Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМФ СЖ дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.94 Кб
Скачать

9. Бақылау:

- Ұлы Жібек жолы қашан пайда болды?

- IX-XII ғғ. саудаға тән?

- Жібек жолы арқылы оң терілері (бұлғын, мех), лен, тары және ара балы тасылған елдер?

- Б.з.д. VII-VIғ. қалыптасқан төрт стихияға – су, от, жер және ауаға тән көне иран тілі?

- Ұлы Жібек жолы арқылы Сирия, Иран мен Арабиядан қай дін таралды?

- Ұлы Жібек жолының VI-VII ғғ.ең гүлденген бөлігі?

- Ортағасырлық Жібек жолының маңызын атаңы

1. Тақырып №4, «Шыңғысхан. Ұлы Жаса».

2. Мақсаты: Шыңғысханның заңдар жинағына назар аудару.

3.Тапсырмалар: А) Шыңғысхан. Ұлы Жаса тақырыбына реферат жазу.

4. Орындалу формасы: Реферат жазу. Power Point форматында презентация жасау.

5. Орындау критерийлері:

А) Рефераттың жоспарын құрастыру:

1. Кіріспе - өзектілігін, мақсатын, тақырыпт ың тарихнамасын көрсету.

2. Негізгі бөлім – тақырыптың мазмұнын ашу.

3. Қорытынды – реферат жоспары бойынша қорытынды шығару.

- Қосымша әдебиеттерді пайдалану.

- Беттің көлемі 10 беттен аз болмау керек.

- Реферат тақырыбы бойынша материалдарды қайта қарау.

Б) Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 5 апта.

7. Бағалау критерийлері: СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерийлеріне сәйкес).

8. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005

2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы: «Алматыкітап», 2007

3. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2009

Қосымша әдебиеттер:

1. І.Есенберлин. Шыңғысхан - әлем сілкіндірушісі. Алматы, 2001

2. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. Алматы, «Жалын», 1992

9. Бақылау:

- Тэмуджиннің моңғол тайпаларының бірігуінің негізінде не жатты?

- Неге бай нойандар Тэмуджинді қолдады?

- Моңғолдар солтүстікте қандай елдердің жерлерін жаулап алды?

- Моңғолдар қытайды қалай жаулап алды?

- Моңғолдардың көрші мемлекеттерді тез жаулап алуының себебі неде?

- Шыңғысхан батысқа жорығына дейін Қазақстан жерін қалай бөлді?

- Моңғол мемлекетінің әкімшілік-территориалды құрылымы қалай құрылды?

- Шыңғысханның «Ұлы Жасағында» қандай әскери тәртіп көрсетілді?

- Шыңғысханның билігіне қоғамның қандай құқықтық нормалары әсер етті?

- Моңғолдарда мемлекеттік билік кімге тиесілі болды?

- Моңғолдар Европада қандай жерлерді жаулап алды?

- Моңғолдар орыс елімен қандай қарым-қатынас құрды?

- Моңғолдар жаулап алынған мемлекеттерде қандай басқару тәртібін орнатты?

- Неге Шыңғысханды XXғасырдың №1-адамы деп атайды?

- Көрші мемлекеттер Шыңғысханның құқықтық нормаларынан нені алды?

1. Тақырып №5, «Әмір Темір жорықтары».

2. Мақсаты: Әмір Темірдің жорықтарына тоқталу.

3.Тапсырмалар: Әмір Темір жорықтары тақырыбына реферат жазу.

4. Орындалу формасы: Реферат жазу. Power Point форматында презентация жасау.