Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.рек.СРС ОМФ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.14 Кб
Скачать

8. Әдебиеттер:

  1. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық. Алматы, 2009 ж.

  2. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, Жеті Жарғы, 2007 ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы, 2006 ж.

  4. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы, 2009 ж.

9. Бақылау сұрақтар:

  1. Конституциялық құқықтың реттеу пәніне не жатқызылады?

2. Қазақстанның 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларының басты айырмашылықтарын атаңыз?

3. Азаматтық және оны алу, тоқтату жолдары қандай?

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі қандай?

5. Үкіметтің конституциялық мәртебесі қандай?

1.Тақырып: №3 «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері».

2.Мақсат: ҚР Құқық қорғаy органдары мен сот жүйесінің түсінігін, қайнар көздерін, негізгі қағидаларын қарастыру. Сонымен қатар, ҚР Құқық қорғаy органдары мен сот жүйесінің қызметінің ұйымдастырылy жолдарын білу.

3.Тапсырмасы: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация жасау арқылы, өзекті мәселелерге кеңінен тоқтала отырып ашу.

4. Орындау формасы: презентация

5.Орындау критерийлері: презентацияны орындау барысында үшін тақырып бойынша әдебиеттерді өз бетімен оқып, талдау қажет. Тапсырманы орындау кезінде критерийлерге- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Слайдтар саны 15 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 4 апта.

7.Бақылау критериі:

Тапсырма 4 балдық жүйе бойынша бағаланады. Тапсырма уақытында, толықтай орындалуы керек. Power Point форматында презентация жасау

8. Әдебиеттер:

    1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. 2-бас., толықтырылған. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 304 бет.

    2. Өміржанов Е.Т. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы, 2010 ж.

    3. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары (оқу құралы). Астана, 2004 ж.

    4. Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2009. -144 б.