
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7.Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Әдебиеттер:
- •6. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6.Әдебиеттер:
- •6. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6.Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Конституциялық құқықтың пәні мен әдістері
Конституцияның түсінігі және мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері, Қазақстан Республикасының контитуциялық құрылымы
Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы
Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері
5. Сабақ беру және оқыту әдістері
Жұмыс шағын топтарда жүргізіледі, олардың әрқайсысына тапсырма беріледі: студенттерге тақырып бойынша әртүрлі сұрақтар қойылады, сұрақтарға барлық топ мүшелері жауап береді. Қосымша тапмсырма ретінде «Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы» сұрақ бойынша алдын ала дайындалған презентация (видео-клип және т.б.) қорғауы. Сонымен қатар топ мүшелері тьюторға сұрақтар қоя алады.
6.Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана: Елорда, 2010. – 56 бет.
Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық. Алматы, 2009 ж.
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, Жеті Жарғы, 2007 ж.
Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы, 2006 ж.
Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы, 2009 ж.
7. Бақылау:
Сұрақтар:
1. Конституциялық құқықтың реттеу пәніне не жатқызылады?
2. Қазақстанның 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларының басты айырмашылықтарын атаңыз?
3. Азаматтық және оны алу, тоқтату жолдары қандай?
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі қандай?
5. Үкіметтің конституциялық мәртебесі қандай?
6. Қазақстанның сайлау жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз?
1.Тақырып № 3 : Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот.
2. Мақсат. Құқық қорғау қызметі дегеніміз - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің атынан оның арнаулы өкілетті органы жүзеге асыратын қызметтерімен танысуы. Сот төрелігі - соттың сот шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін заң талаптары мен онда белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін жүзеге асыру жүйесін анықтауы.
3. Оқыту міндеттері: құқық қорғау органдарының жүйесімен танысып нәтижесінде сот органдарының жұмыс істеу негізгі нысандарын анықтауы.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Әділет органдары
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сот төрешілерінің құқықтық мәртебесі
5. Сабақ беру және оқыту әдістері
Схемо-конспектермен жұмыс жүргізіп, глоссарий бойынша тексеру жұмысын өткізіп, соңғы екі сұрақ бойынша «эксперттер тобын» құрып бес-он минуттық қорғау, содан осы сұрақ бойынша әртүрлі сұрақтар қойылады, сұрақтарға «эксперттер тобы» толық жауап берүге тиіс. Сонымен қатар топ мүшелері тьюторға сұрақтар қоя алады.
6.Әдебиеттер:
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. 2-бас., толықтырылған. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 304 бет.
Өміржанов Е.Т. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы, 2010 ж.
Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары (оқу құралы). Астана, 2004 ж.
Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2009. -144 б.
7. Бақылау:
Сұрақтар:
Құқық қорғау органдары дегеніміз не?
ҚР Әділет министрлігінің басты міндеттері қандай?
Анықтама және жедел іздестіру органдарының қызметінің мәні неде?
Адвокаттық қызметті қалай түсінесіз?
ҚР құқық қорғау органдарының жүйесінің ерекшелігі неде?
Судья болу үшін қандай талаптар қойылады?
ҚР ішкі істер минимтрлігіне қандай құқық қорғау органдары жатады?
1.Тақырып № 4 : Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
2. Мақсат: Басқару адамдардың бірлесе, қоғамдаса тіршілік жасау ортасында пайда болады. Басқарудың басты мәні оның өзгеге әсер етуінен көрініс табады, басқарудың басты белгісі оның қоғамдық қатынастарға және адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына тікелей әсер етуі болып табылады. Басқару субъектісінің басқаруды жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттілігі (билігі) болады, яғни бағынушының жүріс-тұрысын өз еркіне бағындыра алатын қабілеті болады. Сонымен қатар, басқару субъектісінің қоғамды басқаруы үшін жоғарғы кәсіби біліктілігі мен білімі болуы тиіс екенің дәлелдеуі.
3. Оқыту міндеттері: Басқарудың ұйымдастырушылық, реттеушілік, үстемдік және жүйелілік сипаты болуы тиіс. Тек осы қасиеттері болған жағдайда ғана басқарудың қоғам үшін тиімді екенің дәлелдеуі.