Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Rim_kukygy (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
314.37 Кб
Скачать

12 Тақырып. Корпорациялық табыс салығы және жеке табыс салығы

Корпорациялық табыс салығы Қазақстан Республикасындағы резидент және резидент емес заңды тұлғалардың аталған мемлекет аумағында салық жылы ішінде тапқан таза табыстарынан (жиынтық жылдық табыстары мен одан жасалынған шегерімдер арасындағы айырмадан) алынатын тікелей салық ретінде көрініс табады.

Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалардың тапқан табыстарына төлем көзінде және олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қызметтерінен алған табыстарына, сондай-ақ резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы жұмыстары мен қызметтерінен алған табыстарына төлем көзінде салынатын тікелей салық болып табылады.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 - 5 (негізгі әдебиеттер тізімі бойынша)

Қосымша әдебиеттер: 6 – 27 (қосымша әдебиеттер тізімі бойынша)

13- тақырып. Қосылған құн салығы

Қосылған құн салығы заң жүзінде қажетті тауарларды өндіру, әр түрлі жұмыстарды орындау және тиісті қызметтерді көрсету, сондай-ақ оларды өткізу – тапсыру процесінде қосылған құнның заңда белгіленген бөлігін төлеуге міндетті Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған (немесе тұруға міндетті) тұлғалардан, яғни тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынуға тиіс, алайда рыноктық даму аясында көрініс табатын салық салмағын басқаға жүктеу принципіне байланысты тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алушы – тұтынушылардан (заңды немесе жеке тұлғалардан) әрбір сату процесінде алынатын жанама салық болып саналады.

Нарықтық дамыған елдерде және халықаралық салық салу практикасында қосылған құн салығын әмбебап акциз деп те атайды.

Акциздер заң жүзінде акциз төлеушілер ретінде белгіленген жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің мұнай өнімдерін өндіруден және сатудан, акцизделетін белгілі бір тауарлардың салмақ өлшемінен немесе физикалық көлемінен, спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерінен, қымбат бағалы мүліктерді, сирек кездесетін дәмді тағамдарды сатудан түскен пайдаларынан немесе олардың толығымен алғандағы құнынан алынуға тиіс, алайда іс жүзінде акциздер нақтылы тауарлардың бағасына қосылатындықтан оның толық құны салық салмағын көтеруші сатып алушыдан (тұтынушыдан) алынатын жанама салық түріне жатады.

Қазіргі уақытта көптеген елдерде акциздер жекелей жанама салық және фискальдық монопольдік (мемлекет тарапынан кейбір тауарлардың өндірісі немесе өткізілуі – сатылуы процестерінің монополизациялануына байланысты) салық болып бөлінеді.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 - 5 (негізгі әдебиеттер тізімі бойынша)

Қосымша әдебиеттер: 6 – 27 (қосымша әдебиеттер тізімі бойынша)

14 -тақырып. Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасындағы қызметтерін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместердің, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің, қызметтерінің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке нотариустер мен адвокаттардың нақтылы табыстар түрінде резидент және резидент емес қызметкерлеріне төленетін шығыстарына және заңда айқындалған шетелдік персоналдың табыстары мен отемді қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төленетін төлемдеріне салынатын салық түріне жатады.

Қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке нотариустер мен адвокаттардың өздерін қоса алғанда олардың қызметкерлерінің саны да әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 - 5 (негізгі әдебиеттер тізімі бойынша)

Қосымша әдебиеттер: 6 – 27 (қосымша әдебиеттер тізімі бойынша)

15 -тақырып. Жер салығы

Жер салығы жеке меншік құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында, сондай-ақ өтеусіз бастапқы уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар жеке және заңды тұлғалардың аталған жер (кейбір кездерде жер үлесіне) учаскелеріне, олардың бонитет балдары мен базалық салық ставкасын, басқа да экономикалық – салықтық көрсеткіштерін және заңда нақтылы көзделген өзге де мән – жайларды қатаң есепке ала отырып салынатын классикалық тікелей салық болып табылады.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 - 5 (негізгі әдебиеттер тізімі бойынша)

Қосымша әдебиеттер: 6 – 27 (қосымша әдебиеттер тізімі бойынша)