
1. Кіріспе
Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясындағы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейінгі тарихи заңдар мен заңдылықтарды анықтайтын тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, деректерді, үрдістерді жалпы түрде зерттейтін ғылым. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізгеннен кейін халықтың тарихи естеліктерін қайта жаңғырту, ұлттық сананы қалыптастыру өзекті болды.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы СММУ-нің тарихи емес мамандық студенттеріне арналған. Жұмыс бағдарламасы пәнді оқытуда басшылыққа алатын негізгі құжат.