
- •1. Тақырып 1. Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
- •Әдебиет:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырып 2. Қр конституциялық құқығының негіздері.
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырып 3. Қр-ның құқық қорғау органдары және сот.
- •3. Дәріс тезисі:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырып 4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.
- •3. Дәріс тезисі:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 5. Қр Әкімшілік құқығының негіздері.
- •Дәріс тезисі:
- •Әдебиет:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 6. Қр азаматтық және отбасы құқығының негіздері.
- •Дәріс тезисі:
- •Әдебиет:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 7. Қр қаржы құқығы.
- •3. Дәріс тезисі:
- •Әдебиет:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырып 8. Қр еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету негіздері.
- •3. Дәріс тезисі:
- •5. Әдебиет:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырып 10. Қр қылмыстық құқығының негіздері.
- •3. Дәріс тезисі:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 11. Қазақстан Республикасының іс жүргізушілік құқығының негіздері.
- •3. Дәріс тезисі:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
5. Әдебиет:
Негізгі әдебиет тізімі:
Оспанов К.И. Құқық негіздері – Алматы: Жеті Жарғы 2006;
Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К, Турлаев А.В., Мемлекеттік негіз және жетілген Қазақстан құқығы. Оқу құралы - Астана: ИКФ «Фолиант», 2000ж.;
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2001ж.;
Турлаев А.В. Құқық негіздері. – Карағанды: Басылым АРКО, 2004ж.;
Сапаргалиев Г.С. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері.– Алматы: Жеті Жарғы, 1999ж.
Қосымша әдебиет тізімі:
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеуі /Казахстанская правда. 19 ақпан 2005ж.;
6. Бақылау сұрақтары:
-Конституциялық құқытың түсінігі;
-Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының түсінігі;
-Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері.
1. Тақырып 3. Қр-ның құқық қорғау органдары және сот.
2. Мақсаты: ҚР Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің түсінігін, қайнар көздерін, негізгі қағидаларын білу. ҚР Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің қызметінің ұйымдастырылуын білу.
3. Дәріс тезисі:
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының жүйесі. ҚР Конституциялық Кеңесі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі, маңызы және функциясы. ҚР Әділет Министрлігі және оның органдары; жүйесі, құрылымы, орны, мақсаты, міндеттері. ҚР Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы. Заңдылыққа жоғары қадағалау: түсінігі, жүзеге асыру нысандары, қызметінің қағидалары. ҚР Ішкі Істер Министрлігі: жүйесі, мақсаты және міндеттері. ҚР ІІМ органдарының қызметінің қағидалары. ҚР Қауіпсіздік Комитеті: органдарының жүйесі, мақсаттары және міндеттері. ҚР Президентін қорғау қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары. Адвокатура және нотариат. Олардың құқық қорғау қызметіндегі орны мен маңызы. Заңи көмек – түсінігі, түрлері. Басқа құқық қорғау органдары.
Бөліну функциялары құқық қорғау органдарының жүйесінің негізі ретінде. Құқық қорғау органдарының бағыныштылығының иерархиясы, олардың өзара әрекет етуінің негізі, мақсаттарының біртұтастығы, міндеттерді шешу құралдары және тәсілдері.
Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері. Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі және маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі: 1) аудандық және оған теңестірілген соттар; 2) облыстық және оған теңестірілген соттар; 3) ҚР Жоғарғы Соты; 4) мамандырылған соттар.
Соттардың ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын органдар.
ҚР Жоғарғы Соты – мемлекеттің жоғарғы сот органы ретінде. ҚР Жоғарғы Сот қарамаңындағы ғылыми кеңес беру советі және басылым органы.
Сот органдарының құрылымы: алқалар (азаматтық және қылмыстық істер бойынша қадағалау), соттың пленарлық мәжілісі.
Соттың қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары, соттардың кепілдіктері және тәуелсіздігі. Сот лауазымына кандидаттарды таңдау тәртібі.
ҚР Сот әділдігін жүзеге асыру – Қазақстан Республикасының соттарының негізгі функциясы ретінде.
Сот жүйесінің даму және жетілдірілу жолдары.
4. Көрнекі материал: презентация