Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.рек.СЕМ.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдістері

  2. Қаржылық құқықтық нормалар жіне қаржылық қатынастар

  3. Бюджеттік құқық негіздері

  4. Салық құқығының негіздері

  5. Салықтардың және өзге де алымдардың түрлері

5. Сабақ беру және оқыту әдістері Сабақ дәстүрлі түрде және пікір талас ретінде өткізіледі. Тақырыптың әрбір қарастырылатын сұрақтары талқыланады, берілген уақыт ішінде топ студенттерімен толықтырулар жасалып отырады. Пікір талас «Бюджеттін құқық жағынан мөлшерін толықтай сақтауға болама?» жауап беру үшін екі топқа бөлініп өткізіледі. Осы кезінде студенттер бір - біріне, оқытушыға сұрақтар қоя алады.

5.Әдебиеттер:

  1. Өміржанов Е.Т. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы, 2010 ж.

  2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы, 2006 ж.

  3. Сапаргалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.- Астана: Фолиант, 2007.-336 б.

  4. ҚР Бюджет Кодексі 04.12.2008 ж.

  5. ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тyралы Кодексі 10.12.2008 ж.

  6. Химичев Н.И. Финансовое право. Москва, Юрист. 2004 г.

  7. Худяков А.И. Финансовое право. Алматы, 2001 г.

6. Бақылау:

Сұрақтар:

1. Қаржы құқығының реттеу пәнінің ерекшелігі неде?

2. Қаржылық құқықтық қатынас деген не?

3. Республикалық бюджет қалай қалыптастырылады?

4. Салықтардың түрлерін атаңыз?

5. Алымдар деген не?

1.Тақырып № 11: Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

2. Мақсат: студенттерге еңбек құқығы - азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруда, жалдамалы еңбекті пайдалану саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының белгілі бір жүйесін қамтитын құқық саласы ретінде мәлімет түсіндіре білу. Еңбек процесінің өзінің қоғамдық формасында міндеттеме пәніне айналатын қоғамдық қатынастарын ашып, еңбек құқығының пәнің не қамтиды деген сұраққа жауап беруі. Сонымен бірге әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының пәніне түсініктеме бере отырып, сонымен қатар, процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызмет түрлерін көрсету.

3. Оқыту міндеттері: еңбек құқығының негізгі шарттарын ескере отырып ерекше жағдалардағы құқықтарын ажырата білу. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының қағидаларын, негізгі ережелерін білу. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қатынастарының түрлерімен себептерін ашу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен әдісі, қағидалары мен жүйесі.

2. Еңбек шартының түсінігі және ерекшеліктері

3. Еңбек уақыты және демалыс уақыты

4. Еңбек даулары

5. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, пәні және қағидалары

6. Әлеуметтік қаматамасыз ету құқығының институттары

5. Сабақ беру және оқыту әдістері Топты үш кіші топтпарға бөліп «Еңбек шартының түсінігі және ерекшеліктері», «еңбек дауларының себептері», «әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі» тапсырмалар бойынша кесте құрып немесе презентация дайындауға 15 минуттай ауқыт беріледі. Содан кейін әр топқа бес минут қорғауға беріліп, ашылмаған сұрақтар бойынша басқа кіші топтардан 3 минут сайын бес тапсырма (сұрақ) алып, жауап беру керек. Ең көп жинаған ұпай топ ең жоғары балды алуға мүмкүндігі бар. Сонымен қатар, жеке жұмыс ретінде, «Әлеуметтік қаматамасыз ету құқығының институттары» сұрақ бойынша алдын ала реферат немесе презентация дайындап қорғауға болады. немесе, берілген терминологиялық сөздік толтырылып (глоссарий), қорғауға мүмкүндік беріледі.